Тұтынушы құқығы




Презентация қосу
Zh-A-S

Zhanayev Ayat
Sattarkhanulu

Тұтынушы құқығы

Қабылдаған: Қожамбек Дәулет Дайындаған: Жанаев Аят Саттарханұлы
Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы

22-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар, сот және төрелік өз
құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен
заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті
түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе
бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге
құқылы.
25-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат беру жөніндегі
міндеті

1. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде мыналарды:

1) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауын;

2) ұсынылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері мен ерекшеліктерін;

3) егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда және өзге де
құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін;

4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, азық-түліктің тағамдық,
биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ кейбір аурулар мен сырқаттану кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен оларды қолдануға болмайтындығы туралы мәліметтерді;

4-1) егер өнім Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес органикалық өнім болып табылса, оған жатқызу
туралы мәліметтерді;

5) тауардың құрамын, тамақ өнімдеріне қатысты – олардың құрамы, оның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және
азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың болуы және олардың мөлшері туралы мәліметтерді;
6) егер мұндай компоненттегі генетикалық түрлендірілген организмдер құрамы 0,9 және одан да көп процентті құрайтын болса,
тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген организмдерден тұратын немесе соларды қолдана отырып алынған
компоненттердің болуы туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Бұл ретте, оралған өнімдерде – заттаңбада, оралмаған өнімдерде –
өнім туралы нұсқамаларда "Осы өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар" деген сөздер жеке сөйлем
ретінде көрсетілуге тиіс;

7) дайындаушының тауарлық белгісін;

8) тауарды шығарған елді;

9) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) теңгемен құнын және сатып алу шарттарын;

10) кепілді мерзімнің болуын немесе болмауын;
11) егер бұл тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін дайындау жөніндегі ұсынымдарды;

12) тауардың дайындалған күні мен орнын, қызмет ету мерзімін және (немесе) жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау
мерзімін, егер тауарды сақтаудың талаптары тиісті тауарды сақтаудың әдеттегідей жағдайларынан ерекшеленетін не арнайы сақтау
талаптарын қажет ететін болса, оларды сақтау талаптарын көрсетуді, сондай-ақ, егер тауар көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін
тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса немесе мақсаты
бойынша пайдалануға жарамсыз болса, көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының қажетті іс-әрекеттері және мұндай
іс-әрекеттерді орындамаған кездегі ықтимал салдарлар туралы мәліметтерді;

13) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайын),
сатушы (дайындаушы) тұтынушыдан қойылған кінәларды қабылдауға уәкілеттік берген және тауарды жөндейтін әрі оған
техникалық қызмет көрсететін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жерін;
14) егер мұның жұмыс (көрсетілетін қызмет) сипатымен байланысты мәні болса, жұмысты орындайтын (қызмет
көрсететін) нақты тұлғаны көрсетуді және ол туралы ақпаратты;

15) музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде фонограммаларды,
дыбыс-бейне жазбаны пайдалануын көрсетуді;

16) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) массасының шамасын (нетто), көлемін, санын және (немесе)
жиынтықталымын;

17) тауардың мақсаты туралы және тиімді әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұтынушыға ұсынылуы міндетті болып табылатын не тұтынушы мен
сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасында жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
Егер тұтынушы иеленетін тауар пайдалануда болса немесе ондағы кемшілік жойылған болса, тұтынушыға ол жөнінде ақпарат
берілуге тиіс. Мұндай тауарды иеленген жағдайда кемшіліктің болуы туралы мәліметтер иелену фактісін растайтын құжатта
көрсетілуге тиіс.

2. Сатушы (дайындаушы) осы Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес айырбастауға немесе қайтарып беруге жатпайтын
тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын тауар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпарат тұтынушының назарына тауарға (жұмысқа, көрсетілетін
қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, затбелгілерде немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге тәсілмен қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі.

3-1. Тауарды электрондық сауда арқылы өткізу кезінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы, тауарды
(жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу құны мен шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы
мәліметтер, сондай-ақ оларды жекелеген аурулар кезінде қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен тұтынушының назарына ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар арқылы қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жеткізіледі
Сатушы электрондық сауда мақсатында пайдаланатын интернет-ресурста тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі
тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтер қамтылған интернет-ресурстарға сілтемелерді орналастыруға жол беріледі.

4. Дайындалған жерінен басқа жерде тұтыну ыдысына бөлшектеп салынған және оралған азық-түлік өнімдері мен басқа да
тауарларда осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, бөлшектеп салушы және ораушы (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда), сондай-ақ бөлшектеп салынған және оралған күні мен уақыты туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

5. Тауарды үлгі және (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде, сондай-ақ тауарды электрондық саудада өткізу кезінде
сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті.

6. Тұтынушыға сәйкестіктің тиісті сертификаттары немесе сәйкестік туралы декларация, оның ішінде сәйкестігі міндетті
расталуға жататын импорттық тауарға берілуге тиіс.

7. Бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі
Тұтынушы құқығын бірлестіктер арқылы құқығын
қорғауды қамтамасыз ету

42-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылар құқықтарын
қорғауы

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтініші, шағымы бойынша
құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды)
тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кінә
қоя отырып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды
жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері,
қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесіне орай сотта қарауға
жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік баж салынбайды.
3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу осы Заңға, Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың сауаттану құқығы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың сауаттану құқығы тиісті
талаптарды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру бағдарламаларына
енгізу арқылы, сондай-ақ тұтынушыларды олардың құқықтары және сол құқықтарды қорғау жөніндегі
қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Назарларыңызға рахмет
Жанаев Аят Саттарханұлы

Zh-A-S

Zhanayev Ayat Sattarkhanulu

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамның қызметі
Тауар саясаты түсінігі
Тауарлар туралы ақпарат
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Меншік құқықтары
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелер
Сақтандыру компаниясы
ЛОГИСТИКАЛЫҚ ДЕЛДАЛДАР
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
Менің таңдаған мамандығым
Пәндер