Инклюзивті білім берудің мазмұны



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Шетел тілі: екі шет тілі
Орындаған: Уәлиханова Г. Ө.
Қабылдаған: Қасымова Р. С.
Алматы, 2019
МӨЖ: №1
3. Инклюзивті білім берудің
мазмұны

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселелеріне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек «. . . . мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға көмек көрсетілуі тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» деген болатын. Аталған талаптар барлық қоғам алды және білім беру жүйесіндегі ұйымдарға үлкен талаптар қойып отырғаны анық.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдардан бастау алады, ал 90-жылдарға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі жаңа бағыттағы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан конференциясы жасалды.

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім берудің саясаттары:

«Инклюзивті білім беру» термині ағылшын тіліндегі «inclusion» деген терминге негізделген. Аудармасы «енгізу, қосу» дегенді білдіреді. Француз тлінен аударған «inclusif» тің аудармасы «құрамына кіреді», және латын тілінен «include» жасаймын, кіремін деп аударылады. Сөздіктерде инклюзивтік білім - бұл мүгедектер мен даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысында барлық адамдар үшін білімнің қолжетімділігін көздейтін жалпы білім беруді дамыту үрдісі.

Инклюзивті білім беру дегеніміз - жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы дамуында артта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімделу барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек, бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін өзгеріске ұшырататын тұжырымдама жасалынады. Жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап оқытуға және тәрбиелеуге дайын болуы қажет.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер:

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері :
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады;
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
Әрбір адам қатынасқа құқылы;
Барлық адам бір-біріне қажет;
Білім шынайы қатынас шеңберінде жүзеге асады;
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету, өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі жандардың жоғары білім алу құқығы саласындағы реттеуші заңнамалық негіздер:

Инклюзивті білім беру концепциясын жүзеге асыру барысындағы сұрақтар:

Мүгедектердің негізгі құқықтарын зерттейтін бүкіл әлемдік заңнамалық негіздер қағидалары :
Адам бойындағы әр адамға тән қадір-қасиетін, оның жеке дербестігін өз таңдауын жасауға және тәуелсіздігіне еркіндік беру қағидасы;
Қоғамға толық және тиімді қосу мен кіріктіру қағидасы;
Мүгедектерге тән ерекшеліктерді адамның алуан түрлілігі есебінде қабылдап, барлық адамдармен тең дәрежеде құрметпен қарау қағидасы;
Әрбір адамды білім алу құқығымен қамтамасыз ету қағидасы;

Дамуында мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында мемлекеттік құжаттарда түрлі жеңілдіктерді көздейтін кепілдіктер тізбесі:
Арнайы педагогикалық қатынасты қажет ететін кемтар балаларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген стандарттар деңгейінде олардың білім алуына кепілдік беретін қосымша қаражат беріледі.
Мемлекет балалардың білім алу кезеңінде әлеуметтік қорғауды қажет ететіндердің күтіп бағу шығынын толық немесе ішінара көтереді. Олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
І және ІІ топтағы мүгедектер бала кезінен мүгедектер бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткіштері басқалармен бірдей болған жағдайда, медициналық -әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында білім алуына болатын басым құқыққа ие болады.

ЖОО-ның дербес ұсынатын көп таралған жеңілдіктер:

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz