Жауап алу



Тергеу әрекеттері

Құқықта - заңмен белгіленген тәртіпте тергеуші, анықтау органы, прокурор, сот жүзеге асыратын дәлелдерді жинау мен тексеру бойынша әрекеттер.

Жауап алу
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәны, жәбiрленушiні, күдіктiні жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырады. Жауап алынатын адам өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып шақырылуы мүмкiн.
Күзетпен ұсталып отырған күдіктi жауап алуға күзетпен ұстау орнының әкiмшiлiгi арқылы шақырылады және жеткізіледі.
Он сегіз жасқа толмаған адам жауап алуға оның заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы орган арқылы не оның жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілігі арқылы шақырылады.
Әскери қызметші жауап алуға әскери бөлім қолбасшылығы арқылы шақырылады.

Жауап алудың түрлері

Беттестіру
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын жауап алынған екi адам арасында, егер олардың айғақтарында елеулi қайшылықтар болса, осы қайшылықтардың себептерін анықтау үшiн беттестіру жүргізуге құқылы.
Кодексте көзделген жағдайларда беттестiруге қорғаушы, педагог және (немесе) психолог, дәрiгер, аудармашы және жауап алынып отырған адамның заңды өкiлi қатыса алады.

Қарап тексеру
Қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерiн және өзге де материалдық объектiлердi табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және iс үшiн маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жердi, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетiнің барлық қатысушылары үшiн мiндеттi.

Куәландыру
Адам денесiндегi ерекше белгiлердi, қылмыстық құқық бұзушылық iздерiн, денсаулыққа келтiрілген зиянның белгiлерiн табу, мас болу жағдайын немесе iс үшiн маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгiлердi анықтау үшiн, егер бұл үшiн сараптама жүргiзу талап етiлмесе, күдіктiге, жәбiрленушiге, куәға, арыз иесіне және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамға куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландыру жүргiзу туралы қаулы шығарады, ол күдікті, айыпталушы үшін, сондай-ақ арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адам үшін міндетті болып табылады.
Куәландыруды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен жүргізеді.
Егер куәландыру адамның денесiн жалаңаштаумен ұштастырылатын болса, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе дәрiгер жүргiзедi.

Тінту және алу
Тiнту iс үшiн маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті табу мақсатында жүргiзiледi.
Тiнту жүргiзуге көрсетілген нәрселердің немесе құжаттардың белгiлi бiр үй-жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
Тiнту iздестiрiлiп жатқан адамды және адам мәйiтін табу үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.

Айғақтарды сол жерде тексеру

Тану
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын байқалған адаммен немесе объектiмен ұқсастықты немесе айырмашылықты анықтау мақсатында адамды немесе нәрсені тану үшiн куәға, жәбiрленушiге, күдіктiге көрсете алады. Тану үшiн мәйiт те көрсетiлуi мүмкiн
Танушы адамдардан тиiстi адамды немесе нәрсені қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады.
Танылуға тиiс адам танушы адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айқын айырмасы жоқ өзге адамдармен бiрге көрсетiледi. Тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуға тиіс. Бұл қағида адам мәйiтін тану үшін көрсетуге қолданылмайды.

Эксгумация
адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;
тану үшiн көрсету;
сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;
іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.
Эксгумация сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сот санкциялаған уәжді қаулысы негізінде жүргiзiледi. Эксгумацияның жүргізілетіні туралы қайтыс болған адамның туыстарының біреуі хабардар етіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz