Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі жауап алу, куәландыру, тану, тінту және эксгумация тәртіптері


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Қосымша жауап алу.

1) жауап алынған адам тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берген айғақтарын олардың жеткілікті түрде анық немесе толық болмауына қарай нақтылауға немесе толықтыруға ниет білдірген;

2) бұрын жауап алынған адамға іс үшін елеулі жаңа сұрақтар туындаған жағдайларда жүзеге асырылады

Slide 4

Қайта жауап алу.

1) бастапқы жауап алуды жүргізудің процестік нормалары елеулі түрде бұзылған;

2) жауап алынған адам бұрын берген айғақтарынан бас тартқан және жаңа айғақтар беруге ниет білдірген жағдайларда жүзеге асырылады

Slide 5 Slide 6

Қарап тексеру

Қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерiн және өзге де материалдық объектiлердi табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және iс үшiн маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жердi, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетiнің барлық қатысушылары үшiн мiндеттi.

Slide 7 Slide 8

Тану

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын байқалған адаммен немесе объектiмен ұқсастықты немесе айырмашылықты анықтау мақсатында адамды немесе нәрсені тану үшiн куәға, жәбiрленушiге, күдіктiге көрсете алады. Тану үшiн мәйiт те көрсетiлуi мүмкiн

Танушы адамдардан тиiстi адамды немесе нәрсені қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады.

Танылуға тиiс адам танушы адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айқын айырмасы жоқ өзге адамдармен бiрге көрсетiледi. Тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуға тиіс. Бұл қағида адам мәйiтін тану үшін көрсетуге қолданылмайды.

Slide 9

Тінту. Алу.

Тiнту iс үшiн маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті табу мақсатында жүргiзiледi.

Тiнту жүргiзуге көрсетілген нәрселердің немесе құжаттардың белгiлi бiр үй-жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.

Тiнту iздестiрiлiп жатқан адамды және адам мәйiтін табу үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.

Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.

Тінту және алу.

Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi. Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде оған маман және аудармашы тартылуы мүмкін.

Slide 10

Айғақтарды сол жерде тергеп тексеру.

Slide 11 Slide 12

Эксгумация

адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;

тану үшiн көрсету;

сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;

іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.

адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;

тану үшiн көрсету;

сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;

іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.


Ұқсас жұмыстар
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері: түрлері мен рәсімдері
Қылмыстық іс жүргізудің негізгі әрекеттері: күдіктіні тану, жауап алу, жасырын тергеу, тінту және сот сараптамасы
Тексеру, куәландыру және эксгумация кезінде іс жүргізу құжаттарын әзірлеу тәртібі мен әдістемесі
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы: себептері, арызды қабылдау және тіркеу тәртібі
Экономикалық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жалпы шарттары, нысандары және құзыреті
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы: себептері, арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібі
Прокуратура органдарының қызметі мен негізгі бағыттары: құқықтық қадағалау, сотқа дейінгі тергеу және арнайы бақылау
Өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу
Тұтынушылар құқықтарын қорғауды институционалдық күшейту және сотқа дейінгі реттеу: Қазақстанның ұлттық моделі мен заңнама жобасы
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу: іс қозғау себептері, тәртібі және прокурорлық қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz