Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі


Slide 1

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Slide 2

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.

1817 жылы АҚШ-та т. Галлоде негізін қалаушы глухихтердің бірінші институты (мектебі) ашылды. Сондай-ақ, жаппай мектептерде "күндізгі сыныптарда" дамуы бұзылған балаларды арнайы оқытуды ұйымдастыру бойынша әрекет жасалды. 1869 жылы Бостонда саңырау балаларға арналған алғашқы "күндізгі сыныптар" ашылды. 1878 жылы Кливленд қаласында мінез-құлқы бұзылған балаларға арналған осындай екі сынып ұйымдастырылды. Осыған байланысты Еуропа мен АҚШ елдерінде ақыл-есі кем балалар жалпыға бірдей бастауыш білім беру саласындағы мақсатты мемлекеттік саясат жүргізілмегенін атап өту қажет

Slide 3

XX ғ. аяғында көптеген дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамыту алдыңғы орында. Балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда.

Slide 4

Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-тың мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу».

Slide 5

«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. «Жалпы білім беру инициативасы»- дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. «Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.

Slide 6 Slide 7

Қазіргі кезде АҚШ-да 1990 жылы қабылданған Заң жүзеге асырылады, ол дамуында бұзылуы бар адамдарға білім беру Актісі деп аталады. Ол жалпы білім беру жүйесінде баланың мұқтаждықтарына сәйкес тегін оқытуға кепілдік береді. Ата-аналар мектептен баланың оқу мүмкіндіктері туралы қорытындыны талап етуге құқығы болады, онда баланың дамуында бұзылудың болуы немесе болмауы туралы негіздеме беріледі. Мектепке мүмкіндігі шектеулі балаларды айқындау міндеті жүктеледі. Заң тек арнайы білім алу емес, сонымен бірге қосымша қызмет түрлерін (көлік, логопедиялық сабақтар, психологтың көмегі, аудиологиялық зерттеу) алу құқығын береді. Заң бойынша әрбір балаға жазбаша қорытынды және жеке білім беру бағдарламасы құрастырылады, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепте міндетті оқыту, сонымен бірге оның минималды шектеулері бар ортаға енгізуді ұсынады. 2001 жылдан бастап білім беру саясаты АҚШ-ның федеральды деңгейінде «Ешбір бала заңнан тыс қалмайды» атты құжатпен реттеледі. Бұл заң 2014 жылға қарай 100 % оқушылардың үлгерімінің білім беру стандарттарына сәйкес болғанын талап етеді. Бұл жолда «бір жылда прогресс» көрсетпейтін мектептер жазаланады - мемлекеттік қаржыландырудан айырылады.

Slide 8

Осылайша, Ұлыбритания, Португалиядағы және АҚШ-ғы табысты тәжірибені қарастыра отырып, инклюзивті білім берудегі жетістікке жету үшін шарттарды айқындауға болады: - инклюзивті мектеп қауымдастығын құруға деген мотивация; - персонал мен оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды кедергілер ретінде емес, ресурстар ретінде қабылдау; - оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің ынтымақтастығы мен командалық рухы; - ілгері дамуды қолдау

Slide 9

Инклюзивті білім беру идеясын өмірде жүзеге асыру, сонымен бірге барлық оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беруге қабілетті педагогиканы дамыту - ең қиын міндет. Инклюзивті білім беруді табысты ендіруді қиындататын себептерге мыналар жатады: - жалпы және арнайы білім беру арасындағы байланыстың болмауы; - инклюзивті қауымдастықты құру үдерісіне қатысушылардың ортақ құндылықтары мен ортақ тілінің болмауы.

Slide 10

Әрбір мемлекетте әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді және халықтың ұлттық менталитетін есепке алатын өзіндің тәжірибесі болады. Алайда, бөгде тәжірибені нормативті-құқықтық база ретінде айқын көшіріп алуға болмайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту - жүзеге асыруда, бірізділікте, үздіксіздікте, сатылықта, ең бастысы - қоғамның толеранттылығында кешенді тұғырды талап ететін ұзақ мерзімді стратегия. Бұл мағынада философия және инклюзивті білім беру принциптері мектепте «басқаша» ашылатын, адамның игілігі оның қабілеттері мен жетістіктеріне қарай емес, әрбір баланың құқығы қанағаттандырылатын қауымдастықты құруға дайын әрбір мұғалімнің игілігіне айналуы тиіс.

Slide 11

Уайымға себеп/ диагноз

Сараптама бағаға өтініш жазу

Сараптама бағаның жоспары-15 күн

Ақпараттық келісім - 15 күн

Сараптама баға 60 күн

Жеке білімнің жоспарын құрайтын кездесу 60 күн ішінде

Қазіргі уақыттағы үлгерім деңгейі

Білім алу ортаның анықталуы

Реализация

ІЕР әр жыл сайын қарастырылады, немесе тек өтініш кезінде

Slide 12

туғаннан 22 жасқа дейінгі адамдар, 1. Аутизм 2. Кереңдік / құлақ мүкістігі 3. Саңырау-соқырлық 4. Есту қабілетінің бұзылуы 5. Ақыл-ой ауытқулары 6. Көптеген ауытқулар 7. Ортопедиялық зақымданулар 8. Басқа денсаулық мәселелері 9. Маңызды эмоционалдық бұзушылық 10. Арнайы оқымауы 11. Сөйлеу бұзылыстары 12. Бас сүйек-ми жарақаттары 13. Көрудің бұзылуы/ соқырлық

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру моделі
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
Шетелдегі инклюзивті білім беру
Канададағы инклюзивті білім
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар балаларды сипаттау
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz