Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау статистикасы


Slide 1

Кәмелетке

толмағандардың

қылмыстылығы

Орындаған: Темірқызы Ақмейір

Slide 2

Кәмелетке толмағандар- деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады

Ғылыми әдебиетте, кәмелетке толмағандардың жас санаттары жайлы пікірлер көп. Солай мысалға В. А. Еренков жасөспірімдік шақ мектептің 5-8 сыныптарына сәйкес келіп, олардың ішінде кіші жасөспірімдік жас (11-13 жас) және ересек жасөспірімдік жас (14-15 жас) деп көрсетеді. Краковский А. П аталғандарға қоса кіші бозбалалық шақты көрсетеді (16-18) жас. О. Е Сапарин олардың ішінде жасөспірімдік жас (13-16 жас), бозбалалық жас (17-21 жас) деп көрсетеді.

Бірақ, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандарға нақты анықтама берілген(ҚК 80 бабының 1 тармағы) . Сондықтан кәмелетке толмағандардың жасы осы нормаға сәйкес көрсетіледі.

Slide 3

Кәмелетке толмағандарға қойылатын жаза түрлері

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Айыппұл;

Түзеу жұмыстары;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Бас бостандығын шектеу;

Бас бостандығынан айыру.

Slide 4

ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы жағынан үлкен адамдардың ықпалы ескерiледі.

Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да және жеңілдететін ауырлататын мән-жайлармен жиынтықтар ескеріледі.

Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

Slide 5

Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн:

1) ескерту;

2) ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;

3) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;

4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу;

5) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;

6) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу;

7) пробациялық бақылау белгілеу.

Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпалы бар бiрнеше мәжбүрлеу шарасы бiр мезгiлде тағайындалуы мүмкiн.

Slide 6

Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдар, оларда жазаны өтеудің немесе орындаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған жағдайда:

1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң немесе мөлшерінің кемiнде төрттен бiрiн;

2) ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемiнде үштен бiрiн;

3) адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

4) адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің кемiнде үштен екiсiн іс жүзінде өтегеннен немесе орындағаннан кейiн шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады.

Slide 7

Бір апта ішінде(28. 11. 18-5. 12. 18) тіркелген кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтар диаграммасы

Slide 8

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау статистикасы

200 ден аса

100 ден аса

50 ден аса

Slide 9

Қазақстанда мас күйінде жасалған қылмыстардың жоғары деңгейі сақталуда - 60%. Есірткілік мас күйінде заңды бұзған кәмелетке толмағандар саны 50% - ға артты.

Дегенмен де, соңғы бес жылда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны 4, 5 есеге азайды.

Ресми статистика мәліметтері бойынша, соңғы бес жылда жасөспірімдер қылмысының деңгейі жалпы республика бойынша 26, 8% - ға төмендеді. Төмендеу Алматы 9%-ға (166-дан 151-ге дейін), Шығыс Қазақстан 25, 8% - ға (151-ден 112-ге дейін), Қостанай 6, 5% - ға (92-ден 86-ға дейін) және Батыс Қазақстан 10% - ға (70-тен 63-ке дейін) байқалады.

Slide 10

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықты ескеру бойынша судиялардың ерекше рөлі анық. Кәмелетке толмағандардың қылмысы туралы қылмыстық істердің соттарда қаралуы, сонымен қатар, балалардың құқықтары мен мүдделерін, қылмысты болдыратын жағдайлардың себептерін анықтау мен жою, нақты қылмыстық іс бойынша жеке белгілерді шығару соттың міндеті болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын ескерту мағынасын тек олардың тәрбиесін ата-анасы мен оның тәрбиесіне жауаптылар ғана емес, сондай-ақ сот талқылауына қатысушыларға да тәрбиелік әсерін тигізу.

Slide 11

1-ші себеп

2-ші себеп

3-себеп

4-ші себеп

ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы. Жеткілікті болғанның өзінде тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Қазіргі ата-аналардың тәрбиесі бұрынғымен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Нәтижесінде ата-аналар балаларына кері тәрбие береді, яғни атап айтатын болсақ көшеде келе жатып бір-бірімен соқтығысып қалған жағдайда, кешірім сұрап әрі қарай кете берудің орнына, олардың ата-аналары оларға тек өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп тәрбиелейді. Ал сол тәрбиені көріп өскен жас бала ертеңгі күні біреуге жамандық жасаса да өзінікін дұрыс деп санайды. Сол кезде ол жасы кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру өте тым кеш болады

қоғамдағы қылмыстың артуына нашақорлық пен алкоголизмнің салдары болып тұр. Әрине, ішкен адам өзінің жасаған әрекетіне, мінезіне жауап беруі өте қиын және ол мас күйінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін тіпті ойламайды. Сондықтан аталған мәселені шешпейтін болсақ, біз жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайту мүмкін емес

құқық қорғау органдарындағы заңсыздық мәселесі. Бір бала қылмыс жасаса және оны бәрі біледі. Ал осы кезде құқық қорғау органдары әлгі балаға жаза қолданудың орнына басқа заңдылыққа жатпайтын шараларды қолданып, көз жұмып отыра береді, ал бұл жағдай келесі балаға теріс әсер етеді. Осы оқиғаны көрген жастар жазадан құтылуға болады деген ойға келеді. Нәтижесінде жасөсіпірімдер арасында заңға сенімсіздік пайда болады

біздің қоғамдағы жастар өз уақыттарын бос және тиімсіз пайдаланады. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мемлекет тарапынан көп көңіл бөлсе, жасап жатқан жағдайы жеткіліксіз болғандықтан біздің жастар әртүрлі қылмысқа барып отыр. Мәселен, қандай ойын болмасын, тегін баратын жер жоқ, бәрі ақылы, аттап бассаң ақша, тек қана көшеде тегін жүруге болады. Қолы бос болғаннан кейін жастар ойына келгенін істейді. Сол себепті мемлекет тарапынан жастардың бос уақытын орынды пайдалануына мүмкіндіктерді молынан жасау керек

Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстардың саны өсіп бара жатыр. Олардың негізгі себептері:

Slide 12

Қазақстанда 19 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (КБО) жұмыс істейді. Бірінші жартыжылдықта 3700-ге жуық кәмелетке толмағандар қабылданды. Бағада отбасы қолдау қызметі жұмыс істейді, оның қызметі КБО тәрбиеленушілеріне консультациялық, психологиялық, анықтамалық-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстарды саралау бойынша практикум
Жаза тағайындау
ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАУ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының Криминологиялық сипаттамасы
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, БЕЛГІЛЕРІ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы
Әкімшілік жауапкершілік
Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz