Реподуктивтік және конструктивтік білім




Презентация қосу
Білім түрлері
Білім дегеніміз - адамзат тіршілігінің
барысында жинақталған әлеуметтік
тәжірибе: күнделікті тіршілікте,
ғылымда, саясатта, ара қатынаста,
өндірісте, қоршаған табиғи және
қоғамдық қатынаста тануда
Қазақстанда білім беру жүйесі үш
сатыдан тұрады:

1. Орта білім (мектеп)
2. Арнайы орта білім (колледж)
3. Жоғарғы білім (иститут, университет)
Реподуктивтік және конструктивтік
білім
Репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған
(берген) ақпаратын бәлсенді (пассив), ырықсыз
түрде қабылдау дегенді білдіреді. Мұндай білім
үйренушілердің мұқтаждары мен мүдделерін
ескермейді, олардың бұрынғы білімдерімен
байланыс орнатпайды. Үйренушілер бұл білімді
сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу
жұмыстарын атқармайды, оның қажеттілігі
туралы ойланбайды, тек сырттан берілген
ақпаратты механикалық түрде ғана есте сақтауға
тырысады.
Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай
білімнің қажеттілігі шамалы болады, өйткені
үйренушілер оларды өз өмірінде қалайша
қолданатындығын білмейді. Репродуктивтік білім
оқушының тұлғасына бағытталмай, оқу
жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен,
оны «бағдарламацентристік» оқыту деп атауға
тұрарлық.
Құрастырылған (конструктивтік) білім
іздену, тану және ой-толғау секілді
үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері
негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын
күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін
қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын
мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады,
оларды әрекеттер арқылы зерттейді.
Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің
үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және
әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік
түсінік құрастыруымен байланысты, яғни білім
үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары,
идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі,
сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары,
уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал
мұның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен
ойлану арқылы құрастырады, «жасайды». Мұндай
жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан
білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.
Конструктивтік білім «Үйренушілердің өздері
мағына мен түсінікті құрастыруда олардың белсенді
әрекеттері үйрену/үйрету процесінің негізі» деген
идеяны ұстанғандықтан, мұндай білім
үйренушіцентристік мазмұнда болады. Мұнда
басты назар үйренушінің қандай да бір ұжым
ішіндегі әрекеттеріне ауысады, өйткені мағына мен
түсінік тек әлеуметтік ортада және өзара әрекеттесу
нәтижесінде ғана қалыптасуы мүмкін.
Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың
айырмашылықтары
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
САЛУ ЕСЕПТЕРІ
Операция арасындағы қойма және аралық қойма
Салық жүйесінің қызметіне баға беру
Мұғалімнің құзыреттілігі
Операция арасындағы қойма және аралық қойма туралы ақпарат
Полиуретан үлгісін созуға сынау әдістемесі
Эмпирикалық зерттеу әдістері
Педагогтың кәсіби біліктілігі
Ғимарат және үймереттердің жағдайын техникалық бақылау жүйесінің мақсаты, құрамы
Әмбебап мұғалім
Пәндер