Кәсіби құзырлылықтың түрлері



Болонья процесінің негізгі идеялары

Жоспар:
1. Құзырлылық ұғымы. Кәсіби құзырлылықтың түрлері.
2. Оқу нәтижелері және оған қойылатын талаптар.
3. Құзырлылықтарды қалыптастырудағы әдістер
4. Нәтижеге бағытталудың мақсаттары мен міндеттері

Құзырлылық ұғымы.
Қазақстанда білімді 2005-2010 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көптеген мақсаттары Болонья келісімінің ортақ жоғары білім саласын құру, ұлттық жүйелерді жақындастыру және өзара мойындау идеяларымен сарындас және үндес.
Болонья процесі қолданысындағы басты тұжырымдамалық ұғымдардың бірі - білім игеру процесінің нәтижеге бағытталуы, нәтижені білім беру/алу жүйесінің негізгі қызметіне (функциясына) айналдыру. Білім алу процесінің нәтижесі дегеніміз сабақ, пән, бағдарлама, оқудың толық курсы аяқталғаннан кейін студенттің (жоғарғы оқу орны түлегінің) қандай білім, білік, дағды, машық иемденетіндігі, оның «не» жасай алатындығы, қолынан «не» келетіндігі.
Нәтижеге бағытталған білім игеру процесінің басты тұлғасы студент болып отырғандығы дау туғызбайтын мәселе: үйрену ғана ықтимал, яғни бұл процесс бұрынғы «оқытушыцентристік» оқытудан «студентцентристік» оқуға ауысуды меңзейді.
Білім игерудің нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру қазіргі күні аздық етеді, өйткені олар үйренушінің тек біліктілігін ғана айқындайды. Сол себепті де Болонья процесінде біліктілік (квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, құзырлылық білім игеру процесінің басты нәтижесі ретінде танылады.

Құзырлылық
Білім игеру процесін жоспарлаудан нәтижені айқындауға қарай ойыстырады, негізгі әрекет тұлғасы оқытушы деп есептелетін «оқытудан» («үйретуден») басты қозғаушы күш студент болатын «оқуға» («үйренуге») ауыстырады, салмақты «білім беруден» «білім алуға» түсіреді. Құзырлылық бүкіл білім жүйесін өз білімінің ауқымын, оны игерудің әдістері мен тәсілдерін өзіндік тұрғыдан айқындайтын, қоғам алдындағы өз біліміне деген жауапкершілікті терең түсінетін студентке бағытталуды талап етеді. Құзырлылық идеясы бойынша студент білімді өздігімен игеруі керек.
Құзырлылық дегеніміз-маманның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы. Бұл ұғым тек танымдық және әрекеттік-технологиялық түсініктерді білдірмей, сонымен бірге мотивациялық, әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді меңзейді.
Маманның кәсіби қызметті атқаруға дайындығын көрсететін күрделі қасиеттерінің (өмірлік тәжірибесі, теориялық білімдері, практикалық біліктері мен дағдылары, тұлғалық ерекшеліктері) көрсеткіші.
Кәсіби құзырлылық

Кәсіби құзырлылықтың түрлері.
Арнайы - жеткілікті деңгейде кәсіби қызметті меңгеру, өзінің болашақтағы кәсіби дамуын жоспарлау қабілеті;
Әлеуметтік - бірлескен кәсіби қызмет пен өзара әрекеттесуді, кәсіп саласында қабылданған қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті сезіну;
Тұлғалық - өзін-өзі дамыту және өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдерін меңгеру;
Жеке - кәсіп аумағында өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдері мен өзінің дербестігін дамытатын тәсілдерді меңгеру, кәсіби тұрғыдан өсіп-дамуға деген дайындығы.

Оқу нәтижелері
Студенттердің оқу аяғында әртүрлі деңгейлерде (модульдік, институционалдық) қандай құзырлылықтарды меңгеретіндігін анықтап, көрсету:
- не білетіндігін және не жасай білетіндігін,
- қандай да бір бірліктермен өлшеуге келетін жетістіктерін. Бүгінде жоғарғы оқудың реформасы білім нәтижелерін жоғары оқу орнының негізгі қызметіне (функциясына) айналдырып, нәтижені оның іс-әрекетінің аяққы нысанасы ретінде таниды. Сол себепті де жоғары оқу орны келесі мәселелерді жаңа тұрғыдан анықтап, соған орай өз қызметін де өзгертуі керек:
- «нені», «кімге», «қалай», «қашан», «не үшін» оқыту;
- «нені», «кімді», «қалай», «қашан», «не үшін» бағалау.
Білім нәтижелері оқыту, оқу, бағалаумен тығыз байланысты болғандықтан, әрбір жоғары оқу орны келесі мәселелерді жан-жақты анықтап алуы керек:
- жоспарлау,
- оқу/оқыту әдістемесі,
- бағалау мен оқу сапасын қамтамасыздандыру.

Бағалау мен оқу сапасын қамтамасыздандыру
Пән ерекшеліктеріне сәйкес құзырлылықтар (яғни, пән аумағындағы білім мен дағдылар тұрғысынан) .
Әмбебап құзырлылықтар (барлық пәндерге қатысы бар білік пен дағдылар: сөйлеу, жазу, проблема шеше білу, ақпараттық технологияларды қолдана білу, бірлесе жұмыс жасау дағдылары, т. б. ) .
Стандарттар, жоспарлар мен бағдарламаларда студенттердің құзырлылығы келесідей деңгейлерде көрсетілуі керек:
Әртүрлі деңгейлерде (модульдік, пәндік, семестрлік, курстық, толық оқу курсы, институционалдық) сапаны қамтамасыздандыратын стандарттарды, процедуралар мен механизмдерді айқындап, қолдану.

Оқу нәтижелеріне қойылатын талаптар:
пән немесе бағдарлама (оқудың толық курсы) тұрғысынан студентке (түлекке) қойылатын талаптар (стандарттар) мен күтілетін нәтижелерді көрсетуі керек;
студенттің оқуды аяқтағаннан кейінгі нақты айқындалған (бақылауға боларлық және өлшеуге мүмкін) білімдерін, біліктерін, дағдыларын, түсінігін, оның алған білімдерді қолдана білуін, оларды талдай білуін, олардың негізінде жаңа білім құрастыруын, оларды бағалауын (Блум таксономиясы бойынша) көрсетуі қажет.

Құзырлылықтарды қалыптастырудағы әдістер
Қазіргі күні білімнің даму қағидалары біліктіліктен құзырлылыққа көшуді талап етуде. Құзырлылық ұстанымы білім жүйесінің мазмұнынын маман дайындаудың тар шеңберінде қалдырмай, оны кең көлемді дүниетанымдық, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық, моральдік-этикалық, кәсіби ауқымда қарастырады. Болонья процесінің аумағында 2004 жылы құрылған TUNING жобасы «құзырлылық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады:
«білім және түсінік»
«қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі
«қалайша өмір сүру керек» білімі
Білім игеру процесінің аяққы нәтижесі ретінде құзырлылық парасаттық қабілеттерді дамытуға бағытталады. Ал, ол қабілеттер өз кезегінде білім алушыларға техникалық, экономикалық және мәдени өзгерістерді саналы түрде түйсініп, әлеумет ішінде жұмыс жасай білу, бастамашылдық пен жауапкершілік, шығармашылық пен конструктивтік көзқарас, икемділік пен бейімшілдік сияқты қасиеттерді дамыту мүмкіншілігін береді. Құзырлылық студентті өзін-өзі ұйымдастыру, басқару, бағалау, қадағалау, түзету әрекеттеріне ниеттейді, оны масылдық пен бәлсенділіктен арылтып, белсенді және өмірінің қалайша өтетіндігіне деген жауапкершілікті толық өз мойнына артуға бағыттайды.

«Құзырлылық» ұғымы келесідей ұстанымдарды жүзеге асыруды меңзейді:
оқудың мазмұнын, оны жоспарлау қағидаларын қайта қарау;
оқудың «мазмұн - білім - пән» аумағындағы парадигмасынан бас тартып, гуманистік қағидалар тұрғысынан өмір сүруді үйрену.
интербелсенді әдістерді қолдану;
жоғары оқу орнының «өмір стилін» өзгертіп, оны динамика мен қызыққа толы процеске айналдыру;
оқытушылар мен студенттердің арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуге негіздеу.
Құзырлылықтар оқу процесінде келесі әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

Құзырлылықтарды қалыптастыруда келесідей әдістерді оқу процесінде қолданудың маңызы зор:
Бірлескен интербелсенді әрекеттер.
Рөлдік және іскерлік ойындар.
Кейс-стади.
Презентациялар, тренингтер.
Кері байланыс, пікірталастар.

«Білім игеру - өмір бойғы үздіксіз процесс» деген ұстанымды қалыптастыру.
Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:
Үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;
Оқу/оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;
Оқу/оқытуды бағалау.

Сапа - білім жүйесінің негізгі мақсаты.
Ол студенттердің үйрену процесінде қомақты нәтижелерге қол жеткізуіне пән, оқытушы (іс-әрекеттер, әдістеме арқылы) және жоғарғы оқу орны қалайша көмектесетіндігін көрсетеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz