Будда дінінің пайда болу тарихы


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Буддизм

Slide 2

ЖОСПАР:

1. Будда дінінің пайда болу тарихы.

2. Будда дінінің уағыздары мен культы.

3. Будда дінінің ағымдары.

4. Будда дінінің әлемге таралу тарихы.

Slide 3

Будда діні ең көне дүниежүзілік дін. Оның қалыптасқан кезі б. з. д. VI ғасыр - б. з. VIII ғасыр аралығы. Осындай ұзақ уақытта әрине будда діні бір қалпында қалған жоқ. Әртүрлі ортаның экономикалық және рухани ерекшелігімен байланысып будда діні көптеген өзгерістерге ұшырап отырды.

Slide 4

Үнді елінің ертедегі діні тотемизмнен, табиғаттағы заттарды "киелі" деп қарайтын және ата-баба дін жораларынан басталады. Үнділердің діни жинағы веда кітабы. Ол кітап құрастырылған заманда /б. з. д. X-V ғ. / үнділер күнге /сурия/ сиынатын. Аспанды /веруна/, отты /агни/, күннің күркіреуін /индра/ құдай деп білетін.

Slide 5

Қоғам тапқа бөлінбеген, мемлекет әлі шықпаған кездегі табиғатқа сиыну және ата-баба жоралары таптық қоғам мен мемлекет құрылған кезде жаңа діни нанымдармен алмасады. Бұл нанымдардың мақсаты таптық қоғамдық құрылысты негіздеу еді. Ертедегі табиғат түріндегі құдайлар біртіндеп мемлекеттік құдайға айналады. Орталықтанған ірі мемлекеттің кұрылуына байланысты бір құдайға табыну түсінігі пайда болды. Жердегі біртұтас патшаға көкте де бір тұтас құдай болуы тиіс. Сол бір құдайды дүниені де адамды да жаратқан Брахма деп атады.

Ал құдайға жырмен мақтау айтқан, оларды мадақтаған адамдарды брахман деп атады. Бұл кезде Үнді елінде 4 варнаға бөліну кездесетін. Ең жоғарғы варнаға брахмандар /абыздар/ жататын. Бұлардан кейін кшатрийлер /әскери қолбасшылар/ сосын вайшьи /егін шаруашылығымен айналысатындар/ ең төменгі варна шудра деп аталатын. Бұлардан басқа ешбір варнаға енбейтін де адамдар тобы болды.

Slide 6

Будда діні - б. з. б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өзенінің бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.

Slide 7

Буддизм Суддхонаның баласы СиддхартхА Гаутаманың ілімінен (б. д. д. 563-483 жж. ) таралған дін деп есептеледі.

Slide 8

Будда ақиқаттары көптеген ғасырлар бойы ауызша айтылып отырады, тек қана біздің з. д. және б. з. аралығында Цейлонда алғашқы рет 29 томдық /10 мың бетке жуық/ кітапқа жазылады. Ол кітапты "трипитака" /үш кәрзеңке ілім/ деп атайды. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Виная - питака, Сутта - питака, және Абхитхамма - питака. Егер бірінші екеуінде будда дінінің табыну салты туралы басты талаптары баяндалса, үшіншісінде буддизмнің дүниетану принципі әңгіме етіледі. Будда діні бойынша, қабылданатын дүние адам жасайтын елестеулердің жиынтығы ғана.

Slide 9

Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегушілік», ол төрт игілікті ақиқаттан тұрады:

Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады.

Екінші акиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен құмарлығына байланысты болды.

Slide 10

Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары - құмарлықтан құтылу.

Төртінші акиқат, тілектер мен құмарлықты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек.

Slide 11

Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей дұрыс талаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-катынаста болу, өзін-өзі ұстау. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету.

Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз. Соған жеткен адам қайта туудан қуылып, азап шегушілік тоқталады. Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады:

түзу көзқарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін-өзі ұстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.

Slide 12

Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үлкен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң тақуалық тәртіп жолында медитация әрекеті мен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды.

Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әрі қарай тақуалық (мұғалім-монах) жұмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) деген қауым құрды. Ол орден халықтардың садақалық, қайырымдылық көрсетудің арқасында өмір сүрді.

Slide 13

Сангха болса, Будда ілімін (Дхарма) халықтарға жеткізу үшін жұмыс істеді. Алғашқы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б. з. д. 300 ж. Сангхи бір қалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлініп шығып, айрықша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әр түрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна (кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме) . Хинаяна Тхеравада (ескі өсиеттік жол) көзқарасын дамытты. Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастықпен дамыды.

Slide 14

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады. Бұл ағымдар:

Үнді-буддизмі - Тхеравада, немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі.

Дао-буддизмі - махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.

Тантрикалық буддизм - ваджраяна немесе орта азиялық буддизм.

Slide 15

1. Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Ұстаздың бейнесін жай қҰрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жҰмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдің рольдері биік болды. Осыған байланысты Тхеравада ағымы немесе хинАяна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ.

Slide 16

2. Махаяна ағымы (үлкен күЙме, Ұлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін саҚтау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бұл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды.

Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі. Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шыңдығына жетуге болады дейді. Дзен - буддизмнің иррационализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғҰрпы, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Будда дінінің пайда болуы
Католиктік шіркеу
ШЫҒЫС ӘЛЕМДІК ДІНДЕР
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін
Көне тарихи мұралар - болашаққа бастар жол
Дін-тәрбие бастауы
Орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі діни идеология
БУДДА ДІНІ
Дін – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және оның халықтың ұлттық сана - сезімін қалыптастырудағы рөлі
Діни архитектура
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz