Зевстің екінші әйелі
Презентация қосу
ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ
ПОЛИТЕИСТІК ДІНДЕР
Жоспар
Политеизм
Ежелгі Грек
Ежелгі Рим
Ежелгі Қосөзен
Көне Египет
Политеизм
Политеизм дегеніміз — көп құдайдың барлығына
негізделетін діни жүйе. Ғалымдар политеизмді діни
өмірдің ең көне формаларының бірі деп қарастырса,
ислам және христиан дінінің өкілдері оларды пұтқа
табынушылар деп санайды.
Политеистік сенімдерде көбіне құдайлар адамдарға тән
бейнелермен суреттеліп жатады. Олардың өздеріне тән
мінезі болып, жеке қызығушылықтары болып, өзге
құдайлармен және адамдармен қарым-қатынасқа түсе
алады.
Түрлі табиғи құбылыстарға жан беру, әруақтар мен жын-перілерге
сену, кейбір ғажайып құдайылық күшке ие заттарға сену және
ардақтау сияқты көріністер политеистік діндердің көне
формаларына тән.
Дамыған политеистік жүйелерде құдайлардың өз пантеондары
болып, әрқайсысының өзіндік ерекше қызметтері болады. Мұндай
күрделі иерархиялық жүйеде құдайлардың бірі көптеу билікке, ал
екіншілері аздау билікке ие. Политеизмде әрбір құдайдың өзіндік
бір бейнесі болады. Антикалық мифологияларда құдайлар мәңгі
өмір сүретін келбетті ер мен әйел бейнелерінде бейнеленген.
Құдайды адам бейнесінде суреттеуді антропоморфизм деп атайды.
Политеизм бастапқы наным-сенім мен ежелгі заман
діндеріне тән болғанымен, қазірге дейін өз ықпалын
сақтап қалған. Индуизм, синтоизм, даосизм сияқты
қазіргі бірқатар діндерді де политеистік діндер
қатарына жатқызуға болады. Политеизмнің белгілері
африкандықтар, Австралияның тұрғылықты
тұрғындары, Солтүстік және Оңтүстік Америка
тұрғындарының құдайға табыну салттарында да
көрініс тапқан. Олардың діни жүйесі мифологиямен
байланысты.
Ежелгі грек
Ежелгі гректер бірнеше құдайлар бар және олардың
әрқайсысы адам өмірінің әр жағына билік етеді деп
сенген. Көптеген әдемі шіркеулер осы ең құдіретті
құдайлар мен әйел құдайлар құрметіне арнап
салынған.
Зевс – құдайлар мен адамдардың жаратушысы, олипиялық құдайлар
отбасының әміршісі. Грек тілінен аударғанда Зевс есімі – “ашық аспан”
деген мағына береді. Ол Кронос пен Реяның ұлы, ол құдайлар ұрпағының
үшінші буынына жатады.
Зевс үш ағайындының бірі. Олар: Зевс, Посейдон және Аид. Зевске
аспанға, Посейдонға теңізге, Аидке өліктер патшалығына билік құру
бұйырған. Патриархат кезеңінде Зевс Олимп тауына шоғырланып,
Олипиялық деген атақ алған.Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын
найзағай мен күн күркірінің әміршісі. Ол аспан секілді құбылмалы, ол әр
минут сайын әр түрлі кейіпке енеді. Ол қар мен жаңбырды жібереді. Зевс
– аса құдіретті құдай. Зевске ешбір құдайдың әлі келмес еді, есесіне
Зевстің бір өзі барлығына бірдей төтеп бере алады. Өзін ашуландырған
адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелері – жай оғымен
жайрата алды.
Зевс
Зевс - Олимп тауында өмір сүрді. Бұл жерде ол салтанатты алтын
сарайларда өзге құдайлар мен құдай әйелдердің ортасында
амброзияның (құдайлар тағамы) дәмін татып, нектар ішіп (құдайлар
сусыны) той тойлады. Зевс барлық құдайлардың басшысы болды.
Крон мен Реяның ұлы, ол қолында аспан әміршісі екенін көрсететін
найзағай мен күркүрді ұстаған.
Метида
Зевстің алғашқы жұбайы даналық
құдайы Метида болды. Метидадан
Афина деген қыз туады, содан кейін
Зевсті биліктен айыратын ұл туады
деген болжам айталады. Сонда Зевс
өзінің баласын дүниеге әкелгелі
жүрген әйелін жұтып қояды. Афина
сауыт – сайман, қару – жарағымен
бірге Зевстің басынан тікелей жарық
дүниеге шығады. Қызы оның әлемді
жөнге келтірудегі жанашыр
көмекшісіне айналады. Афина Зевс
сияқты мықты, Метида сияқты
данышпан болады. Ол Афины
қаласына жебеушілік жасайды.
Фемида
Зевстің екінші әйелі
Фемида құдай – Уран мен
Геяның қызы. Оның есімі
грек тілінен айдарғанда
“тәртіп,әділ сот” деген
мағына береді.
Гера
Зевстің үшінші әйелі – қарындасы Гера. Ол
аспанның әйел құдайы және неке қорғаушысы
болған. Зевс пен Герадан көп бала туады. Соғыс
құдайы Арес анасының елірме әрі басасау
мінезін бойына тартады, ол өзінің
қанқұмарлылығымен белгілі. Символы-дулыға
және қарақұс. Қызы Илифия – босанатын
әйелдердің жебеушісі. Оттың және ұсталық
өнердің құдайы. Гефест те солардың ұлы еді. Ата
– анасы оны ұнатпағандықтан, Олимптен жер
бетіне екі рет лақтырып жібереді, сол себепті ол
екі аяғынан ақсап қалады. Гефест маххабат пен
сұлулық құдайы Афродитаға үйленеді. Бірақ
Афродита күйеуін емес, Аресті жақсы көреді.
Афродита ғажайып әдемілігінің құпиясы
жасырылған керемет белдік тағынып жүрген.
Афродита Зевс пен Дионаның қызы, аңызда ол
теңіз көбігінен туған деп айтылады.
Аполлон
Зевс, сонымен қатар, әйел құдай Летодан туған егіздер –
Аполлон мен Артемиданың да әкесі болған. Күннің жарығы
пен шындықтың құдайы Аполлон музыкаға, поэзияға, ғылым
мен дәрігерлікке ықпал етті. Ол аққулар жеккен екі дөңгелекті
арба айдаған және лирада (грек жұртының музыкалық
аспабы) ойнаған.
Гестия
Гестия – Кронос пен
Реяның қызы. Ол отбасы,
ошақ қасының құдайы
болды. Гректердің әрбір
үйінде оған арналған
алтарь тұратын.
Артемида
Аңшылық және ай құдайы
Артемида садақ атқанда
мүлт етпеген. Оның атқан
күміс жебелері әрқашанда
нысанға дөп тиген. Сонымен
қатар ол жабайы аңдардың
жебеушісі болған. Артемида
емдей білген, ерлі –
зайыптыларды қорғаған, екі
қабат әйелдерге сыйлық
әкелген. Оның символы -
найза және бұғы.
Гермес
Олимпиялық Гермес – Зевстің
және тау нимфасы Майяның ұлы
– қанатты сандал киген құдайлар
хабаршысы әрі өлілердің жанын
тасымалдаушы. Ол
жолаушыларды желеп – жебеген,
сондай – ақ адамдардың түсінде
құдайлар әмірін түсінуіне
көмектескен. Оның теңдессіз
сиқырлы күші алтын таяғында
жатыр, сол таяғымен адамдарды
ұйықтатып немесе оятып
отырған.
Дионис
Дионис – Зевс пен Фивы патшасының қызы
Семеланың ұлы – жердің құнарлылық күштерінің,
жүзім өсірушілік пен шарап ашытудың құдайы.
Деметра
Деметра, Кронос пен
Реяның қызы – өсіп-өну
мен егіншілік құдайы.
Символ ретінде қолына
жүгерінің собығын ұстап
тұрған бейнесі салынған.
Гефест
От пен ұсталық кәсіптің құдайы. Зевс пен Гераның
ұлы. Символы- темір соғатын төс.
Посейдон
Теңіз құдайы, жер сілкіндіргіш, Зевстің ағасы. Әдетте
ол ат үстінде, қолында үш ашалы асатаяқпен
бейнеленеді.
Ежелгі Рим
Римдіктер өздері жаулап алған халықтардың
құдайларына да теріс қарамады, өйткені оларды
басқа кейіптегі өз құдайларымыз деп қабылдады.
Сөйтіп олардың құлшылық ету жолына тыйым
салмай, оны өздері де ұстанатын болды. Осылайша
қол астындағы бағынышты халық көбейген сайын,
римдіктер ұстанатын діни рәсімдердің саны да өсе
берді. Олардың дінінде бір құдайға адалдық таныту
талап етілмейтін. Адамдар бір уақытта бірнеше
құдайға құлшылық ете беретін.
Рим қоғамы мен жеке адамдардың өмірі құдайлардың
еркіне тәуелді деп есептелетін. Сондықтан қандай да
бір істің нәтижелі болуы үшін дұға ету, құрбандық
шалу және діни мереке өткізу арқылы өмірдің сол
саласына қарайтын құдайды риза қылу керектін.
Көбінесе олар құрбандыққа шалынған малдың ішкі
мүшелеріне қарайтын. Өйткені малдың ішкі
құрылысының күйі мен түрінен құдайлардың іске оң
батасын беретін-бермейтінін білуге болады деп
ойлайтын.
Б.з.б. II ғ-ң соңында римдіктер гректердің
құдайлары өздерінің басты құдайларының баламасы
деп қарастыра бастады. Сондай-ақ римдіктер грек
құдайлары туралы мифтерді де қабылдаған. Бұл —
адамдарға тән кемшіліктері мен шектеулері бар
құдайлар туралы аңыз әңгімелер еді.
Юпитер
Римдіктердің басты құдайы
Юпитер еді. Ол Оптимус
Максимус, яғни ең жақсы да
ең ұлы деп аталатын және жел,
жауын, найзағайдың құдайы
саналатын. Юпитердің
қарындасы әрі жұбайы Юнона
әйелдердің өмірінің барлық
саласын қадағалайтын ай
құдайы болып есептелетін. Ал
қызы Минерва болса, қол
өнері, кәсіп, бейнелеу өнері
жәнесоғыс құдайы саналатын.
Веста отбасына бақыт әкелетін
әйел тәңір еді. Янус
Пакс бейбітшіліктің,
Салус денсаулықтың,
Пудисития қарапайымдылық пен
пәктіктің,
Фидес шыншылдықтың,
Виртус батылдықтың, барлық бастаманың
құдайы
Волюптас ләззаттың құдайы
болатын
Ежелгі Қосөзен
Көптеген басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғаш әр
түрлі құдайлар бар деп есептеген. Өзеннің, жердің, күн мен
айдың құдайлары бар деп ойлады. Су қүдайын Таммуз деп
атаған. Қосөзеннің — Тигр мен Евфраттың тасуы немесе
суының азаюы осы Таммузға байланысты. Оған сиынып,
жалбарынып отыру керек. Сонда біздің егістігімізді су алып
кетпейді. Егістік пен бақшамыздан жақсы өнім алуымызға
көмектеседі. Күннің әрқашан нұрын төгіп, қуанышқа белеп
отыруына оның қүдайы Шамаш көмектеседі деп білді. Ал Ай
құдайын Син деп атады. Шумерліктер түннен кейін күн
шығады деп ойлады. Сондықтан Күн құдайы Шамаш, Ай
қүдайы Синнің баласы деп ойлаған.
Бірте-бірте үлкен Вавилон мемлекетінің кұрылуы
барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір
қаланың, ауылдың қамқоршы кұдайлары бар деп
есептелінді. Вавилон каласының камкоршысы Мардук
деген құдай болды.
Мардук
Мардук дүниені жаратушы ретінде сипатталады. Ол туралы аңызда былай
делінген: Дүниені ең алғаш алапат мұхит басып жатты. Оның билеушісі әйел
құдай Тиаматт алып та қоркынышты құбыжық еді. Ұлы қүдайлар әлемді
реттеуге тырысты. Оған Тиамат жол бермейді, құдайларға карсы шығады.
Құдайлардың арасында Кингу атты сатқын болады. Сол арқылы Тиамат
құдайлардың дүниені өзгертпек болғанын естіп, оларды құртпақ болады. Оны
естіген құдайлар катты үрейленеді. Ешқайсысы Тиаматқа карсы шығуға бата
алмады,. Сонда Мардук өзінің Тиаматка қарсы шығатынын мәлімдейді. Егер
жеңіске жетсе, өзін бас кұдай деп тануын талап етеді. Құдайлар оған сөзсіз
келіседі. Мардук Тиаматқа қарсы аттанады. Тиамат оны көріп, аңғардай аузын
ашып, жұтып қоймақ болады. Мардук оған қарсы кұйындаған жел үрлейді.
Іші желге толған Тиамат кауқарсыз болып қалады. Әлсіреген Тиаматты
өлтірген Мардук оның денесін екіге бөледі. Оның үстіңгі бөлігінен аспанды,
теменгі бөлігінен жерді жаратады. Сатқын Кингуды өлтіріп, оның канын
топырақпен араластырып адам жасайды. Сөйтіп, Мардук дүниені жаратып,
құдайлардың басшысы болады. Міне, осылайша құдайларға сиыну басталды.
Көне Египет
Египетте дін бүкіл мәдениеттің біртұтас негізі болды
және сәулет, бейнелеу өнерлерінің, әдебиеттің
қайталанбас туындыларын жасады. Бізге бұл үлгілер
тұтас күйінде жеткен жоқ. Түпнұсқалардан қолда бары
б.д. дейінгі 2600-2300 жылдардағы Көне патшалық
дәуірінің “Пирамидалар мәтіні” мен б.д. дейінгі ХХІ-
ХҮІІІ ғасырлар шамасындағы Орта патшалық дәуірінің
“Саркофактар мәтіндері” сияқты жекелеген жазулар.
Жаңа патшалық дәуірі “Өлілер кітабы”, “О дүниеде не
бары туралы кітап” деген, тағы басқа бірқатар діни
шығармалардан көрініс табады.
Көне Египеттегі құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет
патшалық-тарының құрылуы барысында қалыптасып, Көне Египетте
ертерек дәуірлерде Жер-Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі
Хапиді культібасым болды. Олар баршаға тіршілік силаушы деп
танылды. Одан бертініректе жер құдайлары Геб және Акер, олармен
қатар Аспанды мадақтайтын ана құдіреті кейіпіндегі Нут құдайына
сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер-Ана мен Хапи культінің мерейі
жоғары болды. Египеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары
құдайлар мен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс
береді. Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива
қаласынан шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра – Күн құдайы
Фивадағы Күн құдайы Армонмен теңдестірілді. Сөйтіп, бұл екеуі
біріктіріліп, Амон-Ра Күн құдайы пайда болды.
Көне Египеттің мифтері әлемнің жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір
қағида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болды
делінсе, екінші бірінде алдымен су болып, одан керемет лотос гүлі
көтеріліп шығып, осы гүлден Ра пайда болды да, осыған дейін
қараңғылық қапасында жатқан жерге жарық шашады.Тағы бірінде
Хаостан көтеріліп шыққан аралға келіп ғажайып құс жұмыртқа
салып, одан Ра шығады. Жаратылу туралы ең күрделі миф
Гелиополис қаласында туған. Ол бойынша бір құдай екінші бір
құдай жаратады. Бертін келе күн құдайы Рамен біріктірілген Атум
құдайы Хаостан пайда, болып, өзін-өзі ұрықтандырып, екі
құдіретті – ауа құдайы Шу мен дымқылдық құдайы
Тефнуттідүниеге келтіреді. Олардан жер құдайы Геб пен көк
құдайы Нут туады.
Көне Египет мифологиясында өліп, қайтадан дүниеге
келіп отыратын құдай – Осирис туралы мифтер циклі
бар. Осирис осылай өліп, қайтадан тіріліп отыруына
қарай әр мерзімде жыл сайын жаңғырып отыратын
барша табиғат символы саналады. Оның әйелі Исида
(Исет) диқаншылық және адамзаттың білім нәрін
жинауына қамқоршы Ұлы Ана-құдай бейнесін
сақтауымен қатар молшылық, отбасы және су, жел
құдайы және суда жүзу жебеушісі болып танылады.
Ол адал жар және қайрымды ана символы.
Осиристің баласы – Гор Күн құдайы Амон-Раның, өзге
құдайлардың құдіреттеріне ортақ саналады. Ол қаршыға
кейпінде немесе денесі адам, басы қаршыға түрінде бейнеленді.
Бертінгі уақыттарда Гор қанатын жайған күн түрінде
бейнеленіп, оған күн сәулесінің құдайы ретінде құлшылық
жасалатын болды. Ол фараондардың Осирис қатарлы құдіретті
жебеушісі саналды. Нілдің теңізге құятын сағасында орналасқан
Бехдет қаласында оған ерекше бас ұрып, оның құрметіне
ерекше мейрамдар ұйымдастыру тәртібі болды. Гордың күн
құдайы Амонмен дәрежелестігі түрліше көрінеді: бірде ол
шығып келе жатқан күн символы түрінде бейнеленсе, бірде
бүкіл мемлекеттің сақшысы әрі қорғаушысы болып дәріптеледі.
Көне Египет діні бойынша фараон жердегі құдай саналды,
мемлекеттік және дін басқару соның қолына
топтастырылды, Күн құдайы – Ра-ның мұрагері және оның
жер бетіндегі бейнесінің өзі болып құрметтеледі.
Бертініректе фараон әкім ретінде Осирисдпен
шешендестіріліп, жерді қастерлеу рәсімдерін тегіс
басқарушы, жер қазынасының бас сақшысы дәржесінде
орнықты.Әдетте ең үлкен храм қаланы қорғаушы құдайына
арналып тұрғызылып, оған құдай мүсіні қойылған. Барлық
ғұрыптар мен рәсімдер осында атқарылған. Храм тек құдай
үйі болып есептелгендіктен, өзге ресми шаралар храм
ауласында ұйымдастырылған.
Көне Египеттегі құдайға құлшылық рәсімдері.
Көне египеттіктердің діни ғұрыптарының негізінде
адам жаны және Осиристің тірілуіне сену жөніндегі
діни түсініктер жатты. Олар адам жаны мынадай төрт
бөліктен құрылады деп санаған: 1) Ба – жанның өзі, 2)
Хайбет – оның көлеңкесі; 3) Рен – есімі; 4) Ка –
адаммен бірге пайда болатын, бірақ онымен бірге
өлмейтін, тіпті тәнді сақтаған жағдайда өмір сүре
беретін көзге көрінбейтін екінші бейнесі. Осыдан өлген
адамның тәнін бальзамдап сақтау, оның мүрдесінің
жанына қажет делінген заттар мен ас-су қою рәсімі
орныққан.
Көне Египетте дін басшылары нақты бір құдайға
құлшылық ету принципімен бөлінді. Олардың
басында жоғарғы дінбасы-абыз тұрды. «Құдай сөзіні»
оқитын немесе храм шежіресін жүргізуші
діндарлардың артықшылықтары басым болды.
Дегенмен, саясатқа белсенді араласып отыратын
Амон-Ра құдайының діндарлары басты орынға ие
болды. Құдайға құлшылық рәсімдерін үйде атқаруға
да рұқсат етілді. Құдайлардың шағын мүсіндеріне
құрбандық жасалып, солардың алдында дұға оқылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz