Жаңартылған бағдарлама



Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері

ЖОСПАР:
Жаңартылған бағдарлама
Жаңартылған бағдарламаның міндеттері
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Бағдарламаның міндеттері
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету
бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету
мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері

Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.

Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Білу: Нақты іс-әрекетті іске асыру
Түсіну: Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Қолдану: Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
Анализ: Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Синтез: Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау: Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.

Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
Ұзақ мерзімді жоспарлау
· Оқу бағдарламасы
· Пәннің мазмұны
Орта мерзімді жоспарлау
· Жұмыс сызбасы
· Тізбектелген сабақтар
Қысқа мерзімді жоспарлау
· Жеке, дербес сабақ

Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Рухани құндылықтар
• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
• қарым-қатынас жасау қабілеті;
• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
• жауапкершілік;
• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
• өмір бойы оқуға дайын болу.
Дағдылар
• сын тұрғысынан ойлау;
• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
• проблемаларды шешу қабілеті;
• ғылыми-зерттеу дағдылары;
• қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда) ;
• жеке және топпен жұмыс істе

Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады. Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады.
Жетінші ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:
Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
Проблеманы шеше білу;
Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті.

Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы) . Белсенді оқу - оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998) .

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.
ҚР МЖМБС
Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар
(күтілетін нәтижелер Б. Блум таксономиясына негізделген)
Пән бойынша оқу бағдарламалары
Пән бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар, бөлімшелер.
Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау.
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.
Бағалау критерийлері: білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалар: критерийлерге негізделген.
Кері байланыс
Күнделікті тәжірибе.
Баллдар
Әр бөлім және тоқсан бойынша
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша
Баға
Оқу жылын аяқтау бойынша

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz