Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы




Презентация қосу
«Инклюзивті білім беру – бұл балаларды ажырататын
кедергілерді жоюға, барлық балаларды жасына,
жынысына, этникалық, діни көзқарасына, дамуында
артта қалуына немесе экономикалық мәртебесіне
қарамастан, отбасының белсенді қатысуымен,
баланың дербес мұқтаждықтарын коррекциялық-
педагогикалық және әлеуметтік қолдау арқылы,
ортаны балалардың жеке ерекшеліктері мен білім
алу қажеттіліктеріне бейімдеу, яғни адекватты білім
беру жағдайларын құру арқылы оларды білім беру
үдерісіне және әлеуметтік бейімдеуге толыққанды
ендіруге бағытталған мемлекеттің саясаты»
Инклюзивті білім берудің негізіне сегіз негіз құраушы
принциптер алынады:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне
тәуелді болмайды;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға және өзін тыңдату
құқығы бар;
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
5. Шынайы білім беру тек шынайы өзара қатынастар контексінде
жүзеге асырылады;
6. Барлық адамдар қатарластарының қолдауына және достығына
мәжбүр;
7. Барлық білім алушылар үшін прогресске жету олардың қолынан
не келетінімен байланысты болады;
8. Алуан түрлілік адам өмірінің барлық қырларын күшейтеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар
категориясы;
Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгілі
тәртіпте бекітілген, туа біткен, тұқым
қуалаушы аурулармен немесе жарақаттың
салдарымен негізделген, өмір сүру
әрекетінде шектеулері бар, дене және
психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа
дейінгі балалар.
Инклюзивті білім берудің негізіне келесі қағидалар алынады:
1. Барлық адамдардың құқықтарының теңдігі принципі (олардың
даралығы мен ерекшеліктерін есепке алуды бір мезгілде сақтауда);
2. Дискриминацияның кез келген типіне жол бермеушілік, яғни
мүмкіндігі шектеулі адамның білім алу құқығын және әлеуметтік
өмірге қатысуын кез келген шектеуге жол бермеу;
3. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің барлық саласында мүмкіндігі
шектеулі балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырудың
ерекше құқықтарын мойындау, атап айтсақ, білім беруде (оқытудың
арнайы жағдайлары, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілеріне
қолжетімділік және т.б.);
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның оның табысты
әлеуметтенуі үшін барлық қажетті жағдайлар мен қызметтерді
ұсынудағы міндеттері;
5. Барлық балаларды жалпы білім беретін орта мектептер мен
мектепке дейінгі мекемелерге қабылдаудың мүмкіндігі.
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына
жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар
еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар
көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар
балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар
балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
1. Қолын қысыңыз (Пожать руки)
2. Арқасынан қағыңыз (Похлопать по спине)
3. Күлімсіреңіз (Улыбнуться)
4. Қол бұлғаңыз (Помахать)
5. Көзіңізді қысыңыз (Подмигнуть)
6. Комплимент айтыңыз (Сделать
комплимент)
7. Бір тілек айтыңыз (Пожелать что-нибудь)
8. \Құшақтаңыз
Инклюзив— сөзі латын тілінен аударғанда
«өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда
«араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму
мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты
балалармен бірге білім беру. Яғни адамның
жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең
құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі
болып табылады.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде
(АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде)
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында
тұрған инклюзивті білім беру болды.
Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру
ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы
Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі
шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық
тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында
жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән
берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда
қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда
инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Инклюзивті білім беру — жалпы орта мектептерде
мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен
бірге оқыту;
Инклюзивтік білім беру негізінде барлық адамдарға
тең қарым- қатынас болу;
Балалар арасында дискриминацияны болдырмау;
Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы
жағдай жасау.
Мектептерде инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын
талаптар:
оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
-мектептің физикалық тұрғыдан қолжетімділігін қамтамасыз ету
(лифтілер, пандустар, арнаулы жиһаз);
-кадрлармен қамтамасыз ету:
- жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау жасау;
-арнаулы техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу
мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);
-педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-
аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.
I. Диагностикалық бағыт:
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;
- баланың психикалық дамуының динамикасын бақылау;
- баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер анықтау;
- мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін,
танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы
тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу;
- жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын
меңгерудің деңгейін анықтау;
- бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы
мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың
себептері мен механизмдерін анықтау. Диагностикалық зерттеу
жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді.
Баланы динамикалық тексеру – оқыту процесінде оқушының даму
деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін
анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында
жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі.
Кезеңдік диагностика – бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген
түзете-дамыту жұмысының баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген
әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан
сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу
уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
Бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу
процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін
анықтау болып табылады.
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары:
- Сенсорлы-перцептивті жағдай;
- Зейіні;
- Есте сақтауы;
- Ойлауы;
- Сөйлеу ерекшеліктері;
- Өзін-өзі бағалауы;
- Ерік-жігері;
- Психомоторлық жағдайы;
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;
- Оқу біліктілігі;
- Еңбек біліктілігі;
- Коммуникативтілігі;
II. Түзете-дамыту бағыты бойынша:
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау
операцияларын қалыптастыру;
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін,
сөздік қорын арттыру.
III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:
- педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-
аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
- балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың
оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс:
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-
аналарды таныстыру;
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы
нақты ұсыныстар даярлау;
IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты
- баланың қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай
жасау;
- баланы шығармашылыққа тарту;
- баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;
- баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
- қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі
басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық
бағдарлай білуге үйрету.
V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:
Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-
шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын
толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар
төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік
құралдарды жасау;
-оқушыға портфолио құрастыру.
Роликтер “Мүмкіндігі
шектеулі адамдардың
жеткен жетістіктері”
Тыңдағандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Шетелдегі инклюзивті білім беру
ИТАЛИЯДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
Деменция ния
Италияның білім беру жүйесі 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші
Оқытудың жеке бағдарламасы
Дамуында ауытқушылығы бар балалар категорияларының жіктелуі
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
Пәндер