Иудаизм діні




Презентация қосу
Тақырыбы : Иудаизм
ИУДАИЗМ
Жоспар
Иудаизм діні
Давиттің жұлдызы
Менора
Иудей діни басшылары
Иудей діни мейрамдары
Иудей діни дәстурлері
Тора
Иудейлік Қазақстанда
ИУДАИЗМ діні
Иудаизм немесе Яһудилік (иврат тілі: ‫יהדות‬
“яаадут”деген сөз) — ежелгі діндердің бірі.
Еврейлер арасында таралған дін.
Яһуди діні сеніміндегілердің басым көпшілігі Израиль
мен АҚШ мемлекеттерінде шоғырланған.
Б.з.б. 13 ғасырда батыс семит көшпелі тайпаларын
Египет перғауыны Палестинадан далалы аймаққа
ығыстырды. Палестинадан қуылғандар Яхве атты
Құдайға сенетін тайпалық одаққа бірігіп,“Израил” атын
алды.
Б.з.б. 622 жылы Иудей патшасы Иосия діни реформа
жасады да, жергілікті әулиелердің шырақтарын жойып,
Иерусалим ғибадатханасын Яхве Құдайға құлшылық
етудің орталық деп жариялады.
Давиттің жұлдызы
Бұл гексаграмма
түріндегі алты
бұрышты көне –
символ. Гексаграмма
дегеніміз – 6 сызықтың
әртүрлі
комбинациялары.
Үндістанда-Anahata
чакраның символы
ретінде белгілі.
Менора
Арнайы 7 майшамға
арналған алтыннан
жасалған-менора.

Деректер бойынша
мұны Моисей(Мұса)
Синай тауында
Құдаймен
тілдесікенде алған
делінген.
Иудаизм дінінің белгілері(символ)
Раввин (көне еврей тілінде, рабби —
оқытушы, мырза) — иудей діни басшысы.

Діни ғұрыптық жоралғыларды атқарып,
синагогада уағыз айтады. жасады.

Раввиндер діни қауымдастық мүшелерінің
азаматтық - құқықтық тұрмысына да
басшылық жасайды. Жәнеде діни
қағидаларды үйретіп, шешімдер шығарады
Орта ғасырларда раввин иудей қауымының
діни санасына ғана емес, сондай-ақ саяси
және экономикалық өміріне де басшылық
Израильдегі раввин Ицхак
Йосеф иудаизм дінін яғни
Нояның(Нұхтың) жеті заңын
қабылдамағандарды елден
қууға ұсыныс жасады.
« Иудаизмнің заңына сәйкес,
егер гой Нояның(Нұхтың)
жеті заңын қабылдауға
келіспесе, оларды Сауд
Арабиясына қуу керек.
Қашан шынайы және толық
күнәні өтеу күні келеді, сол
кезде біз осыны жасаймыз»
деді.

Гой деген сөз – халық деген
мағынаны беріп тұр.
Ицхак Йосеф
Каббала - [ежелгі еврейше "дәстүр"] – 2-5 ғасыр қалыптасып,
12-15 ғасыр Испания мен Палестинада дамыған еврейлік
эзотерикалық философия. Бұл ілімнің ерекшелігі
шығыстық аңыздар элементтерін эллинистік ғылым идеяларымен
біріктіруінде. Каббаланы, кәбіне, негізінде әріптер мен
сандардың сиқырлы әрекеті жатқан құпия ілім ретінде
қарастырады
Бұл философияның басты міндеті - сыйыну және игілікті
өмір арқылы адам жанын бастапқы тұтас қалпына келтіру.
Каббаланың негізгі көзқарастары Құдай - шексіз сәулелер (ежелгі
еврейше Зогар немесе Зоар) жиынтығы, әлем осы сәулелер
арқылы пайда болған.
Философиялық Каббалланың аса маңызды тұсы тек әлемге
тұтас көзқарас емес рухани күш жұмсау арқылы (дұға оқу,
арнайы салт-жоралғылар, ішкі ерік актілеріне сүйеніп) белсенді
түрде араласу қабілеті бар.
Яһуди дінінің маңызды мерекелерінің бірі сенбі күні
ғибадаттан басқа барлық қызметке тыйым
салынады.
Өлген адамдарды жерлеуге болмайды.
Синагогаға сенбі күні бару үшін көлік пайдалануға рұқсат
бермейді.
Синагога (грекше synagoge — жиын) — иуда
дінінің ғибадатханасы.

Синагога толық мәніндегі храм емес, онда садақа
беруге, құрбандық шалуға рұқсат етілмейді.

Негізінен ол қауым болып бас қосып, ғибадат
жасайтын, қоғам мәселелерін шешетін үй болып
саналады.
Оның өз қазынасы, мүлкі бар.

Еврейлер қауымдарын раввиндер басқарады. Раввинді
беделі мен біліміне қарай қауымның өзі сайлайды.
Синагогада иудаизмде ерекше маңызды саналатын
“Шма, Израэль” (Тыңда Израиль) дұғасы оқылады
Иудаизмнің діни мейрамдары

Рошха-Ашана (Рош-Хашана) – діни Жаңа жыл. Бұл мейрам
жаман, зұлым рухтарды керней дыбыстарымен аластайды.
Вавилондық тұтқындалудан кейін, бұл "аспан соты” мейрамына
айналды. Бұл күні Яхве бүкіл тіршілікке үкім шығарады.
Йом-Киппур – сот күні, кешірім, тәубеге келу және күнәдан
арылу, о дүниелік болған ата-ана, туысқандарды еске түсіру
күндері. Раввиндер іліміне сәйкес, Рош-Ашанадан кейін 10 күн
ішінде Яхве барлық адамдардың іс-шаруасын тексереді және
әрбір адамның келесі жылғы тағдыры туралы өзінің соңғы
шешімін дайындайды. Бұл шешім Йом-Киппур күні
жарияланады.
Ханука – жарық мейрамы (Оттың 8 күндік мейрамы).
Пурим – Эсфири құрметіндегі мейрам. Бұл күні парсы патшасы
Артаксеркс (б.з.д. ІV ғ.) зұлым Аманның қиянатынан азат болу
атап өтіледі.Бұл – вавилондық тұтқындаудан азат болу күні.
Песах – пасха; азаттық мейрамы – Египеттен еврейлердің
шығуын еске түсіруге арналған сегіз күндік мейрам.
Діни дәстүрлері
Қасиетті кітаптары
Иудаизм Қазақстанда
Қазақстанның бірнеше
қалаларында синагогалар салынды.
Қазіргі уақытта синагогалар Астанада,

Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл,
Тараз, Теміртау, Шымкент қалаларында
жұмыс істейді. 2001 жылы тамыз айында
Павлодар қаласында жаңа еврейлер
ғибадатханасы ашылды
Барлық ірі қалаларда еврей жексенбілік
(воскресенье) мектептері бар.
Қазақстандағы синагогалар

Алматы Астана
Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
рахмеет)!

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркілердің көне діні
Ислам діні туралы
Жапонияның діні - синтоизм
Діндер классификациясы: ұлттық және әлемдік
Ұлттық діндер
Католиктік шіркеу
Иудаизмнің қасиетті кітаптары
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Дін - және мәдениет туралы ақпарат
Христиан бөлімдері
Пәндер