Конфуцийдің өмірі


Slide 1

Тақырыбы:Конфуцизм ұлттық діні

Slide 2

Жоспар

Конфуцизм

Конфуцийдің өмірі

Конфуцизмдегі қасиетті кітаптар

Конфуцизмдегі тәңірге сенім

Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптер

Slide 3

Конфуцизм

Қытайда қазіргі кезде иудаизм, христиандық және исламды қоспағанда, ресми сипатқа ие үш дін бар. Олар:конфуцизм, даоцизм және буддизм. Конфуцизм мен даоцизм жергілікті әрі ұлттық дін болса, буддизм сырттан келген әлемдік дін болып табылады.

Slide 4

Ежелден-ақ Қытайда аталмыш діндерден бұрын ата-бабаларға құрмет ету, көк пен табиғат тәңірлеріне табыну, келешектен сәуегейлік хабарлар беру, киелі нәрселерге құрбан шалу және “Шанг-ти”деп аталған ұлы болмысқа деген сенім бар еді. Қытай халқының діни ғұрыптарында ата-бабалар культі өте маңызды рөл атқарған. Қытайда әр кезеңнің діни ерекшелігі-ата-бабаларға құрмет көрсету және олармен байланыс орнату болып саналады. Әр отбасы ата-баба әруағын желеп-жебеуші, қорғаушы деп түсінеді және үйдің оңтүстік-батыс жағынан оларға арнайы орын жасап қояды. Әрбір үйде ата-бабалардың есімдері арнайы жазылған тақтайшалар болады.

Slide 5

Қытайлықтардың ата-бабаға құрмет ету қағидасы сияқты біріктіруші факторлардың бірі- “ Инь” және “Янь” принципі. Бұл принциптер үш қытай діни ғұрыптарында да бар. Инь-теріс, болымсыздықты, жағымсыздықты, ал Янь-оң, болымдылық, жағымдылықты бейнелейді. Инь және Янь принциптерін қытайлықтар жақсы-жаман, жарық-қараңғылық, ыстық-суық, еркек-әйел, жер-көк сияқты үлгілерге қолданады.

Slide 6

Конфуцийдың өмірі

Конфуций негізін салған Конфуцизм-Қытайда ғалымдардың, жазушылардың, бюрократтардың, ханзадалардың және императорлар әулетінің діні ретінде қабылданды.

Конфуций-қытайдың ұлы данышпан философы. Ол Ин патшалығы әулетінен. Конфуций Қытайда, қазіргі Шан-Тунгтың бір аймағына жататын Лу провинциясындағы Цауда дүниеге келген. Үш жасында әкесінен айырылады. Он тоғыз жасында үйленді, екі балалы болды. Жиырма жасында шәкірт тәрбиелеуді қолға алды. Методикасы-бұрынғы өткендердің хикметтерін, даналық сөздерін жан-жақты қарастырып, оған түсініктеме беру еді. Өмірінің соңғы бес жылын әйгілі еңбектерін жазуға арнайды және шәкірт тәрбиелеп, өз доктринасын үйретумен өткізеді. Оның ең маңызды еңбегі-Конфуцизм болды.

Slide 7

Конфуцизмдегі қасиетті кітаптар

Конфуцизмнің қасиетті кітаптарын құрайтын екі коллекция бар. Олар:Бес классикалық кітап және Төрт кітап

Бес классикалық кітап:

Реформалар кітабы:Мистикалық және метафизикалық құбылыстар

Тарих кітабы:Маңызды құжаттары және тарихи мәліметтері

Өлең жырлар кітабы:305 әр түрлі өлеңдер

Рәсімдер кітабы:Діни жоралғылар мен рәсімдерге қатысты естеліктері

Көктем мен күз жылнамалары: Көктем мен күзге байланысты күнделікті жазылып отырған оқиғалар қамтылған

Төрт кітап:

Конфуцийдің айтқан нақыл сөздері

Менсиустың сөздері

Орта жол доктринасы

Үлкен дерек-мәлімет

Slide 8

Конфуцизмдегі тәңірге сенім

Конфуций адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығымен қоса, өмір және өлім құбылыстарының, атақ-абыройдың бәрі көктен келгенін айтады. Шанг-Ти деп аталған Ұлы болмысқа сенім онда да жалғасын тапқан.

Конфуцизмде, Тәңір әлсіз адамдарды қорғау үшін билеушілер “Тәңір жолында”жәрдемші болсын және өлкенің әрбір жерінде тыныштықты сақтасын деп оқытушылар жіберген. Тәңір әрбір нәрсені толық көреді және барлық істерде адамдармен бірге.

Slide 9

Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптер

Конфуций моральдық-этикасының принциптері “Үлкен деректе” өзіңді, үй-ішіңді, ұлтыңды басқару, бейбітшілікті сақтаудың жолын табу деп тізбектеліп келе береді. Конфуций “Сұхбаттар”атты кітабында дүниеде бес нәрсені бес нәрсемен жүзеге асыру қабылеттілігін-”кемелді адамгершілік қасиеттері”деп түсіндіреді. Бұл адамгершілік қасиеттері:байсалдылық, жомарттық, ақ пейілділік, туралық және инабаттылық.

Slide 10

Конфуцийдің пайымдауынша, адам сыртқы сұлулықтан гөрі, ізгілікке, адамгершілікке баулитын моральдық-этикалық принциптерге көңіл бөлсе, жанұясына қызмет етуде күш жігерін аямаса, қожайындарына өмір бойы бас исе, достарымен арасындағы қарым-қатынастары шынайы болса, егер жұрт оны “түк білмейтін надан”деп есептесе де, ол өте данышпан, білгір адам болып қала береді.

Конфуцизмде жақсылық, турашылдық, әдептілік, ақылдылық және сенімділік-бес негізгі адамгершілік қасиет болып табылады.

Slide 11

Конфуцийдің адамды өзіне төрт нәрсе арқылы иландырады:

Мәдениет.


Ұқсас жұмыстар
Конфуций туралы
Конфуций философиясы
Ежелгі Қытай мәдениеті
Конфуцийлiк-даосистiк мəдениет
Ежелгі Қытай жазуымен әдебиеті
Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері
Моизм мектебі
Ежелгі Қытай философиясы. Гносеология және эпистемология
ЕжелгіШығыстағы психологиялық ойлар
1.Дуниеге қөзқарас және оның типтері. 2.Ежелгі Қытай философиясы. 3.Философиядағы адам мәселесі. 4. Гносеология және эпистемология. 5. Диалектика және оның әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz