Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары



Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және діни қатынастарды реттеу басымдығына ие - ислам дінінің еліміздегі орнығу тарихы өзгеше әрі бірегей. Себебі әлемнің 1 миллиард 500 миллионнан астам әр түрлі ұлттан тұратын неше мың тілдік, нәсілдік ортасы бар халық ұстанып отырған Ислам дінінің тарих сахнасында болуы он төрт ғасыр уақытты қамтиды. Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарын зерттеу мәселесінде міндетті түрде Исламның Қазақстан жеріндегі таралу мен қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Бүгінгі және болашақтағы исламның Қазақстанның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі пози-циясын анықтау үшін Исламның таралу мен қалыптасу ерекшеліктерін, яғни өткен тарихын сипаттайтын зерт-теулерге ретроспективалық сараптама жасалуы керек.
Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары

Исламның шығу тарихына көз жүгіртер болсақ, ол жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде пайда болды. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайыш тайпасынан шыққан Абдуллаұлы Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбарымызға уахи еткен. Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан - қайырым, шапағат, рақым мен мейірімге толы тура жолға салу үшін әр кездері пайғамбарларын жіберіп отырды. Оларды белгілі бір қауымдардан шығарып, Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітаптарды, яғни өмір сүру заңын да қоса жіберіп тұрды. Адам баласы оны орындамағандықтан, Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды жойып жіберген. Соңында Алла тағала адамдарға «Алланың діннен бекем ұстап, айырылмаңдар» [1, Әл-Имран сүресі, 103-аят], «Ақиқатында, Аллаға қабыл дін - Ислам діні» [1, Әл Имран сүресі, 19-аят] деп таза да ақиқат дін - исламды жіберді. Адам баласы қаситетті Құранды басшылыққа алып, ешкімге де, ешнәрсеге де қылдай қиянат жасамай өмір сүрсін, қоғамы әділ де иманды болсын деп дұрыс жолды көрсету үшін Құран Кәрімді Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбарымызға уахи етті.

Қазақстандағы діни жағдайды сараптау динами-касы ежелгі кезеңнен бастап кеңестік кезеңдегі уақытта қарама қайшылықты тенденциялар бар екендігін айшықтайды. Жалпы, Ислам өзінің өміршеңдігін және тұрақтылығын дәлелдеді. Себебі, ежелгі Түркі даласына дін ретінде енген ислам, кейін қазақ дүниетанымына мәдени негізде толыққанды енді. Халқымыздың барлық салт-дәстүрлерінің Исламнан бастау алатындығы ислам құндылықтарының халықтық санада берік бекігендегінен көруге болады. Сонымен қатар, Ислам діні Қазақстан жерінде әртүрлі кезеңде территориялық аймақтағы мемлекеттік бірлестіктерде түрлі маңызға ие саяси рөл атқарғандығы туралы тұжырымды дәйектер келтіруге болады. Оған Әмір Темір мен Тәуке ханның тұсындағы Мәуренахр мен Даладағы исламның орнын дәлелдейтін деректердің өзі жеткілікті. Әмір Темірдің (1370-1405) заңдар жинағында: «Мен өз қамқорлығыма Құдайдың діні мен Мұхаммед (с. а. у. ) заңдарын насихатталуын алдым. Мен Исламды барлық жерде және барлық уақыттар бірлігінде қолдадым. Дін мен заңдарға негізделмеген өкімет пен биліктің өміршең болмайтындығын тәжірибем көрсетті. Сондықтан, әр аймаққа исламның білгірін жібердім, олар өз кезегінде исламда көрсетілген сенім бойынша бұқара халықты ұятты нәрселерден тиятын болады. Адамдардың білімін көтеру үшін медресе мен мешіттер салдырдым. Мен әр қалада Қасиетті Құранды, Ислам дінінің негізіне атақты ғалымдардың зерттеулері арқылы үйрететін иманды діни өкілдер тұруына жағдай жасадым» [13, с. 11], - деп атап көрсеткен

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарының мәдени-әлеуметтік құрылымы
Әлемде әрбір ұлттың ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығы діни құндылықтармен астасып жатады. Бұл ислам құндылықтарына да байланысты. Исламның келуі - он бес ғасыр бойы әлемнің, миллиардтаған адамдарының, әртүрлі этникалық қауымдастықтың, оның ішінде қазақ этносының да тұрмыс пен салт, дүниетанымына әсер еткен күрделі тарихи құбылыс. Ол туралы өз заманына атақты философ Бертран Рассел: «Еуропа варварлыққа бой алдырғанда Шығыс басымдығы әскери істе ғана көрініп қоймай, Мұхаммедтің (с. а. у) әлемінде ғылым, философия, поэзия және өнердің барлық түрлері дамыды. Еуропалықтар өз көзқарастарының танымдық тарлығы аясында бұл кезеңді «қараңғы ғасыр» деп атайды, бірақ христиандық Еуропа үшін қараңғылық басқанымен, бұл кезеңде Андалусияда Мұхаммедтің (с. а. с) керемет өркендеген мәдениет қалыптасқан болатын», - деп суреттеген [60, с. 754] . Тарихи деректерді сараптай келе, ислам-дану үрдісінің ортағасырлық Қазақстанда сонау ҮІІІ ғасырдан бастау алып, Х-ХІІ ғасырларда шарықтау кезеңінен өткені (Қарахандар дәуірі), одан кейін екінші діни-мәдени өрлеу Алтын Орда кезінде Қазақстанның далалық аймақтарында толық және біржолата ислам үстемдік құрып, осы негіздер болашақта сақталып отырғаны себебінен қазақ хандығы толыққанды мұсылман мемлекеті ретінде дамығанын көреміз және бұл үрдіс сол кезеңдегі ауыз әдебиетінде көрініс тапты. ХІХ-ХХ ғғ. бас кезінде де ислам діні Қазақстанда жалпы бір қалыпты деңгейде болды, маңызды қоғамдық рөл атқарды, тек саяси жағдайларға және Еуропа өркениетінің келе бастауына байланысты оның мазмұны мен қоғамдық өмірінде көрініс беру формала-рына белгілі өзгерістер енді [52, 217 б. ] .

Алланың елшісі Мұхаммед (с. а. у) былай деген:
«Ислам діні бес тірекке негізделген»:
І. «Әшһаду ән лә иләһә иллАлла уа әшһәду әннә Мухаммәдән расулуллаһ» Алладан басқа ешбір тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екеніне куәлік беру». Куәлік сөзі. Бұл Ислам негіздерінің мағыналарын қамтиды. Куәліктен кейінгі Исламның басқа негіздерінің мағынасын түсіндіреді. Оның түсініктемесін мұсылманның өмірімен байланысты-Әрбір мұсылман осы негіздерге сай өмір сүру керектігін айтады.
ІІ. Намаз оқу. Күніне бес рет намаз оқу - Исламның ең маңызды парыздарының бірі. Оны орындаған адамды Алла ұлы сыйға бөлейді. Намаз белгілі шарттарға сай орындалады. Ол фиқһтың ғылымхал кітаптарында түсіндірілген.
ІІІ. Зекет беру. Белгілі бар дәулеті бар кісілер дүниелерінен кедейлердің ақыларын беріп, байлардың жүректерін сараңдықтан тазартып, кедейлерге деген мейірімділікті ояту үшін беріледі. Бұл жайында да шариғат үкімдерінде түсіндірілген.
ІV. Рамазан айында ораза ұстау. Ораза. Рамазан айында ораза тұту әрбір мұсылманға парыз. Ораза мұсылманның тақуалығын (Алладан қорқу) күшейтеді, әрі ол үшін Алла ұлы сый береді.
V. Шамасы келсе, қажылыққа бару. Өмірінде бір рет Меккедегі Алланың үйіне барып қажылық міндетін
өтеу, шамасы келген әрбір мұсылманға парыз

Бүкіл халқымызды толғандырған Абайдың теңіздей терең таланты күн өткен сайын биіктеп, ақындар үшін - арманға, ойшылдар үшін - маржанға айналды. Оның әрбір сөзі жібекке тізген меруерттей мөлдіреп, көз жауын алса, салмақты да салиқалы ойлары жаныңды тербеп, жігеріңді жанып, қиялыңды қырымға, көңіліңді биікке көтерері сөзсіз. Бұл тұрғыда қазақтың біртуар философы Ғарифолла Есім «Абай дүниетанымындағы Алла мен адам болмысын биік ғылыми парасаттық зердеден өткізуі ұрпақ тәрбиесіндегі орнықты рөлдің бекем қазығы аталы сөзден үлгі іздеуі деп білеміз. Абай дүниетанымындағы этика мәселелері ретінде адалдықты, парасаттылықты, отансүйгіштікті, иман-дылықты, адам-гершілікті, ғылым мен еңбекке құш-тарлықты, сенім мен әдеп мәселелерін алға тартуға болады»

Бір өлеңінде Алланың болмысынан сөз қозғап, шариғат бойынша Алланы танудағы бүкіл ислам әлеміндегі ғалымдардың бір ауыздан қабыл еткен негізгі доктринасының (Матурида мен Ашағаридан тұратын «Аһлі сүннет уал-жамағат») сенімі бойынша Алланың мекенсіз болмысын меңзеп былай деген:
«Мекен берген, халық қылған Ол - Лә мәкан,
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың Оны ойламай,
Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» .
Абай атамыздың осы сөзіне мәдени антропо-логиялық талдау жасар болсақ, Абайдың “Ла Макан” - «мекені жоқ», мекенсіз», - деген сөзді қолдану Имам Матруди ақидасын жақсы меңгергендігін көрсетеді. Қазіргі кезде әлемдегі сүннит мұсылмандардың жарты-сынан көбі (шамамен 53%) Ханафи мазһабын ұстанады. Ал ханафилердің басым көпшілігі Имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген иман негіздері - Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған. Әсіресе, бұл жүйе түркі халықтары арасында көбірек таралған. Әрине, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары да бар Ислам ақидасындағы негізгі ұстаным бойынша: “Алла кеңістікті, мекенді жаратпастан бұрын бар болған. Мекенді жаратқаннан кейін оған мұқтаж да болған емес. Мекенге мұқтаждық жаратылыстың сипаты. Мұқтаждық - әлсіздіктің белгісі. Ал, әлсіздік құдіретті Аллаға лайық сипат емес”, деген қағида бар. Ғұламалар: «Ақылға салып қалай пайымдасаң да Алла бәрібір оған ұқсамайды» деп ескерткен. Осы себепті, әһлі сүннет ғұламалары Аллаға: «Мұхалафатул лил-хауадис» деген ерекше сипат берген. Мұның мәні: «Алла тағала кейіннен жаратылғандардан өзгеше, олардың ешқайсысына ұқсамайды» дегенді білдіреді.

Ислам мәдениетіндегі ең жоғарғы құндылық Алланы танудағы басты қағидаттар мынадай:
• Алла тағала Өзі жаратқан жаратылыстардың ешқайсысына ұқсамайды. Алла тағаланың бар болуының белгілі бір бастауы жоқ - әзәли, соңы жоқ - мәңгі. Ал Алладан өзгенің барлығы, яғни бүкіл әлемнің белгілі бір бастауы және кеңістіктен алатын орны бар.
• Аллаға мекен мен заманның ықпалы жүрмейді. Себебі бұлар кейіннен жаратылған. Ал Алла тағала мекен де, уақыт та жоқ кезде бар еді. Түптеп келгенде, мекен мен заманның өзі Алла тағаланың билігіндегі нәрселер. Құранның: “(Уа, Мұхаммед!) «Көктегілер мен жердегілер кімге тиесілі? Бәрі Алланікі» деп айт оларға», - деген мекеннің де, оның ішіндегілердің де Алланың иелігінде екендігін білдіреді [11, «Әнғам» сүресі, 12 аят] .

Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның мәдени даму аясы және ислам құндылықтар жүйесі
Ислам діні ақырғы дін, барлық діндердің керек асылдарын бойына жинаған дін, адам баласының даму жолындағы рухани, ғылыми, мәдени жетілген кезіне арналған дін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. у) Алла өзінің бір хадисінде: «кімде-кім ғылымды сүйсе және ғалымды сүйсе, жәннатта ол менің көршім болады», - деген. Ислам ғылымының үш тірегі бар. Олар: құран аяттарын үйрену, пайғамбардың хадистерін білу, қияс жолы, яғни өлшеу, салыстыру. Ол үшеуі біріне-бірі қайшы келмей, сәйкес болса ғана - шындық. Ислам дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Бар мәселе біздің оны дұрыс түсінбеуімізде. Ислам әлемінің өз кемеліне келмей, көштен кенже қалып, тоқырауы дінге байланысты емес, оның себебі - азған ақыл, зейінсіз жүрек, түйсіксіз түсініктің салдарынан дін мен түйінді мәселелері көп қазіргі өміріміздің өзара үйлесімін терең түсіне алмауда. Ислам дініндегі қазіргі індет секталар мәселесінің тарихына жалпы мәдени анропологиялық сипа-тына жүгіну арқылы, келешек ұрпақты ол індеттен құтқарудың жолын іздедік. Себебі, нақты ғылыми тұжырымдалған фактілерді білген жастар имандылық жолын табуда адаспайды деген ойдамыз.

Қазіргі таңда, жаһандық процестердің етек алған тұсында, адам тағы ұмыт қалып барады. Осыған орай ислам философиясына оның әмбебаптық құндылықтық жүйесіне деген сұраныс пен ұмтылыс белең алып отыр. Исламның таңқаларлық өміршеңдігі мен мың-жылдықтағы рухани әлемге ықпалының өсе түсуінің себебі ислам полицентризм мен демократиялылыққа негізделген қазіргі дәуірдің негізгі принциптеріне сай келеді. Ислам, Шығыс пен Батыстың дін мен ғылымның тиімді диологына, әріптестігіне, бірлесе жұмыс істеуіне, ашық басқа діни сенімдер мен мәдениет феномендерімен рухани қарым-қатынас әрі мәдени-тарихи өзара ықпалдастық жасауға бейім. Исламға төзімсіздік пен фанатизм пиғылдары жат. Сол үшін де ол жер шарының түкпір-түкпіріндегі халықтарға жетіп, уақыттың қиыншылығына қарамастан, әлі күнге дейін өзінің теологиялық тұжырымдамаларының бірегейлігі мен өзіндік болмысын сақтап, өз тұғырларын өзгерткен жоқ. Таза исламды бетперде етіп, түбінде жеке мүддені көксейтіндер жетегінде кетуден елімізді аман-сақтауда діни сауаттылықты дамытудың маңызы зор. Ислам шын мәнінде адамның мүддесін қорғайды. Сондықтан адамзат мүддесін көздейтін мәдениетті қабылдамауы мүмкін емес. Біз осындай сындарлы көзқарас ұстану арқылы мәдениетіміздің дұрыс бағытта дамуына ықпал ете аламыз. Ендеше, өз ғасырымыздың тыныс-тіршілігінен де, оның озық мәдениетінен де оқшауланбай, мұның бәрі заңды құбылыс екенін түйсініп, қоғам мүддесіне сай тұстарын қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасағанымыз абзал.

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтар жүйесінің этикалық категориялары
Адамдардың дағдыланған құндылықтары мен әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты адамдардың қуанған, ренжіген сәттерін негізге ала отырып, олардың құндылығы жайлы сөз қозғауды жөн санап отырмыз. Адам баласы биологиялық болмысы жағынан жану-арлармен ұқсас келеді. Ал жануарлардан рухани болмы-сымен ерекшеленеді. Адамзат осы рухани байлығының арқасында өзіне тән мәнді, мағыналы бір әлемде өмір сүреді. Адамның биологиялық және рухани болмысына негізделген құндылық жүйелері адам баласының ішкі әлемінен өзіне лайықты орын тауып, оның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына ықпалын тигізеді. Сондықтан адамдар жануарлардан тек қана биологиялық қоздыр-ғыштарымен ерекшеленіп қана қоймай, ең жоғарғы дәрежеде сана-сезімі арқылы қалыптастырған мағыналы әлеміне сүйене отырып әрекет етеді. Құндылық жүйесінің қалыптастырған адамның мәнді әлемі мен жүріс-тұрысы арасындағы айыр-машылығы, кісінің үш түрлі мінез-құлқы арқылы байқалады:
Кісінің жеке басына қатысты мінез-құлқы;
Кісінің басқалармен қарым-қатынасында байқа-латын мінез-құлқы;
Кісінің болмысынан қалыптасқан мінез-құлқы
Адамның жеке басына қатысты мінез-құлқын басқаратын биологиялық немесе рухани болмысы. Бұл жерде мәселеге құндылық жүйелері тұрғысынан қарағанда, биологиялық негізгі құндылықтар мен адамның рухани болмысы басты назарға алынады. Рухани құндылықтарды орындауды өзіне міндет етіп қойған кісі, алдымен негізгі құндылықтарды мұқтаждығымен қанағаттандырады, содан кейін барып өзі үшін ең маңызды болып табылатын рухани құндылықтарға бағытталады. Қарапайым шарттардың өзінде негізгі құндылықтарды құндылық ретінде мойын-дамайтын кездері де болады. Экономикалық ахуалы тұрақты, күнделікті тұрмысқа қатысты қажеттіліктерін жеңіл жолмен қамтамасыз ете алатын бір кісінің, білім нәрімен сусындау, парасатты болу, жақсы өнер адамы болу, атаққа бөленуге сияқты негізгі рухани құндылықтарға қол жеткізу мүмкіндігі, мүмкіндігі шектеулі, экономикалық жағдайы төмен адаммен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Іс, жұмыс, ақша табу рухани құндылықтардың қалыптасуына демеу болатын құрал құндылықтар болып табылады. Экономикалық жағдайы төмен адамның санасы-сезімі көбінесе негізгі құндылықтардың орындалуына кері әсерін тигізеді. Рухани құндылықтарды жоғары құндылық ретінде қабылдағанымен, негізгі құндылықтардан асып, шыға алмағандықтан оларды жүзеге асыра алмайды

Исламда жүректің таза болуы үшін арылатын исламдық емес құндылықтарды да атап өткен жөн.
Олар:
• Қызғаныш - Алла тағаланың басқа жанға нәсіп еткен нығметінің жоқ болуын тілеуі.
• Ызақорлық - дұшпандық, кекшілідік және өшпенділік сезімдерінің жетегінде кету. Бұл қасиет, сонымен қатар қызғаныш пен өкпешілдік те тудырады.
• Тәкәппарлық - Адамның өзін басқалардан үстем көруінен туындайтын менменшілдік қасиеті.
• Өз-өзіне тәнті болу - Адам өзін ілім және амал-дары бойынша кемелденген жан деп есептеуінен туындайтын менменшіл қасиет.
• Сараңдық - Мал-мүлікке болған құштарлық салдарынан басқалармен бөлісу немесе көмектесу сезімінен жұрдай болуы.
• Екіжүзділік - Жақсы қасиеттерімен адамдарға жақсы көрінуге талпынудан туындайтын теріс қасиет.
• Атақ және даңқ құмарлық; Хаққа апаратын жолда аяққа тұсау болатын жаман қасиет. Әрине, Алла тағала өз дінінің кемелденуі үшін атақ пен даңққа бөлеген жандардың жөні басқа.
• Мақтанқұмарлық - ата-бабасымен, тегімен мақтану. Бұл тиым салынған жаман қасиет болып табылады.
• Өкпешілдік - тұла бойын ашу-ыза мен өкпе кернеген адамның жағымсыз қасиеті.
• Ғайбат - Басқа бір мұсылман бауырыңды естіген сәтте ренжитін бойындағы кейбір міндерін артынан айту. Мұсылман бауырыңның дене бітімі, сөздері, іс-әрекеттері, ғибадаттары, күнделікті өмірі, киім-киіс жүріс-тұрысы туралы артынан жағымсыз сөз сөйлеу ғайбат болып табылады.
• Іріткі салушылық - Адамдар арасында іріткі салу мақсатымен сөз тасу.
• Өтірік - Бір нәрсені болған күйінен басқаша етіп жеткізу. Бұл ең жиренішті күнәлардың бірі болып табылады.
• Көп сөйлеу - Бұл да жағымсыз қасиеттердің бірі болып саналады. Себебі күнәларды паш ету, өсек айту секілді көптеген харам немесе мәкрүхтердің жасалуына себепші болатын теріс қасиет.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz