Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы


Slide 1

Мұсылмандық бейнелеу өнері, сәулет өнері және поэзиясы. Каллиграфия, миниатюра өнері

Slide 2

Жоспар:

Мұсылмандық бейнелеу өнері

Мұсылмандық сәулет өнері

Мұсылмандық поэзиясы

4. Каллиграфия және миниатюра өнері

Slide 3

Мұсылмандық бейнелеу өнері

Қазіргі уақытта ислам өнерге қарсы деген сөздер көп айтылып жүр, ал шын мәнінде бұл олай емес. Адамдардың әдемілік туралы көзқарастарының әр түрлі болуына қарамастан, кез - келген адамға жаратылыстың әдемілігін шынайы түрде сезіну тән және бұл құдіретті Алла тағаланың, Адам атаның барлық ұлдары мен қыздарына берген сыйы. Осының арқасында біз қоршаған ортаны тамашалаудан үлкен эстетикалық ләззат аламыз. Оқыған білімді адамға осыншама бай мәдениетті жасаған мұсылмандарды өнерге қатысты қандай да бір жау пиғылда деп айту қиын.

Slide 4

Қасиетті Пайғамбар (с. ғ. с. ) өте қатаң түрде барлық мұсылмандарды адам мен жануарларды бейнелеуге болмайды деп ескертті. Ол өз хадистерінде “Періштелер тірі жанның суреті бар үйге кірмейді” деп айтқан болатын. Осыған байланысты барлық Құдайға сенуші адамдар бұрында және қазіргі уақытта да осыны ұстанады. Оның ішінде өздерінің ең сүйіктісі Мұхаммед Пайғамбардың (с. ғ. с. ) суретін салудан бас тартады. Ислам өз сенушілеріне тірі жанның суретін бейнелеуді олардың жеке (өз) игіліктері үшін және басқа да мәдени - конфессионалды жүйелердің спецификалық ерекшеліктерін сыйлай отырып тиым салады.

Slide 5

Ислам суретшілері үшін ең көп салатын суреттері - ол кез келген мұсылман үшін қасиетті Ал - Каба, исламның екі қасиетті қаласы - Мекке мен Медина, қасиетті құранның суреті және сонымен бірге арабша жазылған Құдіретті Алла Тағаланың аты.

Slide 6

Қазіргі уақытта әлемнің кез - келген сурет өнерінің мұражайында мұсылман көркем суретінің залы болуға тиісті. Себебі сурет өнерінің барлық жанрларын қамтитын ислам суретшілерінің керемет шығармашылығы сондай айқын да, әр алуан, өте терң де мазмұнды. Сондықтан ол ислам әлемі қазіргі уақытта барлық адамзатқа беріп отырған мәдени құндылықтар арасында үлкен орын алады.

Slide 7

Мұсылмандық сәулет өнері

Ислам сәулетшілерінің еңбектері оюлармен безендіріліп, өз формасы мен байлығымен ерекшеленеді. Исламның мәдени құрылыс нысандарына әдемілік, қапырық күннің, ыстық құммен тыныш базистің образдары тән. Мешіттің көгілдір күмбездері, минареттің тамаша мұнаралары, фантандағы судың сылдыры адам жанына жеке өз сенімділігін ұялатады және оған жарқын да қуанышты дүниетанымдылықты сыйлайды.

Қазір жүздеген жаңа материалдар пайда болып мекемелер салудың күрделі процесі жеңілдендірілді. Тек сәулет өнерінің негігі принциптері өзгеріссіз қалды. Будозерлермен эксковаторлардың орнында ултрадыбыстық электрлі, пневматикалық және лазерлік болады. Сәулетшілер әр түрлі формалар жасайды - жеңіл, көптүсті, ыңғайлы, әдемі және мықты мекемелерді жасайтын болады. Заман өзгеріп, әр ғасырдың сәулет өнері тарихтың куәгері ретінде, сол заманның символы ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып қалып отырады.

Slide 8

Мұсылмандық поэзиясы

Мұсылман ақындарының ақындық шеберлігі сан мен емес адам жүрегіне әсер ете білуімен таңқалдырады. Бұл олардың жоғары ислам руханилығымен олардың тілінің әдемілігі түсіндіріледі.

Әлі күнге дейін ислам ақындары Каба ибн Зухайра мен Аль - Бусиридің есімдері сақталған. Олардың касидтері құдіретті Алла Тағаланың ұлылығымен құдіреттілігі, Мұхаммед Пайғамбардың (с. ғ. с. ) жарқын образы туралы айтады. Олар баяғыдан - ақ классика болып қалыптасып, барлық поэзия мұсылманның ірге тасына негіз болып қаланды.

Slide 9

Барлық әлемге танымал „Хамсэ” поэмасының авторы - Низами Гянджеви (1141 - 1209 жж. ), Махаббат лирикасының майталман шеберлері Мұхаммед Физуме (1494 - 1556 жж. ), Алишер Новаи, Махтерикуш, Фирдауси, Саади, Хафиз кезеңінде адамзат сезімдерін керемет шеберлікпен жырлап берді. Олардың поэмаларда, өлеңдерінде, әндерінде, өмір, отан, өмір және махаббат туралы ойлар әр түрлі болды.

Низами Гянджеви

Slide 10

Исламда сурет салу мен мүсін жа­сауға тыйым салынғандықтан, мұсыл­мандар өнердің басқа түрлерін жетілдірген. Айталық, мұсылман каллиграфиясы - бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде қабылданып, көркем сурет жанрын­да ерекше орын алды. Ол аяттар­ды әсемдеп жазуды дамыта келе, кейіннен сәулет өнеріне де сіңді. Араб каллиграфиясы орнаментке жанаса отырып, ерекше әсер беруімен ерекшеленді. Каллиграфия өнері аса көркемділігі, яғни эстетикалылығы үшін өте жоғары бағаланды. Бұл басқа мәдениеттерге ұқсамайтын сол заманның озық үлгілерін тудырды. . Мысалы, Тәж Махал, Ыстамбұлдағы Көгілдір мешіт, Омар мешіті, әл-Әзһар мешіті, Ибни Тулун мешіті, Самарқанд, Исфаһан мешіттері, Гренададағы Альгамра сарайы, Кордова сарайлары мен мешіттері.

Каллиграфия және миниатюра өнері

Slide 11

Мәдени сәулет өнерлері

Slide 12

Насх-(араб тілінде-хат, жазу) - ислам өнеріндегі каллиграфия. Жеңіл, тез жазылатын жазу үлгісі. VIII-IX ғғ. насх жазуы кітаптарды көшіруде кең қолданылды. X ғ. бастап куфи жазуларын ығыстыра бастаған. XIII-XIV ғғ. жеңілдетілген тез жазу насх көптеген бұйымдарда, атап айтқанда керамикаларда, кестеленген маталарда, көркем сәулет материалдарында, металл, ағаш бұйымдарды әшекейлеуде көп кездеседі. Көбіне Алла атыменжақсылық, сәттілік тілеген тілектер, шығыс ақындарының рубаяттары жазылуда қолданылды.

Ең көне жазу үлгісі куфи жазу болып табылады. Ол Құранның алғашқы көшірмелерін жасауда қолданылды. Куфи үлгісіне тән қасиет үлкен әріптер, бірге жазылған әріптердің арақашықтықтарының үлкен болуы.

Slide 13

Сульс - насх үлгісіне қарағанда көркем. Көбіне жазудың басқы бөлігін жазуда қолданылды. Сульске тән белгі- тығыз орналасқан шеңберленген әріптер, бөлшектері қиылысады. Сульс формасы ғасырлар бойы өзгеріп, дамыды. Архитектуралық әшекейлеуде, металл, шыны бұйымдарды әшекейлеуде және Құран мәтіндерін жазуда көптеген нұсқалары сақталды. XІғ. сулс куфи үлгісін ығыстырды. Жазулар теріде, папирусте, қағазда жазылды. Жібек, барқыт маталарда, керамика, металлдарда, тастарда каллиграфия үлгілерін қолданып, жазулар түсірілді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Сәулет өнері туралы түсінік
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Мүсін және сәулет өнері
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанралры
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Бейнелеу өнерінің түрлері
Аристотельдің өнер философиясы
Табиғат - біздің өміріміздің сәні
Қазақ бейнелеу өнері
Кескіндеме - белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz