Оқудың оқытудың негізгі мәселелері


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Оқудың/оқытудың негізгі мәселелері

Slide 2

Жоспар.

1. Білім саласының негізгі мәселелері туралы

2. «Білім» түсінігінің негізгі проблемалары мен стереотиптері

3. Білім игеру процесіндегі өзгерістер

4. Үйрену/үйретудің түрлері(әлеуметтік тәжірибе арқылы)

Slide 3

1. Білім саласының негізгі мәселелері туралы

Slide 4

Білім саласының негізгі мәселелері туралы

Білімді болу үшін үйренуші еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет.

Білімге тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Білім алушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.

Slide 5

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы мамыр айының 26 жұлдызында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты Дәріссында осы мәселені келесі сөздермен дәлелдеп берген сияқты: «Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі білімге ұмтылмаса, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды»

Slide 6

Білім саласындағы негізгі мәселелер:

1. Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/үйрету керек?) .

2. Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?) .

3. Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?) .

Slide 7

Білім игеру процесіндегі өзгерістер.

Өмір сүруге, адам және тұлға болуға үйрену/үйрету Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль, немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру - адамның ең басты мақсаты мен міндеті. Ал өмір сүру дегеніміз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктеріңмен, мүшелеріңмен сезіну: дана деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан-жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?! Ұстаздың басты мақсаты - шәкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық.

Slide 8

2. «Білім» түсінігінің негізгі проблемалары

Ақпараттың көз ілеспес жылдамдықпен дамуымен бірге адам миының есте сақтау мүмкіндігінің шектеулі екендігін ұмытпау керек.

Көне заман философтарының бірі «Адамның табиғи қасиеті есте сақтау емес - ұмыту» деген екен. Білім игеру процесі - қайталау емес, ал сабақ - тексеру емес

Slide 9

3. Білім игеру процесіндегі өзгерістер

«Нағыз тұлға қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беру үшін американдық философ Абрахам Маслоудың идеяларына жүгінейік. А. Маслоу адам қажеттіліктерін жүйелеу арқылы тұлғалардың да қандай дәрежеде болатындығын көрсеткен.

Slide 10

1-деңгей. Физиологиялық қажеттіліктер

2-деңгей. Қауіпсіздік пен тұрақтылық қажеттілігі

3-деңгей. Қандай да бір әлеуметтік топтың құрамына жату қажеттілігі

4-деңгей. Басқалардың мойындауы, тануы мен сыйлауына ұмтылу қажеттілігі

5- деңгей. Өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі

Slide 11

4. Үйрену/үйретудің түрлері(әлеуметтік тәжірибе арқылы)

Ойлай білуге үйрену/үйрету

Slide 12

Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейннің «Дыбыс жылдамдығы қандай шама?» деп сұраған бір әйелге: «Мадам, мен сөздіктер мен анықтамалардан алуға болатын деректерді ешқашан да есімде сақтамаймын!» деп жауап бергені мүмкін сол себепті де болар?

Slide 13

Сол себепті де компьютер шығаратын алпауыт компаниялардың бірі ІВМ-ның бас офисіне кіре берісте келесідей ұран жазылған: «Бас адамға есте сақтау үшін берілмей, ойлау үшін берілген! Ал есте сақтау үшін компьютерлер шығарылған!»

Slide 14

Қазіргі күні ғалымдар ойлаудың үш түрін ажыратады:

1. Сыни ойлау. 2. Проблема шешуде 3. Шығармашылық

қолданатын ойлау. ойлау.

- Белгіленген критерийлер бойынша бағалау

- Рефлексия түріндегі күмәндану

- Дербес түрде пайымдау, қорытындылау

- Логикалық талдауды қолданады

- Жүйелі түрде ойлау

- Аналитикалық ойлау

- Эмпирикалық ойлау

- Жүйелі түрде ойлау

- Эвристиканы қолданады

- Алгоритмдерді қолданады

- Конвергенттік ойлау

- Сызықтық ойлау (проблемалар бірінен соң бірі шешіледі)

- Интуитивтік ойлау

- Жорамалдылық

- Күмәндану

- Әртүрлі тәжірибе-лерді жинақтайды, біріктіреді

Slide 15

Сыни ойлау - сенім («Не нәрсеге/кімге сенуім керек?») мен құндылықтарды таңдау, қандай да болмасын мәселе бойынша барлық сұрақтар қарастырылғанша «сыпайы» түрде күмәндану.

Проблема шешуде қолданатын ойлау - жүйелі талдауды қажет ететін ойлау процесі, мұнда бұрынғы білім білмейтінді анықтау үшін қолданылады (эвристика) . Ойлаудың бұл түрі бақылау, қорытындылау, жалпыламалау, жорамалдау (гипотеза құру) мен оны тексеру секілді әрекеттер арқылы атқарылады. Мұнда тәжірибе қою арқылы (эмпирикалық тәсіл) проблемалар арасында байланыстар анықталып, олар бір-біріне жақындастырылады.

Шығармашылық ойлау проблеманың қиял мен фантазия, елестету арқылы вариациялары көп шешімдерін келтіруді меңзейді.

Оқу/оқыту шәкірттерді осындай ойлау түрлеріне ынталандыруы керек, олар әр сабақта қандай да болмасын тапсырманы орындағанда оны жекелей және бірлесе отырып, жан-жақты қарастырып, ой елегінен өткізіп, туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап, пікірлесуі қажет. Ойлау дегеніміз мәселе жайында өзіңе сұрақтар қойып, соларға жауап іздену, жекелей және бірлесе ой қозғау. Ақыл-ой тек ойлану арқылы ғана дамитындығын ұмытпау керек.

Slide 16

Әлеуметтiк тәжiрибе арқылы үйрену/үйрету

Оқытуда тағы да бір мәселеге ерекше назар аудару керек: шәкірттің әлеуметтiк тәжiрибесiн арттыру. Басқаша сөзбен айтқанда, оқу процесiнде әлеуметтiк мазмұн басым болуы қажет.

Slide 17

«Сыни сауаттылық»ұғымының пайда болуы.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Мектепте АКТ – ның құралдарының даму тарихы
Дауыстап оқу
Зерттеу мақсаты
Белсенді оқушы
Оқытудың заңдылықтары және қағидалары
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясы
Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz