Білім саласындағы негізгі мәселелер


Slide 1

Оқудың/оқытудың негізгі мәселелері

Slide 2

Жоспар:

1. Білім саласының негізгі мәселелері туралы

2. «Білім» түсінігінің негізгі проблемалары мен стереотиптері

3. Білім игеру процесіндегі өзгерістер

4. Үйрену/үйретудің түрлері(әлеуметтік тәжірибе арқылы)

Slide 3

Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет. Білім алушының өзі үйренуге құлық, құлшыныс, ықылас пен ынта танытуы керек. Қандай керемет ұстаздар болмасын, оқуға еш ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.

Slide 4

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы мамыр айының 26 жұлдызында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты Дәріссында осы мәселені келесі сөздермен дәлелдеп берген сияқты: «Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі білімге ұмтылмаса, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды» (Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. - Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр) .

Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді.

Slide 5

Білім саласындағы негізгі мәселелер

1. Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/үйрету керек?) .

2. Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?) .

3. Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?) .

Slide 6

«Білім ═ ақпарат» формуласы бүгінгі күні ескірген, білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады

Білім игеру процесі - қайталау емес, ал сабақ - тексеру емес

Білім дегеніңіз есте сақталатын ақпарат көлемі

Ақпараттың көз ілеспес жылдамдықпен дамуымен бірге адам миының есте сақтау мүмкіндігінің шектеулі екендігін ұмытпау керек.

педагогика саласында еңбектенетін ғалымдардың айтуы бойынша, орташа есеппен әр сабақтың 80% бөлігі есте сақтауға (репродукцияға) бағытталған әрекеттерден құралады екен.

Білім - ақпарат емес

Slide 7

Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді

Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып, соларды қайталап беруді талап етеді. Мұндай ұстаздың пікірі де біржақты болады: ол басқа көзқарастарды тіпті де қарастырмайды, оның қолданатын әдістері мен тәсілдері жұпыны: өз ұстанымдарын шәкірттеріне сөз арқылы жеткізе білетіндігіне кәміл сенеді, «Мен айтып берсем - оқушы түсінеді» деген қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады.

Алайда сөздің нәтижелігі шамалы: «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын» (Конфуций) . Шәкірттеріміз де сөзге онша да илана қоймайды. Көп жағдайда сөзіміз айтылған жерде қалып қояды, немесе оқушылардың бір құлағына кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді.

Бүгінде педагогикада тек сөз арқылы ғана үйрену мүмкін еместігі дәлелденіп отыр. Керісінше, білімді әрекет арқылы ғана игеруге болады. Адам тек өз қолымен жасағанды жадында сақтап, осы әрекеттерінің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады: «Менің өзіме жасатсаң - үйренемін!» (Конфуций) . Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікрілесу, пікір таластыру.

Slide 8

Ұстаздың басты мақсаты - шәкірттерін адам болуға баулу

Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек осы мақсаттың құралы ғана. Ал егерде оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе пәнді білмесе, бұл қынжылуға тұрарлықтай жәйт емес, өйткені мұндай жетіспеушілікті аталған биік мақсат толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт оқу нәтижесінде қандай да болмасын пәнді біліп емес, адам болып қалыптасуы керек.

Slide 9

ХVІІІ ғасырда «Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ» деп налып айтқан екен. Шынымен-ақ бүгінде қолында бірнеше дипломы бар мамандар жыртылып-айырылып жатыр да, ал тұлғалар тапшы емес пе?

Жан-Жак Руссо

Slide 10

«Нағыз тұлға қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беру үшін американдық философ Абрахам Маслоудың идеяларына жүгінейік. А. Маслоу адам қажеттіліктерін жүйелеу арқылы тұлғалардың да қандай дәрежеде болатындығын көрсеткен.

Жан-Жак Руссо

А. Маслоу

Slide 11

1-деңгей. Физиологиялық қажеттіліктер

(тамақ, ұйқы, жылу, қанағаттанарлық жалақы, т. б. ) - мотивацияның бұл деңгейі адамның басты қажеттіліктерін меңзейді, бұл - «өлместің амалы».

Мысалы, жұмыс орнында қызметкер бірінші мезетте өзін қанағаттандыратын жалақы мәселесін көтереді; студентті оқу ақысы мен осы жоғарғы оқу орнына түсудің төменгі балдары қызықтырады: университеттің абырой-даңқы, имиджі оны әзірше мазаламайды; мекеме (кәсіпорын, фирма, университет, т. б. ) үшін бұл деңгейдегі басты мәселе - жабылып қалмау; жабылмау үшін бұл мекеме қандай да болмасын қулықтарға баруға дайын болады.

Slide 12

2-деңгей. Қауіпсіздік пен тұрақтылық қажеттілігі

(ауру-сырқаудың, табиғи және техногенді апаттар мен катастрофалардың, соғыстың болмауы, тұрақты табыс, үй-жайдың бар болуы, т. б. ) - бірінші деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған соң туындайтын мотивация.

Қызметкер қанағаттандыратын жалақыны тұрақты түрде алғысы және жұмыс орнын сақтап қалғысы келеді. Студент жоғарғы оқу орнында қанағаттанарлық білім алып, оқу мерзімі аяқталған соң диплом алғысы келеді. Мекеме (кәсіпорын, фирма, университет, т. б. ) міндетті түрде тұрақты пайда тапқысы келеді.

Slide 13

3-деңгей. Қандай да бір әлеуметтік топтың құрамына жату қажеттілігі

(жанұя, дос-жолдастар, жұмыс ұжымы мен командасы, партия, ұлт, мемлекеттің азаматтылығы, діни конфессия, т. б. ) - «Адам - қоғам мүшесі, ол қоғамнан тыс қала алмайды» қағидасынан туындайтын мотивация.

Адам қандай да болмасын бір қоғамның толыққанды және құқылы мүшесі болғысы келеді. Ол мұндай қоғамның мүдделерін өзің де мүддесі деп есептейді және соларды жүзеге асыру үшін күш жұмсайды. Ұйымдар мен мекемелердегі «команда» ұғымы (яғни, бір мүдде мен мақсаттарды, идеялар мен әдіс-тәсілдерді ұстанған пікірлес қызметкерлер жиынтығы) міне осы мотивация негізінде қалыптасады.

«Команданы» тек жалақы немесе тұрақтылық үшін жұмыс істеп жүрген адамдар қанағаттандырмайды. «Командаға» ортақ мақсатты жеке мүддеден жоғары қоятын және сол үшін аянбай жұмыс жасауға дайын қызметкерлер қажет.

Студент өзін осындай «команда» құрамында көріп, ұжым (топ, курс, мамандық, факультет, университет) игілігі мен дамуына өз үлесін қосқысы келеді. Мұнда мәселе париотизмге келіп ойысады.

Мекеме (кәсіпорын, фирма, университет, т. б. ) бұл деңгейде өзін ауқымды бір істің, қозғалыс немесе бизнестің құрамдас бөлігі ретінде сезінгісі келеді.

Slide 14

4-деңгей. Басқалардың мойындауы, тануы мен сыйлауына ұмтылу қажеттілігі

- өзін қоғамның бір бөлігі деп есептейтін адамның басқалардың біркелкі деңгейінен жоғары шығып, өзінің ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсетуге ұмтылуы, басқалардың өзін нағыз тұлға ретінде мойындауын қажет етуі.

Бұл мотивация кәсіби шеберлікті шыңдауға, көшбасшылыққа, махаббатқа, марапатқа, мадақ алуға, абырой-даңқ пен билікке ұмтылудан көрінеді. Қызметкер, студент, мекеме өз қатарының алды, ең үздігі болуға, бірінші болуға ұмтылады.

Slide 15

5- деңгей. Өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі

рухани даму мен кемелдену, оның жаңа жолдарын іздеу, ізгілікке ұмтылу, басқаларға жақсылық жасау, өзін-өзі және әлемді жақсартудың күнделікті қажеттілігі. Адам өзінің бүгінгі ахуалынан асып кеткісі келіп, үнемі кемелденудің жолдарын іздейді.

Slide 16

Қазіргі күні ғалымдар ойлаудың үш түрін ажыратады

1. Сыни ойлау.

3. Шығармашылық ойлау

2. Проблема шешуде қолданатын ойлау.

Slide 17

Сыни ойлау

-сенім («Не нәрсеге/кімге сенуім керек?») мен құндылықтарды таңдау, қандай да болмасын мәселе бойынша барлық сұрақтар қарастырылғанша «сыпайы» түрде күмәндану.

Slide 18

Проблема шешуде қолданатын ойлау

-жүйелі талдауды қажет ететін ойлау процесі, мұнда бұрынғы білім білмейтінді анықтау үшін қолданылады (эвристика) . Ойлаудың бұл түрі бақылау, қорытындылау, жалпыламалау, жорамалдау (гипотеза құру) мен оны тексеру секілді әрекеттер арқылы атқарылады. Мұнда тәжірибе қою арқылы (эмпирикалық тәсіл) проблемалар арасында байланыстар анықталып, олар бір-біріне жақындастырылады.

Slide 19

Шығармашылық ойлау

проблеманың қиял мен фантазия, елестету арқылы вариациялары көп шешімдерін келтіруді меңзейді.

Оқу/оқыту шәкірттерді осындай ойлау түрлеріне ынталандыруы керек, олар әр сабақта қандай да болмасын тапсырманы орындағанда оны жекелей және бірлесе отырып, жан-жақты қарастырып, ой елегінен өткізіп, туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап, пікірлесуі қажет. Ойлау дегеніміз мәселе жайында өзіңе сұрақтар қойып, соларға жауап іздену, жекелей және бірлесе ой қозғау. Ақыл-ой тек ойлану арқылы ғана дамитындығын ұмытпау керек.

Slide 20

Ұстаздың басты мақсаты - шәкіртіне білімді өздігімен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік түсінік қалыптастыруына тиімді жағдай жасап, бағыт-бағдар сілтеу.


Ұқсас жұмыстар
ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ
Жоспарлау Денсаулықты жоспарлау
Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау
Кітапхана жұмыстарының бағыттары
Денсаулық сақтауды жоспалау
Тіл мәдениетін жетілдіру
Рефлекция педагогтың өзін-өзі тануының тетігі ретінде
Жастар сясаты
Қашықтықтан оқытудың құралдары
Білімнің қызметтері әлеуметтік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz