Қышқыл жаңбыр
Презентация қосу
Өмір сүру ортасының антропогендік
қауіп-қатері.
Жоспар:
1.Антропогендік қауіп.
2. Атмосфералық ауаның былғануы.
3.Смог.
4.Қышқыл жаңбыр.
5.Парниктік эффект.
6.Озон қабатының бұзылуы.
1.Антропогендік
қауіп.
Антропогендік қауіп
адамдардың шаруашылық іс-
әрекетінің және өзі құрған
объектілерінің жұмысының
нәтижесінде пайда болады әрі
адамдардың денсаулығына
және өмір сүру ортасына кері
әсерін тигізеді.
2. Атмосфералық
ауаның былғануы.
Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың өмірі, жердің
азоттан, оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан,
гелийден тұратын газ қабаты.Атмосфералық ауаның
әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар
органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің
ауруына әкеліп соғады.
Атмосфераның ауасын ластайтын
негізгі антропогендік көздер
қатарына өнеркәсіп орындарының
кейбір салалары, автокөлік, жылу
энергетикасы жатады.
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының
көздерінен атмосфераға жыл сайын зиянды заттар
шығады. Атмосфераға кететін зиянды
қосындыларының жартысына жуығын энергетика, ал
түсті металдар – 22,7%, қара металдар-15,7 % береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруды
автокөліктер үлкен орын алады. Қазақстанның
үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды
заттарды шығарудағы үлесі 60-80 пайыз
құрайды. Ал Алматы қаласында – 90 пайыз.
Осы күндері атмосфераға 500 ден астам улы
заттар шығады екен, оның саны күннен күнге
ұлғаюда. Мысалы, фтор қосындысы, хлор,
қорғасын, сынап, бензапирен, аммиак, фенол,
фторлық сутегі формальдегид, қорғасын, азот
диоксиді және шаң. Шымкент және Лениногорск
қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан
100 есе артып кеткен.
Атмосферадағы қоспалардың және олардың
қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосы-
лыстардың пайда болуына әкеліп соғады. Олар
қара түтін немесе смог, қышқыл жаңбыр. Бұлар
озон қабатын бұзатын бірден-бір қосындылар.
3.Смог.
Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында
байқалатын ауаның өте қатты ластануы.
Оның екі тұрпаты
байқалады:
-түтіннен немесе
өндірістік газдың
қалдықтарынан
құралған қалың тұман;
-фотохимиялық смог –
өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз
жиынтығы, ол күннің ультракүлгін сәулесінің
әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралады
әрі өте улы келеді.
4.Қышқыл жаңбыр.
Қышқыл жаңбыр күкірттің және
азоттың атмосферадағы химиялық және
физикалық реакцияларының әсерінен
туындайтын құбылыс.
Қышқыл жаңбыр адам денсаулығына,
қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.
Мысалы, ауадағы ластар және қышқыл
жаңбырлар металконструкцияның тотбасуын
жылдамдатады; ғимараттардың,
ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады;
топырақ пен судың қышқылдығын өзгертіп,
топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім
беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің
жойылуына ықпал етеді.
Қышқыл жаңбырдың әсері:
5.Парниктік эффект.
Атмосфераның құрамы мен жағдайы Ғарыш
пен Жер арасындағы сәуле, жылу алмасу
процесіне әсер етеді. Атмосферадағы газдар мен
басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден
Ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды
да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай
климаттың жылынуына әкеліп соқтырады.
Парниктік эффекттің Жер тұрғындарына алып
келер зардабы көп. Сондықтан осы күрделі
мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді
шаралар қабылдамаса,Жердегі өмір-тіршілікке
үлкен қатер туындауы мүмкін.
Парниктік эффекттің
нәтижесі:мұздардың еруі.
6.Озон қабатының
бұзылуы.
Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі
озондық қабатқа жетіп, оны бұзады.
Озондық қабаттың бұзылуы Жерге 0,29мкм
ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік
туғызады. Бұл қысқа толқынды
ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте
қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды;
онкологиялық және көз аурулары көбейеді.
Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі
заттар – хлор мен азот қосындылары. Хлордың
бір молекуласы 10 озонның молекуласын,азот
оксидінің бір молекуласы оның 10
молекулаларын талқандайды.
Озон тесігі:
Хлор мен азот қосындыларының озондық
қабатқа көтерілуінің негізгі көздері болып
төмендегі факторлар саналады:
-ұшақтардың шығаратын газдары;
-зымырандардың шығаратын газдары;
-вулкан газдары;
-фреонды пайдаланатын технологиялар;
-атом жаратылыстары.
Мысалы, «Шаттл» ракетасының бір ұшуы
озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп
соғады.Озон қабатының осы тесігінің
жабылуы ұзақ уақытты қажет етеді.
Озонның тесігі:
Озон қабаты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»
С.Арпабеков,Алматы,2004ж
2. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері»
Е.Н.Нәбиев,Астана,2012ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz