Индуизмнің қасиетті жазбалары


Slide 1

Тақырыбы :Ұлттық діндер және олардың түрлері

Slide 2

Тақырыбы: Ұлттық діндер және олардың түрлері

Slide 3

Жоспары

1. Үндістандағы ұлттық діндер-индуизм

және сикхизм.

2. Қытайдағы ұлттық діндер:

конфуцийшылдық және даосизм.

3. Жапондардың ұлттық діні-синтоизм

4. Еврейлердің ұлттық діні-иудаизм

Slide 4

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде

орналасқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай

мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.

Индуизм б. д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

Қасиеттері істер жолы

Таным жолы

Адалдық жолы

Діни құрамы:

индуизм дініне табынатындар - 80, 3%;

мұсылмандар - 11%;

мәсіхшілік дініндегілер - 4%-дай;

сикхтар - 2, 8%, т. б.

1. Үндістандағы ұлттық діндер-индуизм және сикхизм

Slide 5

Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылы-ғының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлер-інде де аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшы-лықтың бірден назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық "Индуизм” атты энциклопедияның дайындалып дайындалып жатқандығы дәлел десе де болады. Бұл энциклопедияға көптеген елдерден 1250 ғалымның 1-нан астам ғылыми мақалаларын енгізу көзделіп отыр.

Slide 6

Индуизмнің тұңғыш қауымы - «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмар-лығымен күресті . Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті . Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай - Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды . Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті . Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті . Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух - пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

Slide 7

Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған. Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б. ) бар.

Slide 8

Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда құдай тұжырымдамасы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы жинақтал-ған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердегі) бәрі индуизмде мойындалады. Брахман - әлемді жаратушы, бастапқы бірліктің барлық тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін жүзеге асырушы. Бірақ Брахманның адам алдында-ғы еңбегі дәстүрлі индуистік түсінік бойынша көрнекті болмады. Сондықтан да Брах-манға онша сыйынбайды, оған арналған храмдар саны да санаулы ғана. Индуистер-дің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан, шиваиттер мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді. Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса ол - өмірлік күштің және еркектік бастаманың иесі.

Slide 9

Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі. Олар шрути - "тыңдау, естілу” деп аталады. Оның екі себебі бар: олар жоғарғы құдайдан естілген және шәкірттер ұстаздарының әңгімелерінен осы текстерді қабылдаған. Қазіргі индуизмде құдайға құлшылық еткенде осы ведалық мәтіндерден мантралар оқылады. Мантраларды (қасиетті сөздерді) тек санскрит тілінде оқу керек. Брахмандар - абыздардың сыйыну мен құлшылық ету оқулығы қара сөзбен жазылған. Бұлар ведалық әдебиеттердің екінші бөлігі болып есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық мәтіндерді ерекше бөліп айтады. Келесі Араньяки мәтіндері де Құдайға құлшылық, медитация туралы айтады. Ал Упанишадтарда индуизм философиясының мистикалық тұжырымдамасы берілген. Упанишад - қатар отыру деген ұғымды білдіреді. Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес берген.

Slide 10

Дәстүр бойынша Упанишадтар 108 мәтіннен тұрады. Оларда индуизм философиясының мәнін ашатын категориялар берілген:

Жеке жан (Атман) және Әлемдік жан (Брахман)

Брахман мәңгі өмір сүреді, бірақ формасы болмайды.

Әлем бұл - елес (иллюзия, майя) .

Жан тізбектелген өмір циклынан (сансарадан) өтіп

отырады, оның келесі тіршілігі өзінің іс-әрекетіне

(кармасына) байланысты.

Жанның азаптан босатылу қасиеті бар (мокша) .

Жаратылған әлемдегі барлық заттар бірлікте болады.

Slide 11

Индуизмде отбасында жасалатын діни ғұрыптар - самскаралар ерекше орын алады. Индуистердің көпшілігі мойындайтын он алты самскара мыналар: балалар дүниеге келгенге дейін: ұрықтану, құдайдан ұл сұрап жалбарыну, шашты тарау; бала жасындағы рәсімдер: баланың дүниеге келуіне байланысты жасалатын ғұрып, балаға ат қою, баланың алғаш үйден шығуы, баланың ең алғашқы жеген қатты тағамы, ер баланың алғаш шашын алуы, оң құлағының жоғарғы жағын тесу, шәкірттік мирас қабылдау, қасиетті жазбаларды оқуды бастау, Ведалық білімді меңгерудің аяқталуы; ересектерге арналған рәсімдер: некелесу, отбасы қызметін атқару кезеңі, қызметтен кету кезеңі, 60 жасқа толғанда жасалатын рәсім, кремация (денені отқа беру) . Индуистердің діни ұғымы бойынша вегетериан¬дықты ұстану қажет. Әйтсе де кейбіреулерінің қойдың етін тамаққа пайдалана-тындығы кездеседі. Бұл діндегілер аюрведалық медицинамен емделеді. Себебі, мұнда табиғи өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер қолданылады. Мемлекетте аборт жасау заңмен рұқсат етілгендіктен, индуистер қыз баланың дүниеге келуіне бөгет жасауды, қалаусыз болған жүктілікті тоқтатуды дұрыс деп қабылдайды. Индуистер үшін адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ерсі әрекет емес, себебі, бұл аскетизмнің соңы, діни кемелденудің шыңы деп қабылданады.

Slide 12

Құдайға жетудің бірден-бір жолы оған қажетінше құлшылық ету. Индуистердің осы жолдағы діни рәсімдері үш категорияға бөлінеді: нитья, наймиттика, камьия. Нитья - бұл күн сайын жасалатын рәсім. Әр үндіс таңертең Күнге арнап сумен құрбандық шалады немесе отбасы құдайларының алдында пуджи (құдайларға құрмет көрсету) өткізеді. Наймиттиканы адам өмірінің ерекше кезеңдерінде жасайды. Бұл отбасына кіріс болғанда, балаға есім бергенде, некелескенде өткізілетін рәсім. Діни рәсімдердің үшіншісі - камьия - діни саяхат. Бұл діни парызды орындау қажет деп есептесе де, әркімнің таңдауына ерік беріледі. Индуистер үшін діни саяхат табиғи өмір салтына айналған десе де болады. Діни мейрам кездерінде, әсіресе ана құдайға арналған қысқа діни саяхатты индустар жаяу жасайды. Қасиетті қалалар мен әулиелер орналасқан алыс жерлерге ұзақ саяхатқа шығады. Индуизмде Ганг, Ямуна, Синдху (Инд), Сарасвати (жер астында орналасқан), Нармада, Гадавари және Кавери өзендері қасиетті деп есептеледі, сондықтан осы өзендерге шомылу адамның күнәсінен арылып, рухани тазаруына әкеледі. Кейбір қасиетті жерлер Гималай тауларында орналасқан.

Құдайға табынушылықтары

Slide 13

Сикхалар - XV-XVI ғғ. Үндістандағы мұсылмандар мен үнділіктерді бірік-тіруге шақырған жаңа ілім негіздерін уағыздаған Нанак есімімен байланысты ілім, ол сикхалар ілімінің негізін қалаушы болып есептеледі. Нанак ислам дінінен құдай - бұл жақсылық пен махаббат, жетекші гурудің басшылығымен құдаймен бірігуге ұмтылу қажет идеясын алды. Сикха - оқушылар, яғни гуру Нанак ізбасарлары дегенді білдіреді. Сикхалар барлық адамдардың құдай алдында теңдігін, осыдан келіп касталық жікке бөлушіліктен толығымен азаттықты уағыздады.

Slide 14

Сикхалар касталық пен брахмандарға, олардың салт-жораларына қарсы. Олар әйелдер мен еркектердің өмірге белсене араласуын уағыз-дады. Гуру Нанак каста бүғауынан босаудың белгісі ретінде ортақ асхана мен ортақ тамақтану принципін енгізген. Сикхалар мешіт сияқты гурд-валарда жиналатын болған. Гуру Нанак әйелдер теңсіздігіне, көп әйел алушылыққа және өзін-өзін өртеуге қарсы шықты.

Slide 15

Гуру Нанак пен оның ізбасарларының уағыздары Пенджаб түрғындары-ның арасында кеңінен тарады. Барлығы Сикхалар бір-бірін ауыстырған 10 ұстаз-гуруды мойындайды. Кейін Сикхалар - діни сектасы қалыптасып, ал оларды моңғол императорларының қолдауына байланысты беделі мен ықпалы да күшейеді. Сикхалар сектасы өздерінің ерекше ережелері бар көптеген адамдардың қауымдастығына айналады.

Slide 16

Сикхалар күшеюі, діни-саяси қауымдастыққа айналуы моңғол импера-торларының оларға деген қатынасын өзгертеді. Сикхалар қауымдары мен олардың жетекшілер қудаланып, қатаң жазалана бастайды. XVII ғ. 9 гуру өлтірілген. Сикхалар - әлі күнге дейін Үндістандағы белсенді этноконфессио-налдық қауым.

Slide 17

Ек Онкар» (жалғыз құдай) : бір ғана құдай бар, оның есімдері мен сипаттары сансыз, барлық діндерде айтылатын құдай осы. Оған жыныс тән емес, барлық уақытта, барлық жерде бар болып табылады. Ерте тұру және ой жіберу, күн шықпай тұрғандағы уақыт құдаймен бір болуды сезіну мен медитацияға, дұғаға арналады. Адал

табыс табу, адал өмір сүру. Өзгелердің арқасында арам пайда таппау, адал еңбектену. Өзгелермен бөлісе білу үйдің есігін қашанда өзгелерге ашық ұстап, келгендерді жылы қабақпен қарсы алу. Адал табысының белгілі бір мөлшерін өзгелермен бөлісу. Қайта туылу, карма және құтқарылу: барлық заттардың жаны бар, өлген соң жан басқа денеге ауысады. Бұл рух толық азаттық алғанға дейін жалғасады. Құдайды еске алу құдайды жақсы көру, оған ерекше құрмет көрсету. Адамдық пенделердің барлығы тең, бәріміз құдайдың балаларымыз, құдай біздің қамқор ата-анамыз (Бұл бірақ христиан дініндегі Иса құдайдың баласы дегендей емес) . Адами құндылықтарды ұстану: барлық тіршілік иелерінің құқық қорғау, сақтау, әсіресе өз жақындарыңның. Отбасы құндылықтарын сақтау. Жеке құрбандық: жоғарғы құндылықтар үшін өз өміріңді қиюға әзір болу.

Құдайға табынушылықтары

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Индуизм философиясы
Діндер классификациясы: ұлттық және әлемдік
Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
Индуизм - Үндістанда пайда болған, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
Ежелгі түркі өркениеті
БЕЛГІЛЕРІ БАР МӨРЛЕР
Иудаизмнің қасиетті кітаптары
Орхон ескерткіштері
Орта ғасыр лингвистикасы
Орта ғасыр тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz