Инвестициялық салымдардың диверсификациясы




Презентация қосу
Инвестициялы
қ қорлар
Инвестициялық қор бағалы қағаздар
рыногында инвесторлардың құқығын қорғау және
ақша қаражаттарын тарту және артынша
диверсификацияны есепке ала отырып бағалы
қағаздарға инвестициялау есебінен инвестиция
тәуекелін төмендету мақсатында қаржы
рыногында қызмет етеді. Олар инвестициялық
процесте маңызды рөл ойнайды, өйткені ақыр
соңында өндірісті дамытуға бағытталатын шағын
салымшылардың едәуір қаражаттарын өз
қолдарына шоғырландырды. Инвестициялық
қорлар өз қаражаттарын тікелей акцияларға,
облигацияларға, оларды банк депозиттеріне сала
алатын және т.б. инвесторлар үшін ақша
қаражаттарын салу көзі болып табылады.
Инвестициялық қор- өз акцияларын шығару және
ашық орналастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту
және тартылған қаражаттар есебінен бағалы
қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қазақстанда инвестициялық қорлар кез келген
заңды және жеке тұлға акционерлері бола алатын
акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл
қорлардың барлық қызметі сәйкесінше кіріс алу
мақсатымен әр түрлі бағалы қағаздарға
инвестициялық салымдар жасауға және қалыптасқан
портфельді басқаруға негізделеді.
Өз қызметін жүзеге асыру
барысында инвестициялық қор
белгілі бір принциптерді басшылыққа
алады:
Инвестициялық салымдардың
диверсификациясы;

Бағалы қағаздармен тәуекелі жоғары
операциялар жасауға тыйым салу;

Бағалы қағаздарды сатып алуға деген кәсіби
амал;

Жеке инвесторға қарағанда қаржы
қаражаттарының көп болуы.
Инвестициялық қордың
ұйымдастырушылық құрылымын
келесідей көрсетуге болады:

Акционерлердің Инвестиция-
жалпы Басқарма лық қорды
жиналысы басқарушы
Инвестициялдық қор инвесторлар ақша қаражатын
жинақтау мақсатында акциялар шығарудың және қор атынан
ол қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл
қор ашық және жабық нысанда болады.

Жабық тұрпаттағы қор өз акцияларын инвесторлардың
белгілі тобы үшін таратады, қор жиналған капиталды көлемі
жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен азайта алмайды.
Ал ашық қор құнды қағаздарды қайта сатып алуға құқылы,
ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан ашық
қор ауыспалы капитал деп те аталады.
Қазақстанның инвестициялық қоры. Инвестициялық қордың мақсаты
қайта құрылған және күшіндегі ұйымдардың жарғы капиталына қатысу
жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті
өндіріс ашу туралы жеке сектор ынтасына қаржылай қолдау көрсету болып
табылады.

Қор тура инвестор жобасына 49% акцияны иелене отырып шыға алады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек
жолы жобаның технико-технологиялық жағын және 50 проценттік акцияны
бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық
тәжірибесі бар жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін
қамтамасыз ететін стратегиялық инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың
жарғы капиталына қатысу болып табылады.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның
даму институты ретінде Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30
мамырында құрылған.

«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ ның Жалғыз
акционері – «Самрұқ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.

Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына
инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан
Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске
асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес
секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық
көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
I. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды
пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар
ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге
асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық
капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
II. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат
емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық
капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
III. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында
өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі
инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық
ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669
Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669
Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік
қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі
акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
Қор қызметінің негізгі мақсаттары:

ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз
етуге жәрдемдесу;

экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға
жәрдемдесу;

компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып
табылады.
Қордың міндеттері:

Өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық
жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;

Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін
қолдау және жаңғырту ;

Өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға
жәрдемдесу ;

Отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді
қолдау .
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қаржылық институттар ретіндегі инвестициялық қорлар қызметтері және оларды басқару ерекшеліктері
Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Дәріс No8. Бағалы қағаздар портфельін қалыптастыру
ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН БАСҚАРУ
Бизнес-жоба Қағаз майлықтар өндіру
Бизнес жоспар. Дәптер жасау ісі
Нұр банк депозиттері
Макарон өнімдерін өндіру
Пәндер