Субъектілік қасиеттер құрылымы


Slide 1

Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университеті Тақырыбы : Әлеуметтік педагог кәсіби қызметтің субъектісі ретінде

Орындаған: Жарасова Г, Қалдан Ләззат

Тексерген: Скакова Р. А

Slide 2

Педагог - өзін- өзі дамытушы тұлға

Педагог - зиялы тұлға және мәдениет адамы.

Педагог (гр рaіdagogs - тәрбиеші) -білім беру, тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттың балалар үйі, түзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.

Slide 3

Педагог

шығармашыл тұлға

еркін тұлға

адамгершілігі мол

бәсекелестікті тұлға

мәдениет адамы

зерттеуші

әдіскер

Slide 4

Педагогикалық қызмет - негізгі мәселе мұғалімнің талаптары мен мақсаттарының оқушының мақсаттарымен, мүмкіндіктерімен, тілектерімен, сәйкестігі; педагогикалық қызмет сәтті жүзеге асыру мұғалімнің педагогикалық технологияны, педагогикалық техниканы игеруімен, оның кәсіби санасынын деңгейімен байланысты.

Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Slide 5

Әлеуметтік педагог педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде

Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді.

Әлеуметтік педагогиканы басқаруға жалпы алғанда мынадай проблемаларды жатқызуға болады: әлеуметтік педагогиканың адамның қоршаған әлеуметтік ортамен өзара ықпалының үйлесімділігін қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеушілік, мемлекет ішіндегі және басқа да мемлекеттер арасында ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Slide 6

Әлеуметтік педагогика пәнінің зерттеу объектісі - адамның әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негізінде оның қоғамдағы даму процесі болып табылады. Сонымен қатар. әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Әлеуметтік педагогиканың пәні адамның әлеуметтенуінің және оның қоғамға бейімделуінің педагогикалық аспектісі болып табылады. Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П. Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды.

Slide 7

Арнайы

Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы)

Субъективтік (жеке мұғалімдік талант)

Тұлғалық

(адамгершілік - еріктік қасиеттер)

Н. В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық жатады.

Кесте 1

Педагогтың жалпы қасиеттері

Н. В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы:

Slide 8

Объективтік сипаттамалар

Кәсіби, психологиялық, педагогикалық білімдер

Кәсіби іскерліктер

Субъективтік сипаттамалар

Кәсіби психологиялық позициялар, ұстанымдар

Тұлғалық ерекшеліктер

Кесте 2

Субъектілік қасиеттер құрылымы

Н. В. Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер:

Slide 9

Әлеуметтік педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы

Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Педагогикалық қарым-қатынас « . . . оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ- педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады.

Slide 10

Педагогикалық қарым-қатынас негіздері

Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi.

Оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды.

Оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi - оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай.

Іс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған.

Іс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады - оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
«Педагог-болашақтың кәсібі»
Педагогтың жалпы қасиеттері
Саясат субьектілері
Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы
Дәстүрлі парадигма
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Моральдық мінез құлық және оның құрылымы
Тұлға психологиясы
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz