Жалпы білім беретін мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымы




Презентация қосу
Cабақтың тақырыбы: Жалпы білім беретін
мектептегі информатика пәнін оқыту құрылымы
Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық
әлемдік бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет
қабілеттерін қалыптастырып дамыту.
Өз бетімен білім алу өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы
білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде
өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде
қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
• — Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатын айқындау;
— Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
— Білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды
ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс-
әрекетін жоспарлай білуге үйрету;
• — Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді табиғат, қоғам, техника аймақтарында
қарастыру;
• — Дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
— Оқушылардың теориялық шығармашылық қабілеттерін арттыру;
— Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп аталатын
жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
• — Ақпараттық құралдарды ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және
дағдыларды қалыптастыру, дамыту;
• — Бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға
компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
2 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі информатика пәні бойынша білім
алушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оқу-
компьютерлік біліктерінің негізін қалыптастыруға бағытталған оқыту және ойын
оқу бағдарламалары.
А.А.Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты-
оқушыларда компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика
пәнінен алған білімін,дағдысы мен біліктілігін оқу үрдісінің барлық
салаларындда қолдануымен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде
де ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының негізгі мазмұны бір-бірімен
тығыз байланыстағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің
қалыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм
құрылымы, шама түрлері және т.б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса,
ал курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс
жасауға және нақтылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және
т.б.) программа жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше
кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990жж.). Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты
қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-
өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995жж.). Толық емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына
пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылады. Информатиканы төмеңгі
сыныпқа көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік
техникамен және сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты
болды.
Жоғарғы сыныптарда(10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта
(физика-математика, химия-биология және т.б.) жүретін болғандықтан бұл
сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет
болды. Атап айтқанда, «ИЕТН» пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген
курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесімен,
«Информатика және экономика элементтері» курсынан экономика жөнінде білім
алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында тереңдетіліп оқытылатын математика және
3-кезең (1995-2007жж.). Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны
пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен
емес, бүкіл оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталады.
Сонымен бірге, оқытудың әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер
енгізілді, атап айтқанда, оқулық пен қосымша оқу құралдарыың және
т.б. өзара үлестік қатынасы мәселесін маңызды етіп алды.
А.А.Кузнецовтың жасаған тұжырымдамасында төмендегідей
мәселелер:
1.Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2.Пәнді тереңдетіп оқыту;
3.Пәнді экономика, математика, физика және т.б. басқа пәндермен
байланыстырып оқыту;
4.Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
тиімділігін анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды
түбегейлі қайта құру және т.б. сипатталады.
Бірақ, тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім беруді
ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын оқытудың
мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта құру мәселесі қарастырылмаған.
М.П.Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы
мен болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың
үлгілері келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте «ИЕТН» пәнін оқытудың құрылымы
төмендегі көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы
мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың
алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен
бейнелеуді ойын түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т.б. пәндермен
байланыстыра отырып, қарастырылады.
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. Бұл
кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде
қарастыра отырып, атқарушылармен – Роботпен жұмыс жасай білуге
дағдыландыру.7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді.
Мұнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері:
ақпараттарды мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру,
компьютерге құқық бұзушылар тізімін енгізу және т.б. Осы кезенде
информатика курсын оқытудың негізгі міндеті – бұл компьютерлік техниканы
барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың білімін
жүйелеу.
3-кезең. Орта мектептерде 10-11 сыныптарында «ИЕТН» пәнін оқыту. Бұл
кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері үйретіледі.
Қоғамның қажеттілігіне байланысты қуатты программалық құралдары
пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда, мемлекеттік
қамсыздандыру жүйелерінде, әлеуметтік салаларда және т.б.
И.П.Лапчик информатика пәнін оқытудың құрылымын ұсына отырып,
пәнді оқушыларға жан-жақты меңгерту негізінде мұғалімдерден
төмендегідей мәселелерді оқыту барысында жүзеге асыруды талап етті:
а) қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы
дәрежелі маман болу;
ә) жаңа педагогикалық технологияны информатиканы оқытуға
пайдалану. Бұл көрсетілген талаптар уақыттың өзгеруінен туындап отыр.
И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ол «ИЕТН»
пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз мамандығын терең білетін
мұғалімдерді дайындау. Бұл өте орынды көтерілген мәселе. Ұсынылып
отырған тұжырымдаманың басқа жоғарыда айтылған тұжырымдамалардан
ерекшелігі де осында болып отыр.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білімберу мақсатында оны
оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың
жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңде қамтиды:
* Бірінші кезең (І-VI) – препедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылардың
компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым
компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында
қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
* Екінші кезең (VII-IX)- негізгі курс, информатикадан оқушылардың міндетті,
жалпы білім берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың
есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік,
оқу әдістеріне компьютерді тәртіпті және саналы қолдану дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған.
*Үшінші кезең (X-XI)- оқушыларды информатика саласында қызығушылығына
байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған
оқыту ретінде білімнің жалғасуы.
А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасы бойынша
информатика пәнінің даму болашағы
неше кезеңге бөлінген?

И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың
негізгі мақсаты
Үй тапсырмасы: Компьютерлік сауаттылық

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік білім
Өздігінен білім жетілдіру - кәсіби кемелдену
Бастауыш мектептегі
Мұғалімнің аты - жөні
МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектепте информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру
Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы
ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ
Пәндер