Педагогикалық психология


Slide 1

Тақырыбы: Педагогикалық психология

Орындаған:ЗКТ-712

студенті Жанаев Аят

Тексерген:

Slide 2

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Педагогикалық психология пәні мен міндеттері.

2. Педагогикалық психология: қалыптасу тарихы.

3. Зерттеу әдістері.

III Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Психология

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективттік құрылымның сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Slide 4

Жалпы психология

Жалпы психология - психологияның бір саласы ретінде психологиялық зерттеулерді жалпылай көрсетеді. Психиканың даму, қалыптасу тарихын тереңнен зерттейтін бұл сала философия, социология деген ғылымдармен тығыз байланысты.

Жалпы психологияның теориялық негізі - психология тарихын, психологияның негізгі мәселелерін тану, негізгі танымдық процестерін зерттеу.

Slide 5

Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теориялық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы.

Slide 6

Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 жылы “Ұлы дидактика” еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бұрын ұзақ қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек XIX ғасырдың соңынан бастап қана ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады.

Педагогикалық психология - дамып келе жатқан ғылым

Slide 7

Педагогикалық психология зерттейді:

білімді, икемділік пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын; осы процестердегі жеке айырмашылықтарды;

оқушылардың өз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын;

бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді;

оқу процесін басқарудың психологиялық мәселелері мен танымдық процестерді қалыптастыруды;

педагог пен оқушының өзара ара қатынас мәселелерін;

оқушылар ара қатынасын.

Slide 8

Педагогикалық психологияның міндеттері:

оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;

оқушының әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы және пайдалануы;

оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың формалары мен әдістер арасындағы байланысты анықтау;

оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін анықтау;

педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу;

ғылыми, теориялық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;

білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін әрі қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.

Slide 9

Педагогикалық психологияның даму кезеңдері:

I кезең - XVII ғ. ортасы - XIX ғ. аяғы

II кезең - XIX ғ. аяғы - XX ғ. ортасы

III кезең - XX ғ. ортасынан бастап

Slide 10

I кезең

Педагогикалық психологияның дамуына үлес қосқан ойшыл-педагогтар:

Ян Амос Коменский (1592-1670) ;

Жан Жак Руссо (1712-1778) ;

Иоганн Песталоции (1746-1866) ; К. Д. Ушинский (1824-1870) “Адам тәрбие пәні ретінде”;

П. Ф. Каптерев (1849-1922) “Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы”.

Slide 11

II кезең

П. Ф. Каптеревтың; Э. Торндайктың; Л. С. Выготскийдің; А. П. Нечаевтың; А. Бине мен Б. Анридің; М. Оффнердің; Э. Мейманның; В. А. Лайдың; Г. Эббингауз; Ж. Пиаже; А. Валлон; Дж. Дьюи; С. Фрэне; Э. Клапередтің зерттеулері ұсынылды.

Мейманның “Эксперименталдық психология бойынша лекциялар” кітабы;

Дж. Селлидің “Балалар психологиясы бойынша очерктер” атты еңбектерін жариялады.

Slide 12

III кезең

Б. Скин; Л. Н. Ланда; В. Оконь; М. И. Махмутов; Дж. Дьюи; О. Зельц; К. Дункер; С. Л. Рубинштейн; А. М. Матюшкин; П. Я. Гальперин; Н. Ф. Талызина; А. К. Маркова; И. И. Ильясов; Л. И. Айдарова; В. В. Рубцов сияқты ғалымдар зерттеген.

Slide 13

Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері

Бақылау

Әңгімелесу

Сұхбат жүргізу

Сауалнама

Эксперимент

Іс-әрекет (шығармашылықтың) өнімнің талдауы

Тестілеу

Slide 14

Бақылау - адамды мақсатты, жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Әңгімелесу - педагогикалық психологияда адам туралы, онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсаты бағытталған сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде алудың эмпирикалық әдіс. Сұхбат жүргізу - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес, басқа адамдар, оқиғалар т. б. мәліметтер алу үшін қолданылады. Сауалнама - арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Эксперимент - ғылыми зерттеудің педагогикалық психологияда кеңінен таралған эмпирикалық әдісі. Іс-әрекет нәтижелерін талдау - адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық өнімдер интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Тестілеу - психодиагностикалық процедура, тестілер жүргізу.


Ұқсас жұмыстар
Макаренко және педагогикалық психология
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Педагогикалық психологиялық жалпы ғылымы
Психология бойынша оқыту пәндері
Кеңестік психология ғылымының даму бағыттары
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалар тобында психологтың жұмыс ерекшеліктері
Мәскеу психиатриялық клиникасына сәйкес прогрессивті паралич
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz