Ірі қара мен қойларда мес қарын паракератозы: себептері, патологоанатомиялық өзгерістері, симптомдары, емдеу және алдын алу


Slide 1

Тақырыбы: Мес қарын паракератозы Қабылдаған:Жылгелдиева Ә. Орындаған: Елкелді А

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Себептері

III. Дамуы

IV. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері

V. Симптомдары

VI. Болжам

VII. Емі

Slide 3

Мес қарын параркератозы-ірі қара мал және қойлар арасында созылмалы түрде өтетін, мес қарын бүртікт еріне қабыршақтанған кератинді эпителийлердің шектен тыс қатпарланып жиналып, оларды ұлғайтып, қатайтып, қабыршақтандырып жіберумен сипатталатын дерт. Бордақыда тұрған малдар бұл дертпен жаппай аурулары мүмкін.

Slide 4

Себептері.

Ауру малды қатты ұсталған не домалақтап қатырған азықтармен азықтандырғанда, көбінесе рацион құрамында құнарлы, дәнді азықтар басым болып, қомақты, пішенді, азықтар жетіспеген жағдайда пайда болады, дерт әдетте бордақыда тұрған ірі қара малдар мен қойларда болады. Алимов бұл аурудың белгілерін малдарға ірі талшықты азықты, пішенді, дәнді дақылды азықтармен аөықтандырғанда 6 айға дейінгі бұзаулар арасында пайда болатынын байқаған.

Slide 5

Дамуы.

Паракератоздың дамуы әлі жете зерттелінбеген. малды, майда ұсақталған азықтармен азықтандырғанд, әсіресе қомақты, пішенді азықтар жетіспей, құнарлы, дәнді азықтар басым болған жағдайда мес қарынның қимыл қызметі әлсірейді де оның ішкі беттерінде орналасқан бүртіктеріне қабыршақтанған кератинді эпителийлер көп мөлшерде қатпарланып жиналып, оларды ұлғайтады, нығыздап қатайтады.

Көп мезгіл бойы қарындағы азық жынының өгерген химиялық құрамы мес қарынның кілегейлі қабығының эпителилі қабатын өзгертеді. Кілегейлі қабығының өзгеруінәрлі заттардың сіңірілуін нашарлатады, түрлі микробтардың қанға, лимфа тамырларына еніп бауыр және басқа да ағзаларға таралуына ыңғайлы жағдай туғызады.

Slide 6

Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Аурудың бастапқы кезеңінде мес қарынның кілегейлі қабығының бүртіктері тығыздалынып қалыңдайды, олардың кейбіреулері бір-бірімен түіншектеніп жалғасып жатады. Әдетте, алдыңғы жағындағы астыңғы қапшығының кілегейлі қабықтарының бүртіктері жиі дерттенеді. Ірі қара малда мес қарыннан жоғарғы қапшығының төбесінен көптеген, 2-ден 3см кв-ға дейін орын алып жататын паракератоздалған жерлерді көруге болады. Аурудың соңғы кезеңдерінде қабынған ошақтар, жалақтар, кей жерлерінде шіру және кілегейлі қабықтарында басқа да өзгерістер пайда болады.

Slide 7

Симптомдары.

Азыққа зауқы төмендейді, өсуі тежеледі, мал тістерін шықырлатады, мес қарынның қимыл қызметі бәсеңдейді, күйіс қайыруы сирейді, іші өтеді. Дерт үдеген сайын келтірілген белгілер айқындалынып тұрақтанады. Мес қарындағы азық жанында сүт қышқылы көбейеді. рН төмендейді, ұшпалы май қышқылының мөлшері азаяды, осмостық қысым көтеріледі. Тұрақты іші өтуі организмді құрғатады, қанын қоюлатады. Дененің ішкі қызуы қалыптағы күйінде қалады, тек кейде ғана сепсис басталғанда, бауыр және басқа ағзаларда іріңдеген ошақтар пайда болғанда дене қызуы көтеріледі.

Slide 8

Болжамы.

Аурудың бастапқы кезеңінде қолданған іс-әрекеттер айықтырады, бірақ өсіп-өнуі тежеледі.

Кейінгі кезеңінде, мес қарынның кілегейлі қабығы қабынғанда не басқалай өзгерістер дамығанда малды жарамсыздар қатарына шығарған орынды.

Slide 9

Емі.

Протеин мен углеводтары көп ірі талшықты азықтардың мөлшерін көбейткен жөн. Ауруға, сау малдан алынған мес қарынның жынын береді. Егерде, өзгертілген рацион және күніне 3-4 реттен берілген мес қарын жыны 10-15 тәулік бойы малдың күй жайын жақсартпаса, онда дерт жазылмайтын ауру деп есептелінеді. ауру малдың мес қарнындағы азық жынын бейтараптандыру үшін 1л суға 25 грамнан кальций карбонаты, магний тотығы және натрий гидрокарбонаты қоспаларын қосып береді. Ерітіндіні аузы арқылы күніне 2 реттен3-5 тәулік бойы 700-1500 мл береді

Slide 10

Сақтандыру шаралары.

Қазіргі талапқа сай және экономикалық жағдайға сәйкес келетіндей етіп бұл ауруды с ақтандыруғ, а шаралар әлі дайындалып жетілдендірілген жоқ. Сонда да малды ұсақталған азықтармен азықтандыру барысында және құнарлы, дәнді азықтар басым болған жағдайды азық құрамына қомақты, пішенді азықтар қосу аурудан сақтандыра алады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Мес қарынның жіті кебуі (Tympania ruminis acuta): себептері, клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістері, ем және алдын алу
Малдағы мес қарынның (тимпания) жіті және созылмалы кебуі: себептері, симптомдары және алғашқы көмек
Стресс: себептері, симптомдары, фазалары және басқару мен алдын алу
Ірі қара мал өлексесін патологоанатомиялық сойып-зерттеу әдістері мен хаттама құрастыру
Ірі қара мен қойдағы кампилобактериоз: эпидемиология, этиология, клиника, диагностика, емдеу және алдын алу
Етқоректілердегі токсокароз: этиологиясы, симптомдары, диагностикасы, емдеу және алдын алу
Педикулез: себептері, белгілері, емдеу және алдын алу
Ас қорыту бұзылыстары (диспепсия): себептері, симптомдары және емдеу
Маскүнемдік: себептері, симптомдары, зардаптары және емдеу әдістері
Ларвальды энтомоздар (ірі қара гиподерматозы, қой эстрозы, жылқы ринэстрозы, түйе цефалопиноз): эпизоотология, клиника және алдын алу-емдеу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz