Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша
Презентация қосу
Қ АЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Орындаған:Елкелді А
ВМ-304
Тексерген:Бименова Ж
•
•
• «Ветеринария» Факультеті
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
• 2,1 Усарғалдақ
өсімдігі,таралуы,құрамы,қолданылуы
2,2 Шаған
өсімдігі,таралуы,құрамы,қолданылуы
• 2,3 Адыраспан
өсімдігі,таралуы,құрамы,қолданылуы
• III.Қорытынды
• IV.Пайдаланылған әдебиеттер
• I.Кіріспе бөлім
• Өсімдіктер (Plantae) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі
(біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін
түрлері де бар. Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер
тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер.
Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен
(фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына
жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке
класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктердің халық
шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері
көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік,
балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары
құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды.
Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді,
тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.Дәрілік өсімдіктер
кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ,т.б. түрінде қолданылады.
Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер
бөлек іріктеледі.
• Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар
пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай
шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады.Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан
артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда
қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. Қазақстанның оңтүстік шекарасын
солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл
және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында
Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың
осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі
бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі
бар.Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз
өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ,
гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін
бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да
аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің
тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп,
жаза алған атақты тәуіптер болған.
• II.Негізгі бөлім
Усарғалдақ- көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
• Биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
• Тамыр сабағы жуан әрі қысқа болады,көптеген қосымша тамырлары бар.
• Жапырақтар кезектесе орналасады,тамыр жапырақтары мен төменгі сабақ
жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғылары отырмалы .
МАМЫР-ТАМЫЗ АЙЛАРЫНДА ГҮЛДЕЙДІ, ЖЕМІСІ ШІЛДЕ-Қ АЗАН АЙЛАРЫНДА
ПІСЕДІ. УСАРҒАЛДАҚ КӨЛЕҢ КЕЛІ ЖЕРЛЕРДЕ,ӨЗЕНДЕР МЕН КӨЛДЕРДІҢ
ЖАҒАЛАРЫНДА,БАТПАҚ ТАРДЫҢ ЖИЕГІНДЕ, БҰТАЛАРДЫҢ
АРАСЫНДА,СИРЕГЕН ОРМАНДАРДА, ЖЫРАЛАРДА, ЖАРЛАРДЫҢ
БАСЫНДА,БАҚ ШАЛАРДА ӨСЕДІ. ӨСІМДІКТІҢ САБАҒЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 50-
100СМ. САБАҒЫН СЫНДЫРҒАН КЕЗДЕ - СҮТТІ ШЫРЫНҒА ТОЛЫ
СЕКРЕТОРЛЫҚ КАНАЛДАРЫ ТАБЫЛАДЫ. ШЫРЫНЫ АУАДА Қ ЫЗҒЫЛТ
ТҮСКЕ АЙАЛАДЫ. ЖАПЫРАҒЫ КЕЗЕКТЕСІП ОРНАЛАСҚ АН, 3-5 ДӨҢ ГЕЛЕКШЕ
БӨЛШЕКТЕН ТҰРАДЫ. ГҮЛДЕРІНІҢ ТӨРТ ЖЕЛЕКТІ КҮЛТЕСІ БОЛАДЫ. ТҮСІ
АЛТЫН-САРЫ, КӘ ДІМГІ ШАТЫР ГҮЛШОҒЫРЫНА ЖИНАЛҒАН. МАМЫРДАН
ТАМЫЗ АЙЫНА ДЕЙІН ГҮЛДЕЙДІ. ЖЕМІСІ – Қ АУАШАҚ , ДӘ НІ ҰСАҚ , Қ АРА
ТҮСТІ.
• Қолданылуы.Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдей бастағанда
оның жер бетіндегі бөлігі жиналып алынады. Аса құрғатпай,
көлеңкеде кептіріледі. Дәрілік шикізатты жинау барысында оның
жапырақтарын қуратып алмау қажет. Себебі шипалық заттың көбісі
осы жапырақтарында болады. Сүйел шөптің тұқымында 40 – 60
пайызға дейін май бар.
• Мал дәрігерлігі практикасында сүйел шөптің судағы тұнбасы
қойдың қотырын, ірі қара мен жылқының қышымасын емдеу үшін
қолданылады. Ол үшін тұнба 1:10 қатынаста жасалды, яғни жарты
килограмм шөп ұнтағы қайнаған 5 литр суға салынып, 20 – 25
минут тұндырылады. Ертінді 30 – 35 градустық жылылыққа дейін
салқындатылып, малдың қотыры, қышымасы жуылады. Сүйел
шөптің тұнбасыме ірі қараның туберкулезін, сонда – ақ қойдың, ірі
қараның гельминтоз ауруларын емдеуге болады. Ол үшін тұнба
1:20 қатынаста, яғни 100 грамм майдаланған құрғақ дәрілік
шикізат қайнап тұрған 2 литр суға салынып, 10 – 20 минут
тұндырылады. Тұнба ірі қараға 200 – 250 мл, бұзауға – 50 , қойға –
30- 50 мл, қозыға - 10-15 мл мөлшерінде күніне 2 – 3 рет ішкізіледі.
Шаған (лат. Fraxіnus) — зәйтүн тұқымдасына жататын, жапырағы
түсетін ағаш.
Таралуы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік
аймақтарында, кейде Азия мен Американың тропиктік
аймақтарында кездесетін 70-ке жуық түрі
белгілі.Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы таулардың,
ормандардың, өзен жағаларындағы су жайылымдарында өсетін
4 түрі бар. Соның ішінде саябақтарда, көшелерде қолдан
өсірілетін түрі — сириялық шаған (F. syrіaca Гүлдері желмен
тозаңданады, қос жынысты кейде полигамды (бір гүлінде аталық
та, аналық та немесе екеуі де болады), шашақ гүлшоғырына
топталған. Гүлшоғыры ұзын, сәл төмен қарай иіліп тұрады, олар
алдыңғы жылдан қалған жапырақ қолтығында жетіледі. Маусым
айында гүлдеп, жемісі шілдеде піседі. Жемісі — эллипс пішінді,
шеті ойық келген жаңғақша. Шағанның қатты әрі серпімді сүрегі
кеме, темір жол вагонын, ұшақ жасау өнеркәсібінде және ағаш
бұйымдарын жасауда қолданылады. Еуропа шағанынан (F.
ornus) манна (тәтті шырын, іш қатып қалғанда ішеді) алынады.
Ал қытай шағаны (F. chіnensіs) ақ балауыз бөліп шығарады,
сондықтан оны шырақ жасау және медицинада, парфюмерияда,
тоқыма өнеркәсібінде пайдалану үшін өсіреді.
• АДЫРАСПАН (HARMAL НЕМЕСЕ PEGANUM HARMALA) — ТҮЙЕТАБАНДАР
ТҰҚ ЫМДАСЫНА ЖАТАТЫН КӨП ЖЫЛДЫҚ ӨСІМДІКТЕР ТУЫСЫ, ТЕРЕҢ
ТАМЫРЛЫ ӨСІМДІК.
САБЫ МЕН ГҮЛІНДЕ УЫ БОЛАДЫ. ЕРЕКШЕ КҮШТІ САСЫҚ ИІСТІ,
ДӘ РІЛІК ӨСІМДІК. БИІКТІГІ 30-80 СМ АРАЛЫҒЫНДА, БІРАҚ КӨБІНДЕ 30
СМ ТӨҢ ІРЕГІНДЕ ӨСЕДІ. ТАУ БЕТКЕЙЛЕРІНДЕ, ЖОЛ БОЙЫНДА, ЖАЗЫҚ
ДАЛАЛАРДА КӨКТЕЙДІ. ЖАЗ-КҮЗ МЕЗГІЛДЕРІНДЕ ЖЕМІСТЕЙДІ.
• Әдетте адыраспанмен ірі қара, жылқы,
ешкі қышымаларын , экземаларын.
Қойдың қотырын емдеуге сирек
қолданылады. Адыраспан улы өсімдік
болғандықтан, онымен малды емдеген
кезде де сақ болған жөн.
• Құрамы.Адыраспан шөбінің құрамында
гермин, гермамин, пеганин деген
алколоидтар бар. Олардың мөлшері
өсімдіктің ұрығында 4 пайызға дейін
жетеді.
Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін
адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары
тарылып, уланады.
• Халық емшілері адыраспанды адамның радикулитін, сегізкөздің нерві
ауруын емдеуге де жиі қолданған. Ол үшін ұнтақталған құрғақ
адыраспан шөбінің 50 грамының шүберек дорбаға салып, сыртынан
қайнап тұрған су құяды. Біраз уақыт өткен соң суды сығып, дорбаны
белдін ауырған тұсына басады да, сыртын тері кесіндісімен жауып,
жақсылап байлап қояды. Сөйтіп 30 – 40 минут ұсталады. Дорбадағы
адыраспанда ыстық сумен жібітіп, күніне 4 рет пайдалануға болады.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢ ЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz