САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ ЗАТ АЛМАСУ




Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЗАТ АЛМАСУ
ПРОЦЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ

Орындаған: Рзабек Айнель
Топ: ВМ -204
Тексерген: Жылгелдиева А.
Зат алмасу процесінің бұзылуы: Бұл аурулар
негізінен азықта түрлі организмге қажетті
қоректік заттардың жетіспеуі салдарынан пайда
болады. Белок жетіспей ауырған малдың
рационына белокқа бай азықтар енгізеді.
Витамин жетіспей ауырған шақта диеталық
рационға түрлі витаминдері жеткілікті азықтар
қосады. Түрлі микроэлементтердің жетіспеуінен
ауырған малға рационын сол жетіспейтін
минералдық заттармен толықтырады.
Жүйке жүйесі қызметі бұзылған
кезде
рационда жұмсақ, тез қорытылатын витаминдерге, соның
ішінде В витамині, тиамин мол азық болғаны дұрыс.Егерде
мал өздігінен қоректене алмаған жағдайда, малды қолдан
азық беріп қоректендіреді.
Қолдан азық беру. Ауру малға азықты арнайы құралдар
арқылы береді.
Қолдан қоректендіру: азықтық затты ауру организмге тері
асты, тамыр, тік ішек арқылы енгізеді. Ол, азық заттарын
асқазанға жіберуге болмайтын, сондай-ақ жасанды
тамақтандыру немесе диетаға қосымша тәсіл ретіндегі
зондты жұтқыншақ пен өңеш зақымдануынан қолдануға
болмаған жағдайда ауруға қолданылады.
Тік ішектен ет сорпасын, сауылған сүтті, қант ірітіндісін 8-10
пайызды, глюкоза ерітіндісін, 3-4 пайызды спирт ерітіндісін
құюға болады. Барлық қоректік сұйықтар изотониялық
жағдайда жеткіліксіз мал денесі қызуына дейін қыздырылуы
керек. Көк тамыр ішіне 20-40 пайызды глюкоза, 5-10 пайызды
спирт ерітінділерін, сай келетін қанды, белоқтық
гидролизаттарды қан сарысуын, изотониялық ерітінді
жіберуге болады. Егер ерітінділерді көк тамырға жіберу
қиын немесе мүмкін болмаған жағдайда тері астына енгізеді.
Орынтолтырушы емдеуге организмде пайда болатын немесе азық пен
келетін өмірге қажетті заттардың жетіспеушілігін толтыруға ықпал еткіш
әдістер кіреді.

Қан құю – орынтолтырушы емдеудің бір түрі, орынтолтырушы және
ынталандырушы әрекетімен қатар қанның ұюын жақсартып, улы заттарды
жояды. Құйылған қан жоғалған эритроциттерді толықтыруы
нәтежиесінде оттегілік ашығуды азайтады. Мұнда, қан беруші қанындағы
эритроциттер өмірінің ұзықтығы қалыптағыдан едәуір қысқа болатынын
ескеру керек. Құйылған қан топтық жағынан сай келгенімен құрамы
жағынан аздап өзгешелігі болады, сондай-ақ белоктың физикалық –
химиялық және биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Пайда болған
ірі белок мицеллалары жарамсызданып коллойд еретіндісінен шығып
қалады. Жарамсыздану өнімдері торща плазмасына және торшалық емес
коллоидтарда жиналып, ферменттердің белсенділігін, соған орай зат
алмасуды төмендетеді.
Мал дәрігерлік тәжірибиелерде қан құю қан мол
кеткенде, естен танғанда, коллапс, улану,
гемолитикалық және гипопластикалық анемия,
күйік, ұзаққа созылған паренхиматоздық қан
кеткенде, жазылуы қиын жарақат пен ойық жара
кезінде және кейбір тері аурулары кезінде
қолданылады. Жүрек-қантамыр жүйесінің,
бауырдың, бүйректердің қызметтері қатты
бұзылуымен өтетін органикалық аурулармен
дистрофияның ауыр түрінде қан құюға болмайды.
Жылқы мен сиырға қан құю үшін ұсынылатын мөлшерлер:
кішкене (1 литрге дейін) – негізінен қан кетуін тоқтату
мақсатында қолданылады, орташа (2 литрге дейін) организмді
ынталандыру мақсатында, көп мөлшерде (2-ден 3 литрге
дейін) қан кеткен кездегі оның орнын толтыру және
интоксикацияны азайту үшін құйылады.
ГОРМОНДАРМЕН ЕМДЕУ – бұл әдіс ішкі секреция
бездерінің қызметі бұзылған кезде қолданылады. Ішкі
секреция бездерінің қызметі көбінесе зат алмасу процесі
ауытқуы салдарынан бұзылады.
Клиникалық тәжірибиеде гормондармен емдеудің
мынадай заңдары бар:
1)Гормон препараттарын тері астына, тамыр арқылы, қалың
етке енгізеді.
2)Препарат мөлшері, емдеу мерзімі қатаң түрде, әр малдың
ерекшелігіне қарай болуы керек.
3)Орынтолтырғыш гормонтерапия көбінесе эндокриндік
бұзылудың функциональді түрлеріне пайдаланылады, себебі
ең әсерлі жақсы әдіс осы болып табылады.
Қалқанша безі гормондарымен оның препараттары йод
пен бірге эндемиялық мал алқымы ісінуі кезеңінде
қолданылады.
Бүйрек безі мен ми қабаты гормондары – ноадреналин,
адреналин, бронх демікпесі, улану, қатты қан кету,
коллапс, естен тану кезіндегі қан қысымы төмендеген
жағдайда тиімді болады.
Жоғарғы тыныс жолдырының қабынып ісінуі мен
мұрыннан қан кеткенде адреналинді новокаинмен бірге
жергілікті жеріне қолданады. Ноадреналин мен
адреналин препараттарын гипертония, буаздық
кезеңінде, қант диабеті, аневризм, атреоскелероз,
өкпеден қан кетуі кезінде қолдануға болмайды.
Витаминдермен емдеу. Малға витаминдердің жетіспеуі
салдарынан пайда болған аурулар кезінде витаминдермен
емдеу әдісін қолданады. Бұл әдіс кезінде мынандай
клиникалық тәжірибие ережелеріне сүйенеді.
1.Емдік мақсат пен витаминдерді табиғи түрде берген
дұрыс, мысалы түрлі азықтармен
2.Дайын витамин препараттары әсіресе айқын көрінген
витаминдік ашығу кезінде витаминді диеталық емдеуге
қосылқылық қызмет атқарады.
3.Егер ішек-қарын, бауыр ауруы себебінен витаминдер
организмге дұрыс бара алмайтын болса, онда тері асты,
тамыр арқылы, қалың етке енгізіледі.
4.Витаминдік препараттарды қолданған кезде оның беру
мөлшерін білу керек.
5.Витаминді препараттарды қолдана отырып, мөлшері
мен көрсетілуінің ережелерін сақтау керек.
Жүйкетрофикалық қызметті реттейтін ем. Организмдегі
бір қалыпты дұрыс зат алмасу процесі шартты және
шартсыз рефлекстер жүйесі арқылы жүзеге
асырылып отырады. Әр патология кезінде зат алмасу
процесі өзгереді: ұлпалар мен ағзалардың
қоректенуі, олардың қызметі бұзылады.
Тітіркендіргіш және алаңдатқыш құралдармен
емдеу.
Бұл әдіс мал дәрігерлік тәжірибиеде кейбір
себептерге байланысты көп қолданылмайды, бірақ
бұл әдісті пайдаланғанда көп жағдайларда жақсы
нәтежие алуға болады.
Тітіркендіргіш заттар (қыша және басқалар).
Олардың әсер ету механизмінің белгісіздігіне
қарамастан көп ауруларды емдеуге пайдаланады.
Аурудан жазылу белгілерінің тез пайда болуы
олардың емдік әсерінің жүйке – рефлекторлық
механизмі куәләндырады.
Мал дәрігерлік тәжірибиеде камфора спирті,
скипидар, үшқыш линимент қолданылады. Оларды
бронхитте, плевритте, ішек-қарын ауруларында,
невралгияда пайдаланылады.
Алаңдатқыш заттар. Б А Н К І Л Е Р.
Оның емдік әсері мынадай болады:
А) қан тамырлары саласынан айналыстағы қанның аздаған
мөлшерін аударып жүрек жұмысын жеңілдетеді.
Ә) банкімен сорылған қан жарамсызданып, қан сары суы,
белок формалық элементтер сияқты ыдырау өнімдері
айырықша емес протеинотерапия-аутогемотерапия принципі
бойынша серпіндіруші әсер етеді.
Б) тері жүйке рецепторлары мен тері асты клетчаткаларына
механикалық және биохимиялық тітіркендіргіш әсер еткенде
қабыну тұсының жүйке трофикасын, қанмен қамсыздануын
да реттеушілік қызмет атқарады.
Ірі малдарға арналған үлкен металл
банкілер болады. Ұсақ жануарлармен
жас төлдерге әдеттегі медициналық
банкі пайдалануға болады. Ауру әлсіз,
қан айналысы төмендеген, тері
аурулары кезінде қолдануға болмайды.
Арнайы фармакотерапия негіздері:
Ауру малды емдеуге түрлі фармакологиялық
заттарды қолдану – фармакотерапия деп аталады.
Фармакология заңдарын білу, мал дәрігерлеріне,
фармакотерапия әдістерін қолдануға өте пайдалы
көмегін тигізеді.
Фармакотерапия заттарының арасынан химия
препараттары мен антибиотиктердің маңызы зор.
Мал дәрігерлік тәжірибиеде бұл препараттар көп
қолданылады және өте пайдалы әсер етеді.

Ұқсас жұмыстар
Айырылу реакциясы
Қосылу реакциясы
Xимиялық реакциялардың типтері
Қанды жүректен денеге
Химиялық реакция типтері және химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары
Қиып алынған объектіні кірістіру
Витаминдердің маңызы
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Анаэробты тыныс алу
Пәндер