Ішектерде химустың іркілуі: себептері, белгілері, емі және диетасы


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ІШЕКТЕРДЕ ЖЫННЫҢ ІРКІЛУІ

Дайындаған: Рзабек А.

Топ: ВМ-204

Қабылдаған: Жылгелдиева А.

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

1. Аурудың себептері

2. Аурудың белгілері

3. Аурудың емі

4. Аурудың диетасы

5. Қорытынды.

Slide 3

І Ш Е К

Ушек (кишечник) - ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше тәрізді асқорыту мүшесі.

Ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді.

Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек,

жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады

Slide 4

Ішек (intestinum) - ауыздан басталып, тік ішекпен аяқталатын ас қорыту түтікшесі, (турбелярии, трематодтар, теңіз жұлдыздары т. б. ішектері бітеу аяқталатын жануарларды қоспағанда) ; ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ішекте ас қорытылады, сіңіріледі және қалдықтары сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Ішек ұзындығы иттерде дене ұзындығынан 5-6 есе, қойда - 35, үй шошқасында -14, адамда -3-4 есе артық.

Slide 5

І Ш Е К Т Е Ж Ы Н Н Ы Ң І Р К І Л У І:

Ішектердің кейбір бөлімдерінде жынның жиналып, кеуіп кетуінен, жынның жылжуының бұзылуы.

Егер жын аш ішекте іркілсе, оны химостаз, ал тоқ ішекте іркілсе - капростаз деп атайды. Ауру жылқыларда жиі, иттен баска малдарда сирек кездеседі. Шанщанудың салдану түріне жатады

Slide 6

АУРУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ:

Химостаз бен капростаз малда ұзақ мерзім сапасы томен ірі азықтармен (кеш орылған пішенмен, сабанмен, топанмен) немесе ұзақ дайындалған құрама жеммен, жармалармен, ұн нанымен азықтандырғанан пайда болады. Минералді заттар, витаминдер тапшылығы, серуеннің жоқтығы, ұзақ мерзім жұмыс атқармау, ішектердің улануы, жүрек әлсіздігі роль атқарады.

Slide 7

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

Он екі елі ішектің және аш ішектердің хемостазында шаншу ұстамасы кенеттен пайда болады. Мал, ұстаманың бас кезінде қатты мазасызданады, соңынан үзбей мазасызданады, ентікпе, тахикардия, кекіру және құсу болады. Асқазанды жуып-шайса, малдың жалпы жағдайы жақсарады, бірақ 2-3 сағат откен соң барлығы қайталанады. Алдыңғы ішектердің хемостазына тән белгіге көз клерасы мен кілегейлі қабықтардың сарғаюы жатады.

Тік ішек арқылы зерттегенде диаметр 6-8 см он екі елі ішектің қатты бүгілісі созылғанын және көк бауырдың артқа жылжуынан байқауға болады

Slide 8

Бүйен ішектің капрозы

Бүйен ішектің копразында малда жеңіл мазасызданудан басталып, азыққа тәбеті нашарлайды, іші бітеледі немесе мал өте баяу жүреді, ішіне қарайды. Тынысы тамыр соғуы жиілейді, Дене қызуы қалыпқа жақын немесе төмен.

Slide 9

Кіші жиі ішек копрастазы:

Кіші жиек ішек копрастазында ішек толық бітелгендіктен шаншу қатты байқалады. Мал ішін тепкілейді, жиі нәжіс бөлердей, несеп шығарардай кейіпте болады, жатады және аунайды. Дефекация мүлдем тоқтайды, тоқ ішекте газ жиналғандықтан сыңғырлаған шуылдыр естіледі. Кілегейлі қабықтар іркілмелі гипермияланған, тамыр соғуы кіші, жұмсақ, минутына 70-100 рет соғады, қан қысымы төмендейді.

Slide 10

АУРУДЫҢ ЕМІ:

Ішектердің алдыңғы бөліктерінің химостазында жылдам зонд енгізіп, асқазанды ихтиол, натрий гидрокарбанаты немес хлорлы натрий ертінділерімен жуып-шаяды. Бұл уақытша болса да, малдың жағдайын жақсартады. Ауырсыну мен мазасыздануда венаға 30-50мл 10 пайыз ды аналгин, 50-100 мл хлоралигдрат немесе 100-150 мл магний сульфаты ертінділерін егеді.

Ішке шырышты қайнатпаларын өсімдік майын тағайындайды, соңынан өте сақтықпен, бөлшекті мөлшермен тері астында 0, 01-0, 1г пилокарпин гидрохлоридін, прозерин, карбохолин, спазмолитин енгізеді.

Slide 11

Уланумен, сусыздануды жою үшін венаға 5 пайыз глюкоза және кофейн- натрий бензоаты қосылған хлорлы натрий ертіндісін енгізеді. Гемодинамика бұзылғанда тері астына эффедрин гидрохлоридін енгізеді.

Ашу процесін басу үшін 10-30г ихтиол, 10-15г салол, 6-15г тимол, 8-15 г фталазол, 1кг дене массасына 5-10 мг хлортетракцилин, окситетракцилин береді.

Slide 12

АУРУДЫҢ ДИЕТАСЫ:

Жылқыларды ірі талшықты, құнарлығы аз азықтармен азықтандырмайды. Жұмыс жылқыларын ұзақ мерзім жұмысқа жекпей бос ұстауға болмайды. Асыл тұқымды айғырлар мен буаз биелерге куніне белсенді серуен ұйымдастырады.

Ішке дәрілік жалбыз тікен тамыры мен зығыр дәнінің шырышты қайнатпаларын береді. Копрастазда ем аурудың түрі мен өтуіне байланысты болады. Егер малдың азыққа зауқы сақталса, онда оған диеталық азықтар аздаған көк шөп, қант қызылшасын, сәбіз, бидай жармасы мен ұннан жасалған ботқа, жақсы пішен тағайындайды. Мұндай малды жайылымға жіберіп, бақылап отырады.

Slide 13

ҚОРЫТЫНДЫ:

Ішектердің кейбір бөлімдерінде жынның жиналып, кеуіп кетуінен, жынның жылжуының бұзылуы.

Минеральді заттар, витаминдер тапшылығы, серуеннің жоқтығы, ұзақ мерзім жұмыс атқармау, ішектердің улануы, жүрек әлсіздігі роль атқарады.

Ішке дәрілік жалбыз тікен тамыры мен зығыр дәнінің шырышты қайнатпаларын натрий және магний сульфаты тұздарын суға ерітілген сабур береді.

Slide 14 Slide 15

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Малдарда өңештің тарылуы: себептері, клиникалық белгілері және емі
Ветеринариялық пневмоторакс жануарларда: жіктелуі, себептері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Анемия: түрлері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Малдардағы экзема: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Жануарлардағы гастрит: жіктелуі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Босану жарақаты және перинаталды асқынулар: түрлері, себептері, клиникасы және емі
Жануарлардағы стронгилоидоздар: қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері және емі
Өкпе рагы: эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Плевра және плеврит: клиникасы, себептері, диагностикасы және емі
Омыртқа жарақаттары: себептері, түрлері, диагностикасы мен емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz