Табиғи иммунитеттің гуморальдық факторы
Презентация қосу
Жоспары:
I. Кіріспе
1.1. Табиғи иммунитеттің гуморальдық факторы
II. Негізгі бөлім
2.1. ГУМОРАЛДЫ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІ
2.2. Гуморалдық иммунитет қызметін бағалау
2.3. Гуморальдық иммун тапшылығын емдеу ұсыныстары
III. Қорытынды
Туа пайда болатын табиғи иммунитеттің факторы – гуморалдық.
Қалыпты қан сарысуы грам теріс бактерияларды ыдыратады. Онда табиғи
антиденелер организмге түскен микробтармен байланысып, комплементті
белсендіріп, микробтарды ыдыратады. Бактериялардың клетка қабырғасы екі
қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – липополисахарид, ішкісі – пепти-
догликандар. Антидене мен комплементтің эстеразасы сыртқы қабатты
ыдыратады, одан соң қан сарысуындағы лизоцим пептидогликандық қабатты
бұзады.
Гуморалдық факторға жататындар:
- Гамма - глобулиндер антиденелердің (Jg A, М, G, E, D) қызметін
атқарады
Комплемент - термолабильді белоктар, 25 сарысу белоктары, оның
ішінде тоғызы комплементтердің маңызды компоненттері. Комплементтерді
макрофагтар түзеді.
- Лизоцим – сілекейде, көз жасында, сарысуда кездесетін термолабильді
фермент, макрофагтар мен эпителий клеткалары бөледі.
- Цитокиндерді - полипептид молекулаларын, иммунды компотенетті
клеткалар бөледі. Олар иммунды клеткалардың жетілуіне қатысады. Оған
интерлейкиндер, интерферондар, колония белсендірушілер, т.б. факторлары
жатады (2-сурет).
- С-реактивті белок пен жедел кезеңнің белоктары жедел қабыну
процестерінде пайда болады. С-реактивті белок лейкоциттердің қозғалуын
жылдамдатады,Т-лимфоциттерімен қосылып, оның белсенділігін күшейтеді.
Гуморальдық иммунитет:
ІgG, ІgА, ІgМ, ІgЕ, ІgД - негізгі кластары және подкластары
ІgG1, ІgG2, ІgG3, ІgG4, (шырышты қабық секреттерінде); кейбір
оппортунистік микробтарға қарсы антиденелер типі;
тантиденелер аффиндігі және иммуноглобулиндердің
гликозилированиясының деңгейі; айналымдағы иммунды
комплекстер.
Иммуноглобулин Д молекуласы 180000 Дальтон, жартылай
ыдырауы 3 тәулік, жақсы тексерілмеген, тек қана В
жасушалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі.
Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10%-ы.
Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық
салмағы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік,
иммуноглобулин М В-жасушаларға антигенді танытатын
рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.
Иммуноглобулин М организмге инфекция түскенде,
вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі жоғары, организмді
бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық
жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Организмге түскен
антигенде әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында
ғана иммунгоглобулин G-дің синтезіне көшеді (7-сурет).
Иммуноглобулин М қан сарысуында-0,4-2,2 г/л.
Иммуноглобулин М молекуласы ірі, бес мономерден құрылған, 10
белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып
организмнен шығарып жібереді. IgМ организмге антиген түспесе
де болатын табиғи антиденелерге жатады. Плацентадан өте
алмайды. Нәрестелерде тек жұқпаға қарсы пайда болады. IgМ
антигенге қарсы фагоциттерді белсендіреді.
Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық
иммуноглобулиндердің , молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол
плацентаға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік бойы, ұзақ өмір
сүреді. Адамдарда иммуноглобуллин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің
айырмашылығымен).
IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммунитет жауабында тек
IgG анықталады. Негізгі функциясы: комплементті белсендіреді (G1, G2,
G3 ); фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне
қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды,
фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4
байланыспайды. Иммуноглобулин G тимустәуелді болғандықтан Т-
лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену
және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.
Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигенді арасы 30 күн
өткенде қайтадан еккенде ғана дамып, иммундық толық жауап және
иммунологиялық естелік пайда болады.
Иммуноглобулин А–ның сарысулық және секреторлық түрлері бар.
Сарысудағы деңгейі 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және
токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік
жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті
IgA-нын белсенділігін жояды (мыс. гонококктер).
Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиальдық
жасушаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар.
Осы компонент IgA эпителий жасушаларынан өткенде қосылады да, IgA-
ның протеолиздік ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA
шырышты қабықта сақталып, бактериалық токсиндерді бейтараптайды,
вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, жұқпаға
жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.
Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде,
өтте, қынап секретінде, амниондық сұйықта, өкпе, бронх, зәр-жыныс
жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана
сүтімен түскен IgA ішекті грамтеріс микробтардың (ішек таяқшаларының)
орналасуынан қорғайды. Ішекті грамон, микробтары орналасды да, ішек
жұқпаларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен
байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.
IgA тимустәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің
бастапқы кезінде өз бетімен пайда болмайды.
Иммуноглобулин Е–нің молекуласы 200 000 Дальтон, тінде,
шырышты қабықтарда, теріде жиналады да, мес, базофил, эозинофилдер
жасушаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Осы жасушаларда
дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді.
Иммуноглобулин Е-нің деңгейі қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық
ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.
Иммуноглобулин Е-нің өнімінің тұқым қуалаушылыққа байланысы
бар. Аллергиялық ауруларға бейімділігі бар кісілерде IgЕ-нің деңгейі
жоғары. Нәрестелерде IgЕ орта жастағы кісілердің көрсеткіштерінің 10
пайызындай ғана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды,
плацента арқылы өтпейді, ұлпа базофилдерімен және басқа «қабыну
дамытатын» жасушалардың Ғс-рецепторларымен өте тез және берік
байланысады. IgЕ мен қосылған антиген базофиль жасушаларының
үстіне орналасып, олардың дегрануяциясын дамытып, биологиялық
белсенді заттар жасушааралық кеңістікке төгіліп, аллергиялық қабыну
пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қабықтағы антигендерді
байланыстыруға қатысады.
Иммуноглобулин Е-ні көк бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу және
асқорыту жолдарының плазмалық жасушалары өндіреді. Ұрық IgЕ–ні ерте
шығарады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қорғануға қатысады.
ГУМОРАЛДЫ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІ
1. Тимикалық гуморальдық фактор – Т-лимфоциттердің көкбауырдан шығып, лимфа
түйіндеріне орналасуын Т- және В-жасушаларындағы хелперлердің пайда болуын
жүзеге асырады. Гуморальдық фактор қыртыстық лимфоциттерді медулярлыққа
ауыстырады. Соған байланысты тимэктомиялы тышқандардағы Т-жасушалардың
иммундық қасиетін қалпына келтіреді.Т-лимфоциттер – ұзақ (15-20 жыл) өмір
сүретін, қанайналымында жай қозғалатын, жаңа түрлерінің өнімі баяу жүретін
лимфоциттер. Сондықтан Т-жасушалық иммунды тапшылықтың қалпына келуі де
тез болмайды.
Т-лимфоциттері жетілуі күрделі және көпсатылы жүреді. Оның антигенбағынышты
және антиген бағынышсыз екі фазасы белгілі.
Антигенбағынышсыз фазасы сүйек миында және айырша безде жүреді. Дін
жасушаларынан шыққан алғашқы Т-жасушалардың бәріне тән антигені бар пре-Т-
жасушалары пайда болады. Пре-Т-жасушалары айырша безге кіріп, жетілген Т-
жасушалар шығады. Айырша безге Т-лимфоциттері екі субпопуляцияға бөлініп, Т-
хелперлер және Т-супрессорлар, цитотоксикалық Т-жасушалары құрылады. Олардың
әр қайсысының өзіне тән антигендік беткей маркерлері және әсерлеу функциялары
бар. Осымен антигентәуелсіз фазасы бітеді.
Жетілген Т-лимфоциттер айырша безден шығып, қанайналыммен екіншілік
лимфойдты мүшелерге орналасады. Онда антигентәуелді жетілу фазасы жүреді:
жетілуі, белсенуі және антигендер кірген, рецепторы бар Т-лимфоциттер көбейеді.
Бөлінудің нәтижесінде үлкен, орташа және кіші лимфоциттер – эффекторлар пайда
болады, бұлар қысқа (24 сағ.) өмір сүретіндер. Солармен бірге, морфологиялық
құрылысында ерекшілігі жоқ, ұзақ жылдар өмір сүретін кіші лимфоциттер, естелік
торшалар да түзіледі.
Т-лимфоциттер: хелпер және супрессор жасушалары – иммунитет
реттеушілер, ал киллерлер және ГЗТ (баяу жүретін гиперсезімталдық)
әсерленгіштер.
Т-киллерлер ісік жасушаларын және жұқпауға ұшыраған жасушаларды
жояды. Табиғи киллердің (NK) – үлкен гранулярлы жасушаларының
грануласында перфорин белок бар. Бұл белок мишень жасушаларына
кіріп, мембрана бұзатын, комплекс құрып, осмотикалық жарылыспен
клетканың ыдырауына әкеледі.
Т-лимфоциттерінің төрт популяциясы бар: Т-хелперлері, Т-
супрессорлары, Т-киллерлер, Т-эффекторлары (әсерленгіштері). Бұлардың
бәрінің қойдың эритроциттеріне, иммуноглобулиндерге (FC),
комплементтің белоктарына (тек СЗв-ға жоқ), интерлейкиндерге,
антигендерге рецепторлары бар. Т-хелперлер Т-хелперлері-1 және Т-
хелперлері-2 болып бөлінеді. Хелпер-1 жасушалық, ал хелпер-2
гуморальды иммунитетті белсендіреді. Т-лимфоциттер вирусқа,
басқаларға қарсы жасушалық иммунитетті, ГЗТ қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, айырша безде Т-хелперлер, Т-супрессорлары, цитотоксикалық
Т-жасушалары құрылса, ал шеткілік лимфатикалық органдарда (көк
бауыр, лимфа түйіндері, мүшелердегі лимфа ұлпаларында) кіші
лимфоциттер (эффекторлар) құрылады. Олардың 80%-ы бір тәулік өмір
сүреді, ал 20%-ы ұзақ өмір сүрушілерге жатады.
Гуморалдық иммунитет қызметін бағалау
Гуморалдық иммундық жетіспеушіліктін болжамалы белгісі
қанның у-глобулиндік фракциясының төмендеуі болып табылады.
Гуморалдық иммунитеттің белсенділігін бағалау әдістерінін
жалпылама қолданылатыны және көп тарағаны, гельдегі,
радиалдық иммунодиффузия әдісімен иммуноглобулиндерді (М, G,
А) анықтау (Манчини әдісі). М, G, А иммуноглобулиндер
кластарына стандартты сарысулардын комерциялык
антисарысулары бар. Бүл әдіс иммуноглобулиндерді жеке
класстарының суммарлық концентрациясын анықтайды және
тоталдық иммунжетіспеушілік диагностикасының көрсеткіші
болып табылады. Қан сарысуында IgE-н концентрациясы көп емес,
сондықтан оның концентрациясы арнайы (радиоиммунологиялық)
әдіспен анықталады радиоаллергосорбенттік сынак PACT,
радиоиммуносорбенттік сынак (РИСТ). Осы әдістерді колдана
отырып IgE-ң жалпы және аллергенспецификалық
концентрациясын анықтауға болады, бүл әдістер аллергиялық
аурулар диагностикасында маңызды.
Көптеген зерттеулер В-лимфоциттер саны мен қандағы
иммуноглобулиндер концентрациясының арасында байланыстың
жоқтығын көрсетті. Бұл, иммуноглобулиндердің қанда негізінен екі күйде
кездесетінімен түсіндіріледі: молекуланың жартысы, кан плазмасында
еріген бос күйде болады, екіншісі - қан клеткаларының бетінде тіркелген.
Олардын арасында динамикалық тепе - тендік бар. Ол физикалық,
психоэмоционалдык күш, физиологиялық өзгерістердін әсерінен белгілі
бір жакка жылжуы мүмкін. Бұлардың бәрі иммуноглобулиндердің
өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Иммуноглобулиндердің күшті өзгерістері
иммунитет жағдайын бағалағанда дәрігермен ескерілуі кажет.
Гуморалдық иммунитеттің көрсеткіші болып табиғи антиденелердің
деңгейі болуы мүмкін. Мысалы, изогемаглютининдер (титр 1:16 - 1:64),
E.Coli - ға антиденелер деңгейі, сонымен қатар коклюш қоздырғышы
антигендеріне, дифтерияға және сіреспе антигендеріне антидене деңгей.
Себебі, көптеген адамдар осы антигендермен вакцинацияланған.
Аутоантиденелерді табудың үлкен манызы бар (әсіресе диагноі коюда
күмәнді, қиын жағдайларда): клетка ядросына, калқанша безге,
митохондрияларға, бүйрек үсті безіне және т.б. антиденелер. Аутоиммундык
ауруларға аутоантиденелердің деңгейінің түрақты, айқын жоғарылауы тән.
ДНК-ға антиденелер жүйелі кызыл жегінің (СКВ) иммунологиялык маркері
болып табылады, олардың деңгейі потологиялык процесстің белсенділігімен
корреляцияланады. Ревматоидтык фактордың (РФ - IgG-re антиденелер) жоғары
титрі, көбінесе ревматоидтык артритте жиі кездеседі, әсіресе
экстраартикулярлық (жүйелік) керіністердің дамуында, және Шегрен
синдромында. Рибонуклеопротеинге антиденелердің өте жоғары титрінін
анықталуы, дәнекер тінінін жүйелі ауруын (СЗСТ - ДТАА) өзіндік форма
ретінде бөліп алуға ықпал етті. Ол кезде ЖҚЖ (СКВ), склеродермия және
полимиозиттің клиникалык бейнелері өзара косарласады. Фосфолипидтерге
антиденелердін пайда болуы "антифосфолипидті" синдроммен
ассоциацияланады: венозды және артериялдық тромбозбен, акушерлік
патологиямен, тромбоцитопениямен және т.б. бейнеленетін. Фосфолипидтерге
антиденелер миокард инфарктімен ауыратын аурулардың белгілі бір
топтарында анықталады, ол тромбоздык аскынудын маңызды болжамалы
белгісі болып табылыды.
Клеткалардағы гормондар үшін рецепторлармен және басқа да биологиялық
активті заттармен әсерлесуші аутоантиденелерді зерттеу эндокринологиялық
патологияны диагностикасы үшін қажетті.
Инфекциялық ауруларды диагностикасы үшін, арнайы антиденелердің
болуын және титрін анықтайтын серологиялык реакциялар қолданады.
Гуморальдық иммун тапшылығын емдеу ұсыныстары.
1. Арнайы гуморальдық иммунитет жауабы, оның ішінде IgG өнімі
бұзылғандарға көктамырға кемшіліктің орнын толтыратын ем,
иммуноглобулин беріледі.
2. Науқаста әр түрлі ауруы болғанымен гуморальдық иммунитет
қалыпты болса, иммуноглобулин тағайындалмайды.
3. Иммуноглобулин дозасы 200-400 мг/кг дене салмағына, 3-4
аптада 1 рет. Гуморальдық иммунитет тапшылығында
иммуноглобулиннің орнын қалпына келтіретін ем ұзақ уақыт
жүргізіледі.
4. Иммуноглобулинді көктамырға жіберіп емдеуде қосымша жүйелі
антибиотикотерапия тағайындалады.
5. Сарысу иммуноглобулиндері тым аз науқастарға тірі вакцинаны
егуге болмайды.
Әдебиеттер:
1.Белозеров Е.С. Клиническая иммунология и аллергология.
Алматы, 1992г
2.ЙегерЛ. Клиническая иммунология и аллергологи. Медицина
том 2, 1986г
3. Караулов А.В. Клиническая иммунология и аллергологи. М.,
2001г
4. Лебедев К.А. Иммунограмма в клинической практике,1990г
5. А.С.Тарабаева, А.Б. Жубантурлиева. Иммунды патологиялық
күйлердің диагностикасы және емі. //Медицина факультеттерінің
студенттеріне және дәрігерлерге арналған оқу-әдістемелік құрал.
Алматы, 2004г
6. Р. М. Хаитов, Б. В. Пинегин. Иммуномодуляторы: механизм
действия и клиническое применение //Иммунология, №4.-2003г
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz