Ауыз қуысы аурулары


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Тақырыбы:

Ауыз қуысы аурулары. Стоматит

Орындаған: Байдаулетова Сымбат

Тексерген: Жыльгелдиева Асель

Тобы: ВМ - 203

Slide 2

Жоспары:

. Кіріспе

1. 2 Стоматитке жалпы сипаттама

. Негізгі бөлім

2. 1Стоматиттің пайда болу себептері

2. 2 Стоматиттің түрлері

2. 3 Емі, қолданылатын диета

. Қорытынды

Slide 3

Стоматит (көне грекше: στόμα - ауыз) - ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса - глоссит, ал қызыл иекте болса - гингивит деп атайды.

Стоматит

Slide 4

Аурудың пайда болу себептері:

механикалық, физикалық және химиялық жарақаттанулар мен уланулар

түрлі жұқпалы ауруларға шалдығу;

дәрі-дәрмек аллергиясы;

дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз) ;

жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т. б.

Slide 5

Стоматиттің алғашқы белгілері

Стоматит кезінде ауыз қуысындағы жаралар көбейіп, ас-су пайдалануға, ауызбен терең демалуға, азықты шайнауға, дәрі қабылдауға кері әсерін тигізеді. Ағза ыстығы көтеріліп, ауыз қуысында сілекей көптеп жиналады. Ерін үстіндегі жаралардың аузы ашылып, сары су ағады.

Slide 6

Асқынуы

Стоматитті ұзақ уақыт емдемеген жағдайда түрлі асқынуларға алып келеді (Тілдің ойық жарасы, тілдің абссеці, флегмонасы)

Slide 7

Стоматиттің қабынуы

Slide 8

Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді. Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді. ==Акрил стоматиті==. Акрилден ауыздың қабынуы. Протез базисіндеакрилды пластмассаның монамері мөлшерден көп болған соң, шырышты қабыққа зиян тигізіп, ауыз қуысының қабынуына әкеп соғады.

Slide 9

Стоматиттің түрлері

1 Аллергиялық стоматит

2 Cоз стоматиті

3 Cаңырауқүлақ стоматиті

4 Дәрі-дәрмек стоматиті

5 Қызылша стоматиті

6 Миелоидты лейкемия стоматиті

7 Лимфолейкоз стоматиті

8 Желшешек стоматиті

9 Пеллагра стоматиті

10 Cынап стоматиті

11 Шірік-жара стоматиті

Slide 10

Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:

Катаральды- кілегей қабатының қанталауы

Герпесті- ұшықты тудыратын вирус

Жаралы- язва, тесік жараға айналады

Slide 11

Катаральды стоматит

Катаральды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, малдардың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, тамақты нашар ішеді.

Slide 12

Жаралы стоматит

Шырышты қабықта көлемі әр түрлі, бастапқы кезде қоңыр қызыл, кейіннен сұрғұлт сары некроз ошақтарымен сипатталады

Slide 13

Герпесті стоматит

Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар болып табылады. Малдың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. . Малдың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, жануар мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.

Slide 14

Стоматиттер кезіндегі диета

Стоматиттер кезінде диета жылы, жұмсақ болуы керек;

1. Науқас жануарды оңашалау керек

2. Механикалық аялаушы сүтті - өсімдікті диета.

3. Сұйықтықты мол ішу

4. Балык және еттен, жемнен -каша, пюре, сорпа, сүрлем дайындап береміз.

5. Азық ретінде шөптің жұмсағын береді.

Slide 15

Стоматиттің емі

Дәрігерге көрініп, күніне 5-6 рет риванол немесе марганец қышқылды ерітіндісімен шайып отыру. Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ерітінділерімен де шаюға болады. Ауызды шайғаннан кейін оның кілегей қабығына метилен көгінің 3 % ерітіндісін жағу қажет.

Науқас жануардың ішетін асы сұйық не қоймалжың, әрі жылы күйінде, витаминге мол болғаны дұрыс. Кейде пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотикті ұзақ ішкенде де ауыз уылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы дәрілерді ішуді тоқтатса, аурудың өзінен-өзі қайтуы ғажап емес.

Халықтық емі

Ошағанның (тікенді осімдік) гүлін күйдіріп, күлін уылған жерге басады.

Slide 16

Стоматитті тұрмыстық жағдайда қалай емдеуге болады?

Стоматиттің алғашқы белгілері пайда болған кезде жануардың ауыз қуысын күнделікті қайнатылған сумен бірнеше мәрте шаяды. Қайнатылған суға йод, ас содасы, тұз қосуға болады.


Ұқсас жұмыстар
АУЫЗ ҚУЫСЫ
Ауыз қуысының дисбактериозы. Түзілу себебі. Халитозис. Алдын алу және емдеу. Ауыз қуысы инфекция қақпасы ретінде
Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы мед
ОБЫРАЛДЫ АУРУЛАРЫ
Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі
Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеті мен құрамы
Ауыз қуысының микрофлорасы, түрлері
Ауыз қуысының микрофлорасы
Ауыз қуысы ауруларында тағайындалатын диеталык азықтар
Пародонт ауруларының иммунологиялық аспекттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz