Шошқа тілмесі




Презентация қосу
Қ АЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Шошқа тілмесі

ОРЫНДАҒАН:
ӘЛТАЙ ЖАНСАЯ
ЕЛКЕЛДІ А
ВМ-304



• «Ветеринария» Факультеті
• ШОШҚА ТІЛМЕСІ – шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы Erysіpelothrі
іnsіdіosa бактериясы. Көбінесе 3 – 12 айлық торайлар жиі ауырады.
Шошқа тілмесі жылқы, сиыр, қой, ит, т.б. жануарларға да жұғуы мүмкін.
Шошқа тілмесі ауру және денесінде ауру қоздырғыштары сақталған
шошқадан, кемірушілерден, насекомдардан, азық, су, құрал-саймандар
арқылы жұғады. Аурудың өте қатты түрінен шошқа бірнеше сағатта
өледі. Ауырған шошқаның темп-расы 41°С-қа көтеріледі, асқазан
қызметі бұзылады, жүрегі қатты соғады, терісінде қызғылт дақ пайда
болып, кейін қызарып ісінеді. Аурудың созылмалы түрінде шошқаның
іші өтеді, арықтап, буындары іседі
• Шошқа тілмесі– шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы Erysіpelothrі іnsіdіosa
бактериясы. Көбінесе 3 – 12 айлық торайлар жиі ауырады. Шошқа тілмесі жылқы, сиыр,
қой, ит, т.б. жануарларға да жұғуы мүмкін. Ауырған шошқаның температурасы 41°С-
қа көтеріледі, асқазан қызметі бұзылады, жүрегі қатты соғады, терісінде қызғылт дақ
пайда болып, кейін қызарып ісінеді. Аурудың созылмалы түрінде шошқаның іші өтеді,
арықтап, буындары іседі. Емдеу жолы: тілмеге қарсы арнайы сарысу және
антибиотиктер егеді. Алдын алу үшін 2 – 4 айлық торайға вакцина егіп, 4 – 5 айдан соң
қайталайды. Шошқалардың тұратын жеріне дезинфекция жасалып, кемірушілер мен
насекомдардан тазартылады. Шаруашылыққа карантин қойылады. Инфекцияның
қоздырғыштарын тарату факторларына тілменің қоздырғыштарымен ластанған
азық,су, сою өнімдері,өлекселер жатады. Осының ішінде топырақ маңызды орын
алады. Осыған байланысты тілмені топырақтық,маусымдық (көктем-жазда) індеттер
қатарына жатқызады. Кеміргіштер,шыбындар,құстар қоздырғыштарды таситындар
болуы мүмкін. Қоздырғыштардың таралуының негізгі жолы-азықпен, жәндіктер
арқылы және жанасу арқылы. Тілменің эпизоотиялық ерекшелігі оның тұрақты болып,
жылдың жылы мезгілінде қайталануында. Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының
көпшілігі,20-30% ауруға шалдығады
• Өлім көрсеткіші жоғары -55-80%. Шаруашылық субъектісіне (елді
мекенде) қоздырғыштарды ауру, ауырып жазылған шошқалар, сонымен
бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған заттар таратады.
Шошқаның тілмесінің қоздырғышы сырттан келмесе де, бактерия
тасығыш-шошқалардың арасынан, сыртқы ортаның жағымсыз
факторларынан ( көлікпен тасымалдағанда, күн ыстықта арасынан
айдағанда, шошқалардың денелері ыстықтағанда немесе тоңғанда,
азықтандыру түрін кенет өзгерткенде, күн өткенде және ауаның
жоғары ылғалдылығында) ауру шығуы ықтимал.
• Ауру қоздырушысын алғаш анықтап, ажыратып жазған Р.Кох (1878), Леффлер
(1881), Л.Пастер және Л.Тюлье (1882). Микробты қоян организмінен өткізіп, тірі
вакцина даярлаған Л.Пастер (1883), ал тілмеге қарсы қан сарысуын ұсынғандар
Лоренц пен Лепланш (1885). Кейіннен Д.Ф.Конев (1899) өзінің атымен аталған
вакцинаны, ал Виноградник ВР-2 вакциналық штаммды ұсынады. Инфекциялық
ауру адамзатқа ерте заманнан белгілі.Егерде осы уақытқа дейін ауру мал
шаруашылығында көп шығынға алып келсе және адамдардың арасында таралатын
болса, онда эпизоотияның мөлшері қандай болатының ескерсек,инфекциялық
аурулардың және олармен күресу шаралары дұрыс жасалмаған жағдайда.
Жұқпалы аурулармен күресу шараларын зерттеу ерте заманнан бері белгілі. Басқа
жұқпалы аурулардың арасында жануарлардың инфекциялық ауруы «бацилалық
тілме», «шошқа қызылшасы» деген атпен белгілі болған. / Сонымен қатар
жануарлардың ,шошқалардың қызылша ауруынан медицинада «эризипелоид»
• эризипелоидом,ал шошқаларда «бациллалық тілме» сібір жарасынан, тифа және
басқа аурулардан ажыратып баламаған. Спинола (1842) «Шошқа аурулары» атты
еңбегінде ең алғаш шошқа тілмесін,сібір жарасынан ажыратқан. 1869 жылы
Карстеном және Гармсом зерттеу жұмыстарында «Der Rotlauf des Shwines
Sehweineseuhe», «Rotlauf des Shweines» деген атпен шошқа тілмесі дербес ауру
екенін анықтады.
• .

• Қоздырушысы- Erysipelothrix insidiosa – Lactobacillacea
тұқымдастығы, Eyrisipelothix туыстастығына жатады.
Ұзындығы 0,5-1,5 мкм, көлденеңі- 0,2-0,3 мкм,
қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, гарм оң,
полиморфты қысқа таяқша.E.insidiosa сыртқы ортаның кез-
келген нысандарында кездесетін ( убиквитарлы) және
соған байланысты морфологиялық,
• уыттылық,антигендік және иммуногендік қасиеттері
өзгеріп отыратын микроб. Тығыз қоректік ортада S-,R-,O-
шоғырларын түзеді. Қоздырушының антигендігі бойынша 3
түрін -A,B,N ажыратады. Ауру қоздырушылық қасиеті
негізінен А, сирегірек В, ал өте сирек N түріне тән. Соңғысы
сау жануарларда кезігеді. В түрінің иммуногендік қасиеті
жоғары болады да,көбінесе вакцина дайындауға
пайдаланады. Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан
мен көгершін. Мекендеу жағдайына байланысты олардың
морфологиялық, вируленттік, антигендік және
иммуногендік қасиеттері әр түрлі болады. Микроб қоректік
ортаны талғамайды.
• . Тілме бактериясы жануарлар әлемінде ең кеңінен таралған микробтардың қатарына
жатады. Шошқада тілме спородия немесе індет түрінде дүниежүзінің барлық елдерінде
дерлік кездеседі. Ауруға көбінесе 3-12 айлық шошқалар бейім келеді. Сондай- ақ, табиғи
жағдайда тілмемен қозы, тауық, үйрек, күрке тауық, көгершін кемірушілер ( тышқан,
егеу-құйрық) ауырады. Тілмемен адам да ауырады. Адамда эризипелоид көбінесе
алақанында, саусақтарында, терінің, тері асты ұлпаларының суланып, қабынуымен, сөл
тамырларының кеңеюімен сипатталады. Спорадия түрінде тілмемен
жылқы,сиыр,қой,бұғы,ит, көптеген жабайы құстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында
аур Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=5277673.1 Қоздырғышының төзімділігі.
Ауру қоздырушысы спора түзбегенімен де сыртқы орта жағдайында төзімді келеді.
Ауызы балқытылып бекітілген сұйық қоректік ортада 17-35 жыл, шіріген өлекседе
бірнеше ай, өзен суында 73 тәулік, несепте- 203 тәулік, нәжісте 94 тәулік, топырақ
тұнбасында 108 тәулік сақталады. Жоғарғы температураға төзімсіз 50 С қыздырғанда
15 минутта, ал 70 С-та 5 минутта күшін жояды. Алайда етті уақтамай қайнатқанда тек
қана 2,5 сағаттан кейін өледі. Етті қуыру, бұқтыру ондағы тілме бактерияларын
зарарсыздандырмайды, ал ысталған шошқа етінде бұл микроб 90 тәуліктен кейін,
тұздалған шошқа етінде 170 күнге дейін күшін жоймайды. Тілме бактериясы
антибиотиктерге, ультра күлгін сәулеге және күйдіргіш натрий, формальдегид, хлорлы
әк сиякты кең қолданылатын дезинфектанттардың кәдімгі ерітінділеріне сезімтал
келеді.
• Емі.Тілмеге қарсы арнайы сарысу мен антибиотиктердің
емдік қасиеті өте жоғары. Гипериммундік сарысуды ауру
малдың тірі салмағының әр килограммына 1-1,5 мл
мөлшерінде тері астына не бұлшық етіне жібереді.
Жануарлардың халі өте ауыр болса, жіберілетін
сарысудың жартысын құлақтың қан тамырына жібереді.
Сондай-ақ, пенициллин,стрептомицин, окситеттациклин,
экмоновациллин, эритромицин,т.б. антибиотиктер жақы
емдік нәтиже береді. Әсіресе, пенициллинді малдың тірі
салмағының әр килограммына 2-3 мың ӘБ есептеп,
арасына 6-8 сағат салып егеді. Антибиотиктерді
сарысумен бірге еккен өте жақсы нәтиже береді. Ауру
малдарға әр түрлі симптоматикалық дәрмектер
қолданады.
• Қорытынды Шошқаның тілмесі ( Erysipelas
suum, рожа свиней) – жіті өткенде өлі тиіп,
терінің қабынып қызаруымен, ал созылмалы
түрінде жүрек пен буындардың қабынуымен
ерекшелетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы
Erysіpelothrі іnsіdіosa бактериясы. Көбінесе 3 –
12 айлық торайлар жиі ауырады. Шошқа
тілмесі жылқы, сиыр, қой, ит, т.б.
жануарларға да жұғуы мүмкін. Ауырған
шошқаның температурасы 41°С-қа көтеріледі,
асқазан қызметі бұзылады, жүрегі қатты
соғады, терісінде қызғылт дақ пайда болып,
кейін қызарып ісінеді. Аурудың созылмалы
түрінде шошқаның іші өтеді, арықтап,
буындары іседі. Емдеу жолы: тілмеге қарсы
арнайы сарысу және антибиотиктер егеді..
• . Алдын алу үшін 2 – 4 айлық торайға вакцина егіп, 4 – 5 айдан соң
қайталайды. Шошқалардың тұратын жеріне дезинфекция жасалып,
кемірушілер мен насекомдардан тазартылады. Шаруашылыққа
карантин қойылады.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢ ЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Шошқа тілмесі, патморфологиясы
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
Шошқа тілмесі. Тілме (Erysipelas Suum)
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар:
Жануарлардың сифункулятоздары және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар
Гастрит жіктелуі
Гриб Сабуро агарында
ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША
ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ туралы
Пәндер