Фолациндер алмасу коферменті



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Тақырыбы: Витаминдер
Орындаған:Әбілезқұл Толғанай
Қабылдаған:
Тобы:Вм-204

Жоспары:
Витаминдер туралы жалпы түсінік, жіктелуі.
Витаминдердің қасиеттері
Витаминдер алмасуының біртектес бұзылыстары

Витаминдер
Ұсақ молекулалы биологиялық белсенді заттар (ББЗ), әдетте олар коферменттер немесе олардың бөлшектері болып табылады және тиімді зат алмасу және организм тіршілігі үшін аса қажет. Қазіргі кезде витаминдік белсенділікті бір ғана зат емес, химиялық құрылысы ұқсас бірнеше қосындылар көрсететіні анықталды. Бұл заттарды витамерлер деп атайды.

Витаминдер

Адам және жануарлар организміне витаминдер
тағаммен түседі, сонымен қатар
кейбір суда еритін витаминдер
ішек микрофлорасымен де
түзіледі, бірақ түзілген витаминдер мөлшері организм қажеттілігін өтей алмайды. Тек биотин және К витамині ғана организмге керекті мөлшерде өндіріледі. Сондықтан витаминдер немесе провитаминдер міндетті түрде тағаммен бірге түсуі қажет.

Витамин
Витамер
Атқаратын
міндеттері
А-витамині
Ретинол, Ретиналь
Ретинол қышқылы
Көру нілдері,
эпителийдің нақтылануы
Д-витамині
Холекальциферол (Д3), Эргокальциферол (Д2)
Кальций тұрақтылығы, сүйектерде зат алмасуы
Е-витамині
токоферол
Мембраналық антиоксиданттар
К-витамині
Филлохинондар (К1)
Менахинондар (К2)
Менадион (К3)
Қан ұю, кальций алмасуы
С-витамині
Аскорбин қышқылы
Дигидроаскорбин қышқылы
Тропоколлагенді
гидроксилдеу,
дәрі-дәрмектер және стероидтар алмасуы
Витаминдердің жіктелуі

В1-витамині
Тиамин
2-кетоқышқылдары декарбоксилдеу, кетондық топтарды ауыстыру коферменті
В2-витамині
Рибофлавин
Май қышқылдары және Кребс оралымы өнімдерін тотықсыздандыру реакциясының коферменті
Ниацин
Никотин қышқылы
Никотинамид
Бірқатар дегидрогеназалардың коферменті
В6-витамині
Пиридоксол
Пиридоксаль
Пиридоксамин
Аминқышқылдарының коферменті

Фолий қышқылы
Фолий қышқылы Фолациндер
Карбон топтарының алмасу коферменті
Биотин
Биотин
Карбоксилдеу әсерленісінің коферменті
Пантотен
қышқылы
Пантотен
қышқылы
Май қышқылдары алмасуының коферменті
В12-витамині
Кобаламин
Пропионат, аминқышқылдары, карбон топтарының алмасу коферменті

Витаминдердің қасиеттері
Қазіргі кезде бірнеше жүзге тарта ферменттер болатыны белгілі, солардың құрамына кофактор есебінде витаминдер кіреді.

Еритін қасиеттеріне орай витаминдер екі түрге бөлінеді:
майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К витаминдері)
суда еритін витаминдер (басқалары)

Әріптік
таңба
сы
Аттары және синонимдері
Құрамына витаминдер кіретін
Ересектердің тәу
ліктік қа
жеттілігі, мг
Дәрілік препараты
В1
Тиамин (антиневриттік витамин, аневрин)
Тиаминпирофосфат
1, 2
Тиамин бромиді
Тиамин хлориді
В2
Рибофлавин (өсудің стимуляторы)
Флавинмононуклеотид, (ФАД)
1, 3
Рибофлавин
РР
Никотин қышқылы, никотинамид(ниацин, пеллаграға қарсы витамин, В3
(НАД),
(НАДФ)
16, 0
Никотин қышқылы, Никотинамид
Суда еритін витаминдер

В6
Пиридоксин
(адермин)
Пиридоксальфосфат
1, 6
Пиридоксин
гидрохлориді
В12
Цианокобала-
мин (анемияға қарсы)
Коэнзим В12
0, 002-0, 005
Цианокобаламин
Вс
Фолий қышқылы (фолацин, птероилглутамин қышқылы, анемияға қарсы)
Тетрагидрофолий қышқылы
0, 4
Фолий қышқылы
С
Аскорбин қышқылы (цингаға қарсы витамин, скорбутқа қарсы витамин)
*
60-100
Аскорбин қышқылы
Р
Биофлавоноид-тар, өткізгіштік витамині
30-50
Рутин
Кверцетин

Бұл топқа витаминдердің едәуір саны, соның ішінде В тобының витаминдері, С витамині және т. б жатады. Тиамин (В1 витамин) үлкен мөлшерде бидай ұнының кебігінде, күріште бұршақта, ашытқыда басқа өсімдіктес жануарларда кездеседі. Тиамин ішектен сорылып, фосфорланады және тиаминпирофосфатқа айналады. Тиаминнің жетіспеушілігінде көмірсу алмасуы күрт бұзылады, одан кейін метаболизмнің басқа да түрлері. В1-гиповитаминозы поленеврит, бұлшықет әлсіздігі дамуына, бери-бери ауруына парез және паралич дамуы мүмкін. Сонымен қатар, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, кейде тахикардия, жүрек дилятациясы, ісінумен жүретін жүрек жетіспеушілігі дамиды. Невритте, невралгияда, парезде, радикулитте, бірқатар тері ауруларында, асқазан ішек жолының, жүрек-тамыр жүйесінің патологиялық жағдайларына қолданады. Ішке парентералды тағайындайды.

Рибофлавин (В2 витамині) үлкен мөлшерде бауырда, бүйректе, жұмыртқада, сүт өнімдерінде, ашытқыда т. б, . Ішектен сорылып, рибофлавинАТФ қатысуымен фосфорланады және келесі коферменттік түрге айналады: ФМН және ФАД. Жетіспеушілігінде ангулярлы стоматит (хейлоз) -езуде, ерінде, жарықтар пайда болады. Глоссит, мұрын және құлақ маңындағы терінің зақымдалуы байқалады. Васкулярлы кератит тән. Жарықтан қорқу, көзден жас ағу, көздің қараңғыда көруі бұзылады(гемералопия) . Рибофлавинд мононуклеотид парентералды қолданады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) маңызды биологиялық рөл атқарады, едәуір мөлшерде көкөністерде, жеміс-жидектерде, қарақаттың жапырағында кездеседі. Аскорбин қышқылының негізгі әсерлері тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысуына байланысты. Аскорбин қышқылының айналуы нәтижесінде жүзеге асады. Бұл үрдіс қайтымды және сутегі атомын тасымалдануымен жүреді. Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі гиповитаминоз, ал кейбір ауыр жағдайларда авитаминоз (қырқұлақ немесе скорбут) дамуына әкеледі. Қырқұлақ кезінде қажу, терінің құрғауы, теріде гемораггиялық бөртпе, қызыл иектен қан ағулармен жүретін гингивит, тістің босауы және түсуі, бұлшықетке қан құйылу, қол аяқтың ауыруы, ішкі мүшелер жағынан бұзылыстар байқалады. Иммунитет зардап шеккендіктен, жұқпалы ауруға қарсы тұру төмендейді. Аш ішекте сіңіріледі, жартылай тіндерде қорға жиналады. Оксалаттар түрінде шығарылады. Аскорбин қышқылын оның жетіспеушілігін алдын алу және емдеу үшін, қан ағуларда, инфекцияларда, химиялық заттармен уланғанда, атеросклерозда, сәуле ауруында, баяу жүретін регенеративті үрдісте, жоғары жүктемелерде қолданады. Препаратты ішке парентералды енгізеді.

Р витамині биофлавоноидтар тобына жататын бірқатар заттарды біріктіреді (химиялық флавон туындылары болып табылады) . Олар цитруста, итмұрын жемістерінде, қара жемісті шитен жидегінде, шайдың жасыл жапырағында және т. б. кездеседі. Негізгі әсері капиллярлардың өткізгіштігін және жарылғыштығын азайту. Аскорбин қышқылы мен бірге ол тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады. Жетіспеушілігінде капиллярдың резистенттілігінің төмендеуі байқалады, оны Р витаминдік белсенділігі бар препараттарды тағайындау арқылы жояды. Соңғысы ретінде рутин, кверцетин, шай өсімдіктері жапырағынан алынған Р витамині, цитрустардан және басқа өсімдіктерден алынған Р витамині қолданылады. Препараттарды тамырлардың өткізгіштігі жоғарлауымен жүретін патологиялық жағдайларда қолданады. Ішке тағайындайды.

Әріптік
Таң
басы
Аттары және синнонимдері
Ересектердің тәуліктік қажеттілігі, мг
Дәрілік препараты
А
Ретинол (аксерофтол,
антиксерофтальмиялық витамин)
08-1, 0 мг
(4000-5000 МЕ)
Ретинол ацетаты
(пальмитат)
Балық майы
D2
Ергокальциферол (рахитке қарсы витамин)
10 мкг
(400 МЕ)
Ергокальциферол
Балық майы

D3
Холекальциферол
(рахитқа қарсы витамин)
*
Е
Токоферол (бедеулікке қарсы витамин)
15
Токоферол ацетаты
К1
Филлохинон (антигемораггиялық витамин)
40-80 мкг
Фитоменадион
(К1 витамині)
К2
Менахинон (антигемораггиялық витамин, фарнохинон)

Антигемораггиялық қасиеті (қан ұюын жоғарлатады) бар К тобының витаминдері де майда еритін витаминдер болып табылады. Оларға табиғи К1 витамині, (филлохинон) және белсенділігі аз К2 витамині(менахинон) жатады. Суда еритін синтетикалық викасол препаратының қасиеттері ұқсас. Ол кең қолданылады, себебі, К1 витамині УК сәулелер мен сілтілер әсерінен ыдырайды. К витамині көп мөлшерде өсімдіктерде (саумалдықта, капустада, асқабақта және т. б. ) кездеседі. Жануар тектес өнімдер арасында К витаминінің көзі бауыр болып табылады. Оны тоқ ішектің микроорганизмдері де қарқынды түрде синтездейді. К витамині бауырда протромбин, проконвертин және де бірқатар қан ұю факторларының синтезіне ынталандырғыш әсер көрсетеді. Сонымен қатар, ол АТФ, креатинфосфат, бірқатар ферменттер синтезіне қолайлы әсер етеді. К витамині жетіспеушілігінде қанда протромбин және басқа да қан ұю факторларының мөлшері төмендейді, ол тіндерден қан кетумен, гемораггиялық диатез дамуымен көрінеді. К витаминінің абсорбциясы аш ішекте жүреді. Майда еритін К витамині препараттарының сорылуы өт қышқылдарының қатысуын талап етеді. Олар ішектен лимфаға, одан кейін қанға түседі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz