Ингаляциялық наркоздық заттар, олардың ветеринариядағы маңызы



Ингаляциялық наркоздық заттар,
олардың ветеринариядағы
маңызы.
Тексерген:Күзембекова Г.
Орындаған:Амирханова Г.
Тобы:ВМ-303

Жоспар
1. Кіріспе
2. Неізгі бөлім
2. 1 Ингаляциялық наркозға жалпы сипаттама
2. 2 Наркоздың жалпы маңызы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Наркоз(narcosis) -дегеніміз арнаулы дәрілік заттардың әсерінен орталық жүйке жүйесіндегі нейронаралық синапстарда болатын қозудың өткізгіштік құбылысының әлсіреуі.
Қазіргі дәрілік практикада наркоз дегеніміз ауырсыну сезімдігінің жалпы әлсіреуі, осының әсерінен болатын сезімділіктің жойылуы, қаңқа еттерінің босаңсып, толық қозғалыссыз күйге көшуі болып табылады.
Кіріспе

Наркозды ерте кезден-ақ адамдарға операция жасағанда ауырсыну сезімділігін әлсірету үшін қолданған. Бұл ғылымда өте үлкен жаңалық ретінде қаралып, 1847 жылы әлемнің барлық елдерінде аталып өткен. Наркоздық заттар тек медицинада ғана емес, сонымен бірге
ветеринарияда да үлкен маңызға ие болды. Алғашқы кездегі наркоздық заттар наркоздау тәсілін нашар білгендіктен өте улы болды. Соңғы кездерде наркоздық заттардың жаңа түрлері ашылып, оларды беру тәсілдері жетілдірілгендіктен олардың организмге қолайсыз әсері азая бастады.

Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі.
Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.

Наркозды организмге
жіберу түрлері
Ингаляциялық
Ингаляциялық емес

Ингаляциялық наркоз дегеніміз-тез буланатынсұйықтық (хлороформ,
эфир, фторотан) немесе газдар(цикло-пропан, азоттың шала тотығы) . Бұл аталған наркотиктердің ең жақсы берілу әдісі ингаляция (inhalase- демді ішке тарту) болып табылады. Наркоздық заттардың
аты да осы сөзден шыққан. Олар
организмнен жылдам бөлінеді. Сондықтан да олардың белгілі мөлшерін орталық жүйесінде ұстап тұру мақсатымен ингаляция түрінде организмге үздіксіз енгізіп отырады.

Ингаляциялық наркоздық заттарды жылдам еңгізген кезде, наркоздық зат негізінен қанмен жақсы қамтамасыз етілгенмүшелер мен ұлпаларға оңай таралады. Мұндай жағдайда наркоздық заттар көбіне орталық жүйке жүйесінде жинақталады. Егер, наркоздық заттардың қанға аз мөлшерде түсетін болса, олар барлық ұлпаларға бірдей таралады да, уытты әсердің айқындалуына себеп болады.
Наркоздық заттардың мөлшерін аздан көпке қарай бірте-бірте көбейтіп, терең наркоз алуға мүмкіншілік беретін деңгейге жеткізу керек.

Ұшқыр наркоздық заттардың
жағымсыз иісі болғандықтан, олардың ингаляциясы кезінде жануарлар қатты тынышсызданады. Сондықтан да жануарларды алдын-ала жақсылап алдын-ала жақсылап байлап-матау керек. Жануарлар басының кеуде тұсынан жоғары болуын ескерген жөн. Ингаляция кезінде жануарлардың қақалып-шашалып қалмауын қадағалаған жөн. Өйткені ол құсуға ұласуы мүмкін. Құсу наркоздық заттардың наркоз кезінде қарынға түсуінен де болуы мүмкін.

Ингаляциялық наркозға арналған заттар:
- Сұйык ұшқыш заттар
- Фторотан
- Энфлуран
- Изофлуран
- Наркозга арналған эфир
- Газ тәрізді заттар
- Азоттың шала тотығы

Хлороформ-Chloroformium. Мөлдір, түссіз, оңай қозғалатын ұшқыр сұйық зат, өзіне тән иісі, тәтті және күйдіретіндей дәмі бар. Тығыздығы1, 477-1, 486 шамасында. Қайнау температурасы-59, 5-62 градус. Буы жанбайды. суда нашар ерігенімен, майларда жақсы ериді. Спирт және эфирмен барлық арақатынастарды оңай араласады. Жарықтың, ауаның және ылғалдың әсерінен аздап ыдырайды. Наркозға тек қана тазартылған препаратты-”наркозға арналған хлороформды”қолданады. Оны күңгірт шыны ыдыстарда Хлороформ әсіресе қан-тамыр жүйесінеқ олайсыз әсер етеді. Ол жүрек жиырылуы тербелісін төмендетіп, өткізгіштік қасиетінтоқтатады. Наркоздың алғашқы сатысында-ақ қан қысымы төмендейді. Хлороформ жануарлардың барлық
түріне әсер етеді. Ірі қара мен ұсақ малға хлороформдық наркоз қолданылады. сыртқы ағзаларға хлороформ негізінен ауырсыну сезімділігін әлсіреткіш және ревматизмге қарсы зат ретінде буындар мен бұлшық еттердің қабынуы кезінде қолданылады.

Эфир-түссіз, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар мөлдір сұйық зат. Тығыздығы 0, 714-0, 715. Қайнау температурасы-34-35 градус, булануы өте тез кәдімгі бөлме температурасында булана береді.
Наркоз үшін таза препартты-”наркозға арналған эфирді” қолданады. Ауа өткізбейтін, күңгірт ыдыстарда шығарылады.
Наркоздық әсері тура хлороформға ұқсас, бірақ оған қарағанда наркоздың белгілі-бір
сатысы үшін эфирді 3-5 есе көп жұмсауға тура келеді.

Фторотан-хлороформға және
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz