Негізі кез келген науқас медикаментозды өлімнен бас тартуға құқылы
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ СӘНИЯ
ВМ-304
«Ветеринария» Факультеті
Эвтаназия
Эвтаназия - Әлдебір әрекетпен немесе
құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды
ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен,
ауыр науқастың өз өлімін тездету жөніндегі
өтінішін қанағаттандыру.
Эвтаназия дұрыс па әлде бұрыс па?
Эвтаназия – қатты жазылмайтын
аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту
немесе тоқтату, адамның азабына
азайту немесе адамдарға қиналмай
өлуге медициналық жолмен өлуге
мүмкіндік беру.
Негізі кез келген науқас
медикаментозды өлімнен бас тартуға
құқылы. Адам өмірі, қандай жағдай
болмасын, сақталуы тиіс басты
құндылық екені сөзсіз. Исламда
«азаптан, жан күйзелісінен қашу,
құтылу мақсатында өлімге бару
дұрыс» деген түсінік жоқ. Құдіреті
күшті Алла тағала Құранда: «Өз-
өздеріңді өлтірмеңдер (жане соған
апаратын бұзықтыққа бармаңдар).
Расында (сіздерді бұған тыйған) Алла
сендерге ерекше мейірімді» («Ниса»
сүресі, 29-аят), дейді.
Қазіргі таңда қиналып жатқан науқастың ауырсыну
сезімін басатын түрлі емшаралар жетерлік. «Сабыр түбі –
сары алтын» дейді ғой ата-бабамыз. Сол себепті
сабырлықпен, Алланың мейірімінен үміт ете отырып,
дертіне байланысты емделгені дұрыс деп ойлаймын.
Ауыр дерттен қатты азап шеккен, жаны мен тәні қоса
қиналған адам арам ойға бармау үшін, қасында әркез
жақын туыстары, жақсы көретін дос-жарандары болуы
тиіс. Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі науқасқа үлкен
қолдау болары анық. Егер науқас айналасындағылардың
қолдауын сезе алса, ішкі рухани түйсіктерін жақсы ойға
тоғыстырып, сәл де болса жанын қинаған дертті, одан
тартқан азапты ұмытары хақ.
Жалпы кез кезлген адам өмірінің қашан соңына келерін
білмейді. Сол себепті әрбір мұсылман қандай да сынақ
болмасын, барлығы Алла тарапынан екенін және адам
өмірін қию құқы да тек бір Жаратушыда ғана болатынын
есте сақтағаны жөн.
Эвтаназия қолдану қажет
пе?
Соңғы кезде әлемде жиі көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі —
ел арасында «жеңіл өлім» аталып кеткен эвтаназия мәселесі.
Эвтаназия — айықпас дертке шалдыққан науқасты өзінің және
туған-туыстарының келісімі бойынша медициналық тәсілмен өлтіру
болып табылады (яғни дәрі егу, т.б. арқылы). Турасын айтқанда,
адам өмірін қолдан қию деген сөз.
Өмірді беретін де, оны алатын да жалғыз Жаратушы Алла ғана екенін
ескерсек, қазіргі медицинадағы бұндай тәсіл жанға батқан жараның толық
жазылуына себеп болмайтыны белгілі. Сонымен қатар қандай жолмен
болсын, адам өмірін шектеу бүгінгі өркениет дәуірінде санаға жат, ақылға
сыйымсыз екені де сөзсіз. Десек те, бұл мәселе жөнінде әлем ғалымдары
арасында әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Медицина мамандары, заңгерлер,
психологтар, саясаткерлер және дін қызметкерлері арасында әдейілеп
өлтіруге байланысты көптеген пікір қайшылықтары туындауда. Әйтсе де,
бүгінге дейін эвтаназияның дұрыс, не бұрыс екендігі жөнінде нақты жауап
берілмей келеді. Өкініштісі сол, соңғы кезде кейбір ғалымдар «Эвтаназия
адами құндылықтарға еш қарсы емес» деген қорытындыға келіп отыр. Ал
асыл дініміз — исламда адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау ауыр
қылмыс, үлкен күнә екені белгілі. Ендеше «қайырымды өлім» деп айтылып
жүрген эвтаназияға, яғни әдейілеп өлтіруге Ислам қалай қарайды?
Адамзат тарихында бұл әдіс қаншалықты жиі қолданылған? Адам өмірінде
дәрігердің рөлі қандай? Енді осы сұрақтарға кеңінен тоқталып өтсек.
Жалпы азаптан құтылу мақсатында өз-өзін
өлтірудің тарихы тым тереңде жатыр. Тіпті
адамдар өз-өзін өлтіруді алғашқы қауымдық
құрылыс дәуірінде-ақ білген. Ежелгі пұтқа
табынушылық заманында өз-өзін өлтіруге еш
кедергі болмаған, керісінше оны құптап
отырған. Мәселен, ежелгі Данияда төсек
тартып жатып, ауырып өліп кетсең, ол үлкен
масқара болып саналған. Кельттер қарттық
жеңіп, қауқары кете бастаған кезде өз-
өздеріне қол жұмсаса, эскимостар соңғы
демдерінің жақындап келе жатқанын сезіп,
үсіп өлу үшін аязды тундраға, басы ауған
жаққа кетіп қалатын болған. Ал Ежелгі
Грецияда өз-өзін өлтіруге арнайы билік
органдарынан рұқсат та берілген екен.
Адамзат тарихындағы осындай жан түршігерлік жайт-тарға
қарамастан, медицина атасы саналатын Гиппократ: «Мен сұрап
келгендерге ешқашан өлтіретін улы қоспаларды бермеймін және
оларды жасайтын жолды да ешкімге көрсетпеймін», — депті. Ал оның
замандастары Платон, Сократ, Аристотельдер болса, керісінше «жеңіл
өлімді» қолдап, «Бұл әдістің өлім аузында жатып қиналғандарға
пайдасы бар» деп есептеген. Тіпті Сократ та өз-өзіне қол жұмсап,
«цикута» атты адам ағзасына зиянды уды ішіп өлген екен.
Жалпы эвтаназия сөзі грек тілінен аударғанда «Au» — жақсы, ал
«Thanatos» — өлім деген мағынаны білдіреді. Яғни эвтаназия сөзінің
мағынасы біреулер айтып жүргендей «жеңіл» емес, «жақсы өлім»
дегенге саяды. Ең қызығы сол, қазіргі таңда бұл өлім түрін жақтайтын
халықаралық қоғам құрылып, Лондон қаласында «Шығу» (выход)
деген атпен ресми түрде тіркелген.
Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі,
дәрігердің қатысуымен, яғни емделу-шінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы
дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге
апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер
қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі.
Біріншісінен айырмашылығы, мұнда науқастың өмірін ұзарту мақсатында
ешқандай емдік шаралар жасалмайды.Негізі адам баласы кез келген істе
тәуекел ететіні белгілі. Сонымен қатар, нәтижесінің жақсы болуын да бір
Жаратушыдан ғана үміт етері анық. Әйтсе де, ауруға шалдығып, науқас
болған адам жақын адамдарының мейірімінен үміт ете отырып, амал
қылып, дертіне байланысты емделу керек. Ауыр дерттен қатты азап
шеккен, жаны мен тәні қоса қиналған адам жаман ойға бармау үшін,
қасында әркез жақын туыстары, жақсы көретін дос-жарандары болуы тиіс.
Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі науқасқа үлкен қолдау болары анық.
Егер науқас айналасындағылардың қолдауын сезіне алса, ішкі рухани
түйсіктерін жақсы ойларға тоғыстырып, сәл де болса жанын қинаған
дертті, одан тартқан азапты ұмытары анық.
Жалпы кез келген адам өз өмірінің
қашан түгесілерін білмейді. Сол
себепті әрбір жан баласы қандай да
сынақ болмасын, барлығы Алла
тарапынан екенін және адам өмірін
қию құқы да тек бір Жаратушыда
ғана болатынын есте сақтағаны
абзал.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz