Жаһандық теңсіздік




Презентация қосу
Тақырыбы:Жаһандану
және қазіргі заманғы
жаһандық проблемалар
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік
ауқымдану, глобализация (ағылш.
Global — әлемдік, дүниежүзілік,
жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси,
экономикалық, мәдени және
ақпараттық тұтастық құрылуының
үрдісі. Терминді ғылыми айналымға
алғаш рет енгізген (1983 жылы)
америкалық экономист Т.Левита.
Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі
аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан
бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл,
Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон
Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен
тығыз экономикалық, ғылыми-
техникалық, саяси, мәдени
байланыстағы біртұтас адамзат
қауымдастығының қалыптасуы.
Ол - біздің көз алдымызда өте
тез қарқынмен жүріп жатқан
үрдіс.
Қазіргі заманғы жаһандық проблемалар

Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз
орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз
есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.
Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық
қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары,
индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық
терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік,
адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар
үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір
халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей,
немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік
экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан
әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ
мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет
әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға
қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет.
Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық
қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді
және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және
әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол
барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.
Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық
өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың
жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан
өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі.
Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса
басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік
саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу
қажеттілігін талап етуде.
Жаһандық ақпараттық кеңістік

Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы
және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті
қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып
табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін
қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор.
Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында
ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің қүрылуы
аса маңызды кезең болды. Интернет желісі - бүкіл
әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып,
біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі. Интернетті
қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық
қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын,
радио, теледидар, электронды пошта, электрондық
коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар
тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және
т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.
Жаһандық теңсіздік

Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт
шеңберіндегі жеке адамдардың арасындағы теңсіздік.
Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу Gini
коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым
қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі
теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін
ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп
келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі
қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық
жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда.
Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің
де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық
әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік
біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге
ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге
болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан
күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-
шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей
халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік
арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік
жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі,
жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей
Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір
тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық,
қайыршылық, СПИД, сауатсыздықтың
жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен,
"жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен,
гендерлік сезімталдықпен, технологиялық
алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен
көмектермен, әділ еркін сауда және
халықаралық экономикалық саясатпен,
қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен
адамгершілікпен жеңуге болады.
Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье,
С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман,
Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси
негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм
өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда.
Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық
қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, түтынушылар
қүқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б.
әртүрлі қоғамдық үйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-
үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар
өз қызметін Интернет арқылы жүзеге асырады. Олардың
ішінде:

"Destroy IMF" - Халықаралық валюта қорының жабылуын
талап ететін халықаралық үйым;
"Friends of the Earth" - желілік экологиялық қауымдастық;
"Transnational" - Трансүлттық корпорациялармен күрес
жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені
жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;
"Peoples Global Action" - Бүкіләлемдік сауда үйымы
шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық
үйым;
"Inpeg" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған,
наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын,
Жаһандану үлгілері

Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер.
Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері
талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың
неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше
назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі,
жаһанданудың жемісін өздері көретін трансүлттық
корпораңиялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге
асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы
алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері
бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары
және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір
(сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы
жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың
неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық
апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық
үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану
артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға
бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және
оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік
қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің
технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.

Ұқсас жұмыстар
Жаһандану, ғаламдану
Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
Ресми білім берудің қызметтері
Әлеуметтік теңсіздік көрсеткіштері
Теңсіздіктерді шешу
Модуль белгісімен алынған теңсіздіктер
Санды теңсіздіктің қасиеттері. 6 сынып
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы
Нәсілдік және ұлттық теңсіздік
Әлеуметтік мобильділік
Пәндер