Зертханаларда жұмыс істеу кезіндегі LOGO техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар


Slide 1

Тексерген: Базарбаев Р

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ветеринария Факультеті

ВМ-204

Орындаған:Әлтай Жансая

Slide 2

Зертханаларда жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 31. Жұмысқа қабылданған кезде және одан әрі тоқсан сайын зертхананың барлық қызметкерлері үшін техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалық өткізілуге тиіс. 32. Зертхана жабдығын пайдалану жөніндегі нұсқаулық жұмыс орындарында болуға тиісті. Зертханаларда тиісті нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленетін зерттеу сапасын бақылау жүйесінің талаптары орындалуға тиіс. 33. Электр жабдығымен жұмыс істеген уақытта қорғаныш құралдары (диэлектр кілемшелері мен резеңке қолғаптар, оқшаулағыш тақтайшалары) қолданылуы тиіс.

Slide 3

34. Зертхана үй-жайларында: 1) жағылған заттар мен басқа да қыздыратын аспаптарды байқаусыз қалдыруға, жұмыс істемейтін крандары бар қыздырғыштармен жұмыс істеуге, олардың қасында жанатын заттарды ұстауға; 2) жанып тұрған қыздырғыштар мен қосылған электр қыздыру аспаптарының жанында кездейсоқ төгілген жанатын сұйықтықтарды жинауға; 3) жұмыс істемейтін желдеткішпен жұмыс жүргізуге; 4) жұмыс уақытында қауіпсіздік боксының есігін ашуға тыйым салынады. 35. Жұмыс басталар алдында қауіпсіздік бөлмесінде (бокста) тартпалы желдеткіштер қосылуға тиіс және материалды батыру кері қысыммен жүргізіледі. 36. Тартпалы шкафтармен жұмыс істегенде тартпа саңылауының астына басын тосуға, тез қызатын сұйықтың қайнайтын немесе құйылған ыдыстың үстінен еңкеюге тыйым салынады.

Slide 4

Зертханаларда: 1) заттаңбалары жоқ реактивтерді сақтау мен қолдануға; 2) улы, қатты әсер ететін, жарылғыш заттар мен ерітінділер қорын жұмыс орындарында және сөрелерде сақтауға; 3) жұмыс үй-жайларында темекі тартуға, тамақты сақтауға және ішуге; 4) арнайы киімсіз жұмыс істеуге; 5) жылу құралдарында бір нәрсе кептіруге тыйым салынады.

Slide 5

Шыны аспаптармен жұмыс істеген кезде: 1) шыны аспаптарды жинау немесе оның жекелеген бөліктерін каучук көмегімен қосу кезінде - қолды сүлгімен қорғаған; шыны түтікшелерді сындырған кезде түтікшені шыны кесінділерін тастайтын жерде ұстаған; 2) каучук қызғанға дейін түтікшелер мен таяқшалардың басын ерітіп және сумен сулаған; түтікшелер мен таяқшалардың басын еріткен кезде арнайы ұстағыштарды қолданған; 3) шыны түтікшелерді резеңке тығындарға немесе резеңке түтікшелерге қондырған кезде (аспапты жинау кезінде) шыны түтікшені сыртынан алдын ала сулаған және резеңке түтікшенің ішкі жақ шеттерін немесе саңылауларын сулы тығында, глицеринмен немесе вазелин майымен майлаған жөн. Түтікшелердің үшкір шеттері балқытылуға тиіс; 4) шыны түтікшелерді немесе термометрлерді бұрғыланған тығынға қондырған кезде алақанымен емес, жанарынан ұстаған; 5) қыздырылған ыдысты оны салқындатқаннан кейін тегіс тығынмен жабқан жөн.

Slide 6

Сұйықтықтарды құйған кезде (құрамында жұқпалы аурулар қоздырғыштары бар сұйықтықтардан басқа) воронканы қолдану керек. 1. Шыны аспаптар қызуы немесе оның сынуы мүмкін жұмысты жүргізген кезде тартпа шкафтарда тартпаларда, көзілдірікпен, қолғаппен және резеңке алжапқышпен орындалуы тиіс. 2. Спирт, бензол, ацетон, бром, йод бар ыдыстар шыны тегіс тығынмен, сілтілері барлар - бұрандалы қақпақпен жабылуы тиіс. 3. Зертханада дәрі қобдишасы, ботулин уыттарымен жұмыс істеген кезде - уытқа қарсы сарысу болуы тиіс.

Slide 7

Қызметкердің зертхана үй-жайынан қорғаныш киімімен шығуға, оны жұқпамен немесе жұқпаға күдікті материалмен жұмыс істеген кезеңде үй-жайдан шақыруға тыйым салынады. 1. Ауысымды жұмыс істеу жағдайын сақтай отырып және зертханада кемінде екі адам (дәрігер мен зертханашы) қалған болса, ұйым басшысының рұқсатымен зерттеуді түнгі уақытта және жұмыс күні аяқталғаннан кейін жүргізуге болады. 2. І патогенді топ қоздырғышын жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс күнінің аяғында температурасын өлшеу мен арнайы журналда тіркеу жүргізіледі.

Slide 8

Паразиттік аурулар қоздырғыштарымен жұмыс істеген кездегі талаптар Құрамында ересек гельминттер мен ішек қарапайымдылар стробилдің, онкосферінің, қабыршақтарының, личинкаларының, ерекшеліктерінің болуына күдікті материал тығыз жабылатын қақпағы бар шыны немесе пластикалық ыдыста жеткізілуі тиіс. 01. Гельминттердің, ішек қарапайымдыларының және қан паразиттарының болуына зерттеуді және әзрілеуді тартпалы шкафта жүргізеді. Байыту әдістерін қолдану арқылы зерттеуге арналған зертханалық ыдыс кюветтерде орнатылады. Зерттеу үшін дайындалған препараттар арнайы подностарға қойылу керек, жағындылар бар заттар шыныларына көлемі үлкен шыныларды салады. . 02 Зерттелетін материалмен, ыдыспен, жабдықпен жасалатын барлық әрекеттер резеңке қолғаппен жүргізіледі. 03. Пайдаланылған пипеткалар, пробиркалар, капиллярлар, затты және жабынды шынылар дезинфекциялануға тиіс. 04. Гельминттерді жұқтыруға күдікті материал жекелеген тоңазытқышта сақталуы тиіс, ол жұмыс күнінің аяғында мөрленеді.

Slide 9

Оқшаулағышта тіршілік айғақтары бойынша көмек көрсетуге (кардиологиялық, шокқа қарсы, антидоттар) арналған ерекше дәрілік препараттардың, дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялық құралдардың негізгі және резервтік қоры болуға тиіс. 1. Биологиялық материалдармен жұмыс істеген уақыттағы авариялар кезінде оны дереу тоқтатады да авариялық сигнализацияны қосады. 2. Егер авария кезінде жұқпалы материал шашыратылған болса, бөлмеде болғандардың барлығы жұмыстарын доғарып, артынан есікті жауып, бокс кіреберісіне шығып, қолын, бетін, шырыштыларын дезинфекциялық ерітіндімен немесе спиртпен өңдеуі тиіс. Қорғаныш киімін (бас орамалдан немесе шлемнен бастап) дезинфекциялық ерітіндімен малып сулайды, оны алып, дезинфекциялық ерітіндіге салады немесе автоклавтау үшін бикске (бак) қояды. Көзіне, мұрнына қоздырғыштар сезгіш антибиотиктер тамызады, Авария болған жағдайда терең микоздар қоздырғыштарымен жұмыс істеген кезде көзі мен мұрнына 1% бор қышқылын, ауызы мен тамағына 70 0 этил спиртін тамызады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ИФТ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Конго - Қырым қанды қызбасы
Стандарттау әдістері
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ СРС
Ветеринариялық медицинада микробтарға қарсы препараттардың қауіпсіздік қолдануы
Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz