Ішектердің түйілуі
Презентация қосу
Тақырыбы:
Ішектердің түйілуі.
Орындаған:Елкелді А
Қабылдаған:Жылгелдиева Ә
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Себептері
III.Дамуы
IV.Симптомдары
V.Балау
VI.Емі
VII.Сақтандыру
Ішектердің түйілуі.
Ішек қабырғасының түйілмелі жиырылуы
арқасында оқтын-оқтын мазасызданумен
өтетін шаншудың ерекше бір түрі
жылқыларда, ірі қара малда (бұзауларда,
тайыншаларда), қойларда қырыққаннан
кейін, сирек шошқаларда кездеседі.
Себептері.
Энтералгияны қатты желіп, шауып келген, денесі қызған
малды желдің өтінде ұстау немесе жаңбыр астында ұстау,
мұз аралас сумен суару, көгерген жем - шөппен
азықтандыру, малды күзде шық түскен жайылымға жаю
және тағы басқа себептер туғызады. Ұзақ мерзім қорада
ұстаған төлдер, кенеттен суыққа шалдықса солар жиі
ауырады. Жас ірі қара малды қорада тығыз ұстаса, басқа
жаққа көлікпен тасымалдаса, стресс әсерлерінен жаппай
энтералгияға шалдығуы мүмкін. Жаздың ыстық кезінде,
әсіресе денесі қызған малды тез арада суытса
энтералгиямен ауырады. Энтералгияның шығу көзіне
катаральді гастроэнтеритке шалдыққан малдар жатады.
Дамуы.
Оқтын-оқтын ішектердің түйілуі вегетативті жүйке жүйесі
парасимпатикалық бөлігінің өте қозуы салдарынан туындайды.
Бұл ішектің кейбір тұзақтарымын түйілуімен мазасыздану
ұстамаларының арасында дамылдау паузасымен өтетін
ішектердің сенсорлы-қимылды неврозы. Бұл жағдайда
ішектердің ауырсынуының пайда болуы ішек кабырғасының
түйілмелі жиырылу кезеңі рецепторлық аппараттың қатты
қысылу негізінде пайда болады және ол түйілу канша мезгіл
созылса олда сонша мезгіл болады. Осымен ауырсыну-
мазасыздану ұстамасының оқтын-оқтын болуын түсіндіруге
болады (түйілмелі ауырсынулар).
Энтералгия оқтын-октын ішектердің түйілуінен болса, онда
ішектердің перистальтикасы күшейеді және бірынғай болмайды.
Инвагинация, оралу сияқты асқынулар осылардан пайда болады.
Симптомдары.
«Шаншу» синдромы ауық-ауық қайталанып, ұстамалы түрде өтеді, 10
минутқа дейін созылады. Мал ауырмаған кезде тыныш тұрады. Жем-
шөпті жақсы жейді. Бұл кезде сырттан қарағанда аурудың ешкандай
нышаны көрінбейді. Ауырған кезде жылқы ішіне қайта-қайта қарайды.
Аяқтарымен жерді тарпып, жатуға ыңғайланады, кейде құлап түседі,
катты терлейді, аузынан сілекейі шұбырады.
Ішектердің перистальтикасы «шаншу» кезінің басында күшейеді,
соңынан баяулайды, ал «шаншу» ұстамасы қанша созылса, олда сонша
мезгіл созылады.Нәжістің консистенциясы бастапқыда қалыптағыдай, ал
соңында аурудың үдеген мезгілінде борпылдақ сұйыла бастайды, анальді
сфинктер және тік ішіек қабырғасы қатты қысылған. Ішектердің кейбір
тұзағында газдар жиналуы мүмкін. Дене қызуы, тамыр соғуы және
тыныстануы калыпты. әсірссе тыныштану кезеңінде, кейде брадикардия
және псирогенді аритмия, бірінші саздың екіленуі байқалады. Рожэ және
Шарабрин сынамасында тамыр соғуы минутына 3 -7 рет бәссңдейді.
Катаральді энтеритте негізінде пайда болған энтералгияда және
де ішектердің улануымен аскынғанда, ауру малда кілегейлі
қабықтар сарғаяды, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді,
перистальтикасы қатты, дефекациясы жиі бөлінген нәжісі
борпылдақ, иісі сасық, қорытылмаған азық бар, қанда
нейтрофильді лейкоцитоз, эозинопения, билирубинемия болады.
Ірі қара мал энтералгиясында мазасыздану құбылысы нашар
байқалады, ал ауру малда «шаншу» ұстаған кезде аяғымен ішін
тепкілейді, азықтан бас тартады, күйіс қайырмайды, ішектердің
перистальтикасы күшейеді, диарея пайда болады.
Шошқаларда ауру мал ыңырсыйды және шаңқылдайды
(әсіресе торайлар), аурулар жиі жата береді, орнынан жылдам
тұрады, осыларда ауру ұстаған кезде қайталай береді. Ауру 30
минуттан 2-3-6 сағатқа дейін созылады. Аурудан айыққаннан
кейін тағы қайталануы мүмкін.
Балау.
Оқтын-оқтын сипаты және «шаншу»
синдромының ауруға тәндігі, сол себепті
асқынған кезде тірі кезінде диагноз қою қиын
емес. Жіті асқазанның созылуы және
метеоризмге тән пилороспазмды жоққа
шығарады.
Емі.
Ішектердің түйілуін және ауырсынуды басу үшін тері астына
атропин сульфатын (0,02-0,04), платифиллин гидротартратын
(0,015-0,07) енгізеді. Тахикардиясы бар улануларда және қан
кысымы төмен болғанда ауырсынуды басу үшін венаға 30-50 мл 10
% анальгин немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі
150-250 мл 0,25 % новокаин енгізеді. Ішке 20-50 мл эфирлі-
валериан тұнбасын береді. Тері астына 0,02-0,04 г эфедрин
гидрохлоридин енгізеді. Жылы клизма, массаж (уқалау) жылылап
орау, инфрақызыл сәулесін және жылу процедураларыи қолдану
жақсы нәтиже береді.
Аурудың «шаншу» ұстамасын басқаннан кейін әсіресе
катаральді энтеритте ішке жеңіл іш жүргізетін дәрілер (тұздар
және майлар) береді және микробтарға қарсы препараттар
(ихтиол, фтаназол, сульгин және басқалар) тағайындайды. Малды
диетикалық азықтандырумен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру.
Малды тиісті азықтандыру, күтіп-ұстау қажет, оларды
жел өтуінен және суықтан, әсіресе жұмыстан соң сақтау
керек, мал қораларда температураның күрт езгеруіне жол
бермейді, малды төменгі температураға біртіндеп үйретеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz