САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕС ҚАРЫННЫҢ ЖІТІ КЕБУІ




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
МЕС ҚАРЫННЫҢ ЖІТІ КЕБУІ

Орындаған: РЗАБЕК А.
Топ:ВМ-204
Қабылдаған:
ЖЫЛГЕЛЬДИЕВА А.
Жоспары:
Тақырып бойынша қысқаша
сипаттама;
Аурудың пайда болу себептері;
Симптомдары;
Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер;
Аурудың емі;
Азықтандыруы.
Мес қарынның жіті кебуі
(Tympania ruminis acuta) –
мес қарында газдың тез арада
және көп мөлшерде
жиналуының салдарынан оның
шектен тыс кернелуімен
сипатталатын дерт, ірі қара
мал және қойлар арасында жиі,
ал ешкі мен түйелерде
сирегірек кездеседі.
Мес қарынның жіті кебуі:ірі қара
Себептері:
Тез ашитын азықтарды көп мөлшерде
жеу.
Шырынды көк азықтар:
жоңышқа,беде,уызданған кезіндегі
жүгерінің собығы,қырық
қабат,қызылшаның жапырағы.
Мес қарынның қабырғасын
салдандыратын улы шөптерді жеп
қою:у қорғасын,лапыз,цикута.
Өңештің бітелуі,ішектердің түйнелуі
және т.б қызуы көтеріліп жіті түрде
өтетін аурулар.
Симптомдары:
Аурудың басында мал мазасызданады:азық
жеуін тоқтатады,құйрығын бұлғақтатады,кейде
ыңыранып жатады,тез тұрып кетеді,артқы
аяқтарымен ішін тепкілейді.
Тыныс алуы жиілейді,кеудесімен тыныс
алады.мал қиналған жағдайда тілін
салақтатып,сілекейі шұбырып аққан аузы
арқылы тыныс алады.
Бүйірлерінің көлемі ұлғаяды,сол жақ аш бүйірі
қатты қампиып қабыртқалар деңгейінен асып
түсіп,бүйірлер формасының тепе-теңдігі
бұзылады.
Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер:
Дене шетіндегі қан тамырлары қанға
толып кетеді.
Мес,жұмыршақ қарындар және
ішектердің алдыңғы жақ бөліктері
сұйық, көбінесе көбіктенген жынға
толып кетеді.
Кей жағдайларда малдың тірі кезінде
көк ет немесе мес қарын жарылып
кетеді.
Сол жақ аш бүйірі қатты кернеліп
кеткен сиыр
Емі
Мес қарындағы жиналған газдарды сыртқа
шығаруға және олардың пайда болуын басуға
әрекет ету керек:тауға қарай жәймен жетелеу
не айдау,сол жақ бүйіріне суық су құю.
Жиналған газдарды өзіне сіңіріп алып,ыдырату
үшін аузы арқылы 2-3 л жаңа сауылған сүт,20 г
күйдірілген магнезий,10-20 г аммиактың судағы
ерітіндісін 500 мл суға қосып береді.
Тұншығу белгілері үдей түскенде мес қарынды
троакармен не басқа қуыс инемен тесу
керек.Тесетін жерін,сол жақ аш бүйірінің
ортасын операцияға дайындалғаннан
кейін,троакармен сербектен соңғы
қабыртқаның ортасына қарай сызықтың орта
шетінен теседі.
Жиналған газдырдарды шығару
мақсатымен мес қарынға зонд енгізу
Азықтандыруы
Азық бермей тұрып,1 л суға 500 мл тұз қосып
береді,сосын 1-2 сағаттан кейін кептірілген
шөптер береді.Шөп беріп болған соң
суғаруға болмайды.
Шырынды көк азықтар (жаңадан шабылған
көк шөп,жоңышқа,беде,бұршақ тұқымдас
өсімдіктер,уызданған кезіндегі жүгерінің
собығы,қырық қабат,қызылшаның
жапырақтары) беруге мүлдем болмайды.
Малды,шөбі бітік жайылымға шығарар
алдында құрғақ және шырындылығы аздау
азықтармен тойындырады.
Троакар түтікшесі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Ұлтабаралды қарындары ауырған малды клиникалық-зертханалық әдістермен зерттеу,диагноздарын негіздеу
Мес қарынның және соқыр ішектің кебуі кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Ұлтабар алды қарындар ауруларында тағайындалатын диеталық азықтар
Қарындар аурулары
Ас қорыту мүшелері
Руминотомия
Мес қарын паракератозы
Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпалы емес аурулары
Малдың арықтауы
Операцияның мақсаты
Пәндер