Аристотель - саяси ғылымның негізін қалаушы



САЯСИ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Саяси ілімдердің қалыптасуы мен дамуы - түрлі әлеуметтік топтар, таптар,
ұлттардың арасындағы саяси билік үшін күресті бейнелейді.
Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихын қарастырудың маңыздылығы
- ең алдымен, саяси ойлар тарихы шеңберінде қазіргі заман саяси
концепциялардың маңызды алғы шарттары қалыптасты.
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихы - адамзаттың рухани мәдениетінің
маңызды құрамдас бӛлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың ӛткен заманнан бүгінге
дейінгі саяси ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, бостандық
мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Ежелгі дүниенің саяси ойларына келетін болсақ, ӛркениеттің бастамасы
ежелгі Шығыс елдерінде және ежелгі Батыс елдері, антикалық дүниеде - ежелгі
Греция мен ежелгі Римде пайда болды.
Ежелгі дүние - ең алғашқы ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттің
қалыптасуы кезеңдегі саяси ойлардың бірінші бағыты діни-мифологиялық
сипатта болды (шамамен б. з. д. VII-II м. ж. ) . Мифологиялық дүниетаным бойынша
космос, бүкіл аспан әлемі - құдайлардың болуымен және олардың күштері арқылы
реттеледі. Жердегі тәртіп - сол жалпы әлемдік, космостық тәртіптің бір бӛлігі. Жер
бетіндегі әлеуметтік-саяси тіршілік - Кӛк тәңірінің бұйрығымен жүргізіледі.
Сондықтан жердегі тәртіпті адам бұзатын болса, онда ол бүкіл әлемдік
үйлесімділіктің бұзылуымен тең болып, бүкіл әлемнің күйреуіне әкеледі деген
таным болды.
Саяси - құқықтық кӛзқарас ӛзінің алғашқы даму сатысында жеке адами
білім, ой ретінде әлі бӛлініп шықпай, діни-мифологиялық дүниетанымның
құрамдас бӛлігі болды. Кейін саяси ойлар мифологиядан қол үзіп, рационалды
сипат ала бастады.

Конфуций (551-479 жж. )
Б. з. д. І м. ж. ортасында Ежелгі Қытайда саяси жағдайлар ойшыл-
ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Ойшылдар мифологиялық
идеологиялардан бас тарта бастады. Қытай философы, педагогы - Конфуций (551-
479 жж. ) - ежелгі Шығыстың кӛрнекті саяси ойшылдарының бірі. Ол мемлекеттің,
биліктің пайда болуын құдайдың ісі деген идеядан бас тартып, әлеуметтік-
этикалық, саяси ілімнің және патриархалдық-патерналистік мемлекет
теориясының негізін салушы болып есептелінеді. Конфуцийдің саяси
кӛзқарастарын «Пікірлер мен әңгімелер» деген еңбегінен табуға болады. Б. з. д. І
м. ж. басталған бұл идеялар - ХХ ғ. ортасына дейін қытайлардың кӛзқарасы мен
ӛмір сүру әдісіне үлкен ықпал еткен, ресми идеология болды.
Оның теориясында мемлекет - үлкен патриархалды отбасы ретінде
алынды. Патшаның билігі, әкенің балаға, отбасына билігі сияқты болып,
билеушілер мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынас отбасылық
қатынастар сияқты, кішілері ересектерге бағынуы тиіс. Конфуций басқарудың
аристократиялық концепциясын (ақсүйектердің билігін жақтады) жасады, оның
теорясында қарапайым халық мемлекетті басқарудан шеттетілді.

Платон (б. з. д 427 - 347жж. )
Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы үшінші бағыт- саяси
философия болды. Оның негізін салушылар - Платон, Аристотель.
Платон (б. з. д 427 - 347жж. ) - антикалық заманның ғана емес, бүкіл әлемдік
философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі.
Саяси ғылымға қатысты еңбектері - «Мемлекет», «Заңдар», «Саясатшы»,
«Софист», «Парменид» т. б. еңбектері. «Мемлекет» еңбегінде, жалпы саяси
іліміндегі басты идея - ізгілікті, мінсіз, халыққа жағымды (идеалды) мемлекет
құру идеясы. Антикалық дүниедегі саяси ойларда мемлекет пен қоғам теңестіріле
қарастылды, бұл Жаңа дәуірге дейін созылды. Идеалды мемлекет болу үшін кӛптің
мүддесі жекенің мүддесіне қарағанда жоғары тұруы тиіс. Мемлекет адамдарды
алаламай, барлығына бірдей қызмет етіп, кӛпшіліктің мүддесін кӛздеуі тиіс. Бірде- 16
бір топтың мүддесі басқаларынан жоғары тұрмауы тиіс. Көшіліктің мүддесіне
негізделген мемлекеттің дұрыс заңдары болуы тиіс.

Платонның саяси ойға қосқан үлесі: жалпының мүддесі, жалпының игілігі -
саяси бірігудің негізі; жеке меншік - әлеуметтік қайшылықтар мен шиеленістердің
себебі деген ойы; мемлекет формаларын, олардың қайталану заңдылықтарын дәл
анықтау, саяси ұйымдасудың маңызды атрибуты - заң екенін мойындау.
Оның саяси ойларының жағымсыз жақтары: касталық және
аристократиялық билікті идеалдандыруы, теңсіздікті жақтауы, жеке адамның
құқықтарына кӛңіл аудармауы, ӛмірдің барлық жақтарын қатал белгілеу.
Философ, саясаттанушы Поппер Платонды тоталитаризмнің идеялық
бастаушыларының қатарына жатқызады.
«Саясатшы» диалогында мемлекетттің алты формасын кӛрсетеді:
монархия - заңға негізделген патша билігі; тирания - заңға негізделмеген
монархия; аристократия - заңға негізделген топтың (азшылықтың) билігі;
олигархия - заңға негізделмеген топтың (азшылықтың) билігі; демократия - заңға
негізделген кӛпшілік билігі; охлократия - заңға негізделмеген көпшілік билігі.

Аристотель (б. з. д. 384-322жж. )
Аристотель (б. з. д. 384-322жж. ) - Платонның шәкірті, әрі сыншысы.
Аристотельдің аты тарихта Платонның ізбасары ғана емес, онымен тең, тіпті одан
асып түскен философ ретінде қалды, саяси ойлардың дамуына үлкен үлес қосты.
Аристотель - жоғарғы күштерді, құдайды жоққа шығарған жоқ, бірақ ол
оған онша кӛңіл аударған жоқ. Ол жердегі мәселелерге кӛп кӛңіл бӛлді, сезім
мүшелері арқылы қабылданған нәрселер табиғи деді. Аристотельді -
саясаттанудағы салыстырмалы әдісті қолданудың «әкесі» деп атауға болады.
Аристотель саясатты эмпирикалық зерттеу пәні етті. Ӛз оқушыларымен 150-ден
астам мемлекеттік құрылыс түрлерін зерттеп, талдап, салыстырды. Кейінгі
ғасырларда классикалық деп саналып кеткен мемлекет формаларының топтамасын
жасады. Аристотель - саяси ғылымның негізін қалаушы.
Аристотельдің саяси кӛзқарастарын «Саясат», «Афиналық полития»,
«Этика», «Риторика» т. б еңбектерінен білеміз. Аристотель тұңғыш рет саясат
ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотель саясатқа біздің
түсінігімізден кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді.
Саясатты адам мен мемлекетттік жоғарғы игілігі, саясат пен этиканың мақсаты бір
- адамдарды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп
білді.

Аврелий Августин

Аврелий Августин - христиандықтың ерте кезеңіне жатады (IV-Vғ. ) . Оның
саяси кӛзқарастары атақты еңбегі -«Құдайшылдар қаласында» баяндалған.
Августин кӛзқарасы христиандық мистика (түсініксіз, жұмбақ) мен аңыз
мифологияға негізделді. Адамзат тарихы - құдайға белгілі, адамға белгісіз,
құдайдың алдын-ала белгіленген жоспарына бағындырылған. Августиннің ойы
бойынша, адамдар қаласы әрқашанда екіге бӛлінді: біріншісі, «жер қаласының»
тұрғындары, яғни адам жолымен жүретіндер. «Жер қаласындағы» адам жасаған
әлеуметтік, құқықтық, мемлекеттік мекемелер адамның күнәһарлығының
нәтижесі. Құдай адамға ерік береді, яғни ол ӛз бетімен күнәһар. Сонымен бірге
адамның құдай жолымен ӛмір сүруге мүмкіндігі бар, олар «құдайшылдар
қаласының» тұрғындары, яғни құдай жолымен жүретіндер. «Жер қаласы»
адамның күнәһар табиғаты нәтижесінде үстемдік, бағындыру, құлдық
қатынастары негізінде құрылған. Мұндағы адамдар ӛзін жақсы кӛру, құдайды жек
кӛрумен ӛмір сүреді; ал екіншісі құдайды сүю, оны жоғары қою, рух бойынша
ӛмір сүреді. Августин үмітін осы «құдайшылдар қаласының» тұрғындарымен
байланыстырады. Алдын ала анықтау идеясы бойынша, Августин антикалық
авторлардың адамдар табиғи эволюция барысында мемлекетке бірігеді дегенін
қолдады, бірақ бұл процестер - құдай еркі бойынша жүргізіледі дейді. Корольді
адамдар жақсы қасиеттері бойынша, қоғамдық келісім арқылы билікке қояды.
Құдай адамдарды қоғамға бірігуге, саяси билікті қажетсінуге бейім етіп жаратқан. 20
Биліктің формасын адамдар ӛздері орнатады. Билікті ӛз меншігім деп есептеу-
қателесу болып табылады, билік мақсаты - әділдікті, бейбітшілікті, билеушілер
мен бағынушылар арасындағы келісімді қамтамасыз ету.

Мемлекет формаларына Августин мән бермеді. Кез-келген мемлекет
формасы егер құдайды және адамды сыйласа, әділеттілікті, дінді сыйласа, ол
жақсы болмаса да шыдауға, кӛнуге болады, яғни ол формада ӛмір сүруге болады.
Августин құлдықты жақтады. Шіркеу мен мемлекеттің, діни билік пен
азаматтық биліктің ара қатынасы - Августиннің қараған маңызды мәселесі
болды. Шіркеу мен мемлекеттік билікті бӛлу идеясы Августинде күшті кӛрінді.
Оның пікірі бойынша шіркеу мен азаматтық билік екеуі әртүрлі, әрқайсысы -
егемен, тәуелсіз, бір-бірінің ісіне араласуы - қауіпті. Алайда олар ӛзара әрекет етуі
тиіс. Мемлекет шіркеуді оның жауларынан қорғауы тиіс, ал шіркеу, ӛз кезегінде
азаматтарды тәрбиелеуі тиіс. Шіркеу билігі - Августиннің ойы бойынша жоғарғы
билік, себебі жердегі рухани сала жердегі азаматтық саладан жоғары. Бірақ
Августин де билеушінің - король, императорлар билігін папа билігімен, діни
билікпен біріктіру туралы ой жоқ. Оның іліміндегі негізгі ой - екі билікті бӛлу
идеясы болып, Августин олардың егеменділігін жақтағанымен, екі қаланы екі
түрлі сапада негіздеу іс жүзінде рухани билікті азаматтық биліктен жоғары қойды.
Кейін папа билігі басқа позицияға кӛшті. Ол ӛзін дүние жүзінің билеушісімін деді.
Папа ӛз билігін - күнге, король билігін - айға теңеді. Бұл үрдіс «саяси
августинизм» деп аталды.

Фома Аквинский
Фома Аквинский (ХІІІ ғ. ) . Мемлекеттік биліктен шіркеудің рухани үстемдігі
идеясы ірі католиктік теолог Фома Аквинскийдің еңбегінде одан әрі дамытылды.
Негізгі еңбегі «Теология жиынтығының» бір бӛлімі арнайы заңдарға арналған.
Сонымен бірге саяси кӛзқарастары «Билеушілердің басқару туралы»,
Аристотельдің «Саясат», «Этикаларына» комментарийлерінде кӛрінеді.
Еңбектерінде мемлекет, заң, құқық мәселелері қаралды.
Фома Аквинский - схолостиканың ірі өкілі болды. Бұл кезде христиан діні
тұрақты дінге айналды. Христиан идеологиясы қатаң формаға келтірілді.
Догмалық, формалдық ілім - қасиетті жазулардың ресми мойындалған беделіне
негізделген ілім жасалды. Философия діни ілімнің қызметшісіне айналды.
Кез-келген діни кӛзқарас сияқты, Фома Аквинскийдің ілімі дүниенің негізін
салған құдай деген идеяға негізделген. Ол католиктік теология мен философияны
синтездеп, заңдар теориясын жасады. Фома Аквинский заңды төртке бөлді:
мәңгілік заң, табиғи заң, адамдық заң, діни заң.

Қайта өрлеу дәуірінің негізін салушы Н. Макиявелли
Макиавелли Никколо (3. 5. 1469, Флоренция - 22. 6. 1527, сонда) - флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы - мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт - билікке жету және реттеу. Сондықтан, И. бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет.
Макиавеллидің ("Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары", "Әмірші", "Әскери өнер туралы" және т. б. ) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды.

Макиавелли :
"өткенді зерттеу - болашақты болжауға немесе көнелердің мысалымен осы шақтағы пайдалы іс-әрекеттердің құралы мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді",
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz