Төлдердің рахит ауруларында тағайындалатын диеталық аурулар
Презентация қосу
Сабактың тақырыбы:
Төлдердің рахит ауруларында
тағайындалатын диеталық
аурулар.
Орындаған:Елкелді А
Тексерген:Жылгелдиева Ә.
Жоспары:
I. Кіріспе.
II.Мешел ауруының этиологиясы
III.Мешел ауруы клиникасы
IV.Мешелдің алдын алу
V.Д-Гипервитаминозы.
Мешел-Д витамині аздығына байланысты
кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен,
сүйектердің менералдануы мен сүйек құрылуының
және негізгі ағзалармен жүйелер қызыметінің
бұзылуымен сипатталатын ауру.
Мешел (Рахит) – гректің « арқа жоны » деген
мағынаны білдіретін « рахис» сөзінен шыққан,
өйткені мешелмен ауырған бала омыртқасының
зақымдануы ертеден белгілі.
Этиологиясы. Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д
витаминінің жетіспеуі. Ол осы витаминнің тағамда аз болуына
немесе төл организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне
байланысты. Оған әсіресе ультра күлгін сәулесі жетпеуінің мәні
зор.
Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар:
1. Таза ауа мен күн сәулесінің жеткіліксіздігі;
2. Төлдің жеделөсуі;
3. Полигиповитаминоз;
4. Шала жәнеегізтуу;
5. Нәрсіз, бірыңғайжасандытамақтандыру;
6. Диарея, ішек дисбактериоздары
7. Перинаталдықэнцефалопатиялар, құрысуға қарсы
емдік дәрілер әсерлері және дене қимылының аздығы
8. Ішектен ас сіңу бұзылысының синдромдары
9.Экологиялық жағымсыз әсерлер.
Клиникасы. 4 кезеңі бар:
1. Бастапқы кезең- вегетативті жүйке жүйесіндегі
бұзылыстар және сүйек өзгерістері мен сипатталады. 2-3
айлық ауру төлде үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң
болады, бас сүйек жігі яғни желке жұмсарады
(краниотабес). Бас сүйектің жұмсатығы қара құстың
( желке сүйегінің) жалпаюына әкеледі. Бұл кезде
вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершеңдік, сәби
жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке
шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап
жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады.
Қандағы негіздік фосфатаза белсенділігінің жоғарлап,
зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол
ащы иісті болады.
2. Дер кезеңі- сүйек жүйесінде анық талатын өзгерістерімен сипатталады.
а/ Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне
байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі,үлкен еңбектің уақтынан кеш
жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады
б/ Кеуде сүйектері жағынан-5-8 қабырғаларында « мешелдік таспих»
пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш,көкірек қуысының шет
жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көк еттің
бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайша
Гаррисон сайы – мешелдік патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс
табады. Баланың төсі «құс төс» немесе «етікші төс» болып өзгереді.
в/ Аяғы «Х» немесе «О» тәріздес болып өзгереді, жамбасы қушық
болады, табаны жалпақ «түйе табан» болып келеді, түтікше сүйектердің
өзгеруі –білек және балтыр сүйектерінің бас жағының « мешелдік
білезік», саусақ буындарының жалпаюы « інжу жіптер» білінеді.
г/ Бұлшық еттердің күші төмендеп сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ
шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) төлдің іші
үлкейеді «құрбақа іші» , оның уақытында басын ұстауы, отыра бастауы,
тұруы, жүруі кешігеді.Бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады.
3. Айығу (Реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану
белгілері жойылады, төлдіңсүйегі қатайып, тістері шығады, тұру
және жүруі қалпына келеді.
4. Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит процесі аяқталып , бұлшық
ет гипотониясы, анемия т.б өзгерістердің мүлдем жойылуы не
олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін . Сүйек
өзгерістері өмірлік қалады.
Емі.
Комплексті, жүйелі және жекебасты болуы керек. Витаминдер,
минералды заттар, әсіресе құрамында кальциі бар азықтар
беру. Ультракүлгін сәулесін қолдану мешелді емдеудің әсерлі
тәсіліне жатады.Мешелде цитраттарды берудің мәні
бар.Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда
тұзы, қылқан жапырақты, УФ сәулесі, бұлшық ет және сүйек
диатермиясы, Кальций және фосфор препараттарын мешелдің
арнаулы ем ретінде, тек тым шала туған төлдерге береді.
Мешелдің алдын алуы:
Антенаталдық алдын- алу-төлге тумастан бұрынғы
алдын- алу шаралары:
А)Жалпы, арнайы емес алдын-алу- түлікті режимін
сақтап азықтандыру
б)Арнайы алдын алу.Буаз малды барынша Д
витамині бар азықтармен азықтандыру.
Д – ГИПЕРВИТАМИНОЗЫ.
Д- витаминінің шамадан тыс көбеюі төл организімінің сезгіштік
қабілетін ескерместен, оны көп мөлшерде, бақылаусыз қолданған
жағдайда болады.
Патогенезі. Д- Гипервитаминозы көбінесе Д- витаминін, ультракүлгін
сәулесін және кальций препараттарын қатар қолданғанда болады. Д
гипервитаминоздық улану жасанды және аралас тамақтанатын,
гипотрафиясы бар, шала туылған төлдерде оңай дамиды. Д
витаминінің уландыру әсері бауырға, бүйрекке, жүректің бұлшық
етіне, қан тамырларына тиеді, дистрофиялық өзгерістер туғызады .
Клиникасы.Тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, салмақтың нашар
қосылуы, эксикозы бар жалпы улану.Тері қабаттарының бозаруы және
құрғауы, қатты шөлдеу, бауырдың және көк бауырдың ұлғаюы,
тахикардия, жүрек соғысының әлсізденуі, оның шекарасының кеңеюі,
ситолалық шу, іш қату немесе іш өту, денесі құрысып-тырысуы
мүмкін. Қанда және кіші дәретте кальций көбейеді.
Емі.
Емді ауруханада жүргізу керек , оған гиперкальциемия
мен токсикозға қарсы жүйелер мен ағзалар жұмысын
қалпына келтіру және төл организімінің қарсыласу
қызметін жоғарылату шаралар жатады. Олар;
Д витаминің беруд імүлдем тоқтату;
1. Са тұздарын шектеу;
2. А, Е және В тобы витаминдерін тағайындау;
3. Глюкоза, тұзерітінділерін , альбумин, плазма,
аскарбинқышқылы, инсулин, ККБ инфузияменжеткізу;
Тағайындалатын диета:
Іш құрсақтың жақсы даму үшін
азықтандыру витамині яғни Д2
витамині немесе тривит витамині
беріледі. Сиырға немесе бұзауға
системалық мационды
ұйымдастырады немесе
дозаланған 200 мың ЕД витамині
жене Д2 витамині -500 мың ЕД
инекциясын салады. Қажет болған
жағдайда
мел,диамонийфосфат,трикальций
фосфат және де т.б азықтар
қолданылады
Пайдаланылған әдебиеттер:
Молдағұлов М.А Есқожаев Ө.К 2010ж
Заманбеков Н.А Қожанов Қ.Н 2009
Интернет желісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz