Жүрек гликозидтері


Slide 1

Жүрек гликозидтері.

Slide 2

Орындаған: Амангелді М. Қабылдаған: Күзембекова Г.

Slide 3

Жоспары:

I. Жүрек гликозидтері сипаттама

II. Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер

III. Фармакодинамикасы

IV. Фармакокинетикасы

Пайдаланылған әдебиет

www. themegallery. com

Slide 4

.

Жүрек гликозидтері (грекше glykys - тəтті) - өсімдік текті азотсыз қосылыстар, декомпенсацияланған миокардқа кардиотоникалық əсер береді жəне жүрек жетімсіздігін емдеу мақсатында қолданылады. «Созылмалы жүрек жетімсіздігі» термині бұл əртүрлі механизмдер бойынша дамыған патологиялық күйлерді білдіреді, бұл кезде жүрек мүшелер мен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету мүмкіндігін ақырындап жоғалтады. Созылмалы жүрек жетімсіздігімен халықтың 0, 5-2%- ауырады, оның 10% егде жастағы жəне қарт адамдар.

www. themegallery. com

Slide 5

Əр жылдық ауыру 100 мың халыққа 300-дей жағдайға жеткен, жыл сайын аурулар саны көбейіп барады. Бұл өткір миокард инфарктысының өсуі мен қарт адамдар санының өсуіне негізделген. Созылмалы жүрек жетімсіздігінде ауыр өту ағына байланысты өлім 15% тен 50-ке дейінгі аралықты құрайды. Диагнозды анықтап болғаннан соң ер кісілерде өмірдің орташа ұзақтығы 1, 7 жыл, əйелдерде 3, 2 жылды құрайды. Аурудың ең кең таралған түрі - сол қарыншаның систолалық дисфункциясына негізделген жүрек жетімсіздігі

www. themegallery. com

Slide 6

Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер

www. themegallery. com

Slide 7

Бұл патологияда жүректің шығару көлемі төмендейді, пост күш түсу, жүректің жиырылу жиілігі, циркуляцияда қан көлемі өседі, артериалы вазоконструкция, гипертрофия жəне миокардтың ремоделденуі дамиды. Жүрек жетімсіздігіне нейрогумаралды факторлардың балансының бұзылысы тəлі, вазопрессин, норадреналин, адреналин, эндотелиндердің, ренинның, цитокиндердің секрециясы күшейеді, азот тотығының, простоциклин жəне эндотелинды гиперполярлаушы фактордың секрециясы төмендейді. Жүрек жетімсіздігінің алғашқы белгілері бар ауруларды компенсация сатысында ұстауда натрийуретикалық пептидтердің маңызы зор. Аурудың дамуына қарай бұл пептидтердің қандағы мөлшері көбейеді (əсіресе ми натрийуретикалық пептидтері) .

www. themegallery. com

Slide 8

Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер

www. themegallery. com

Slide 9

Жүрек гликозидтерін дəрілік өсімдіктерден алады: қара қошқыл оймақгүл (Батыс Еуроппа), ірі гүлді оймақгүл (Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Солтүстік Кавказ, Орал), түкті оймақгүл (Балқан түбегі, Молдавия), сарыгүлден (Ресейдің Еуропалық бөлігі, Орта Азия, Қырым, Солтүстік Кавказ), көктем жалынгүлінен (Ресейдің Еуроппалық бөлігінің оңтүстігі жəне орта жолағы, Украина, Орта Азия, Сібір), масыр інжугүлінен (Ресейдің Еуроппалық бөлігі, Кавказ), Комбе строфанты (Шығыс Африка), теңіз пиязы (Орта жерорта теңізі) .

www. themegallery. com

Slide 10

Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер

Жүрек гликозидтері бар өсімдіктердің дəрілік қасиеттері Көне Мысырда белгілі болған. Біздің дәуірімізге дейін 1600 жыл бұрын теңіз пиязы оның тітіркендіруші қасиетіне қарай құстыратын, қабынуға қарсы, іш жүргізетін жəне зəр айдаушы дəрі ретінде қолданылады. XVIII ғасырдың соңында ғылыми медицинада жүрек гликозидтері қолданыла бастады. 1785 жылы ағылшын дəрігері Уильем Уитерингтің (1741-1799) «Оймақгүл жайлы, оның емдік əсердері жайлы хабарлау» атты еңбегі жарық көрді жəне келесі бір оның еңбегі «Ісінулерді жəне басқа ауруларды емдеу».

www. themegallery. com

Slide 11

Ресейде оймақгүлді жүрек дəрісі ретінде зерттеу 1785 жылы хирург С. А. Рейх бастады. Өсімдік əлемінің географиялық жолдарын меңгеру құрамында гликозидтері бар жаңа өсімдіктерді ашуға мүмкіндік берді, 1865 жылы Д. Ливингстон жəне Д. Кирк тегіс строфантаның ұрығынан алынған удың бродикардиялық əсерін тапты. Осы жылы Петербург медико-хирургиялық академияның профессоры Евгений Венцеславович Пеликан строфанттың жүрекке спецификалық əсерін, ал 1 жыл өткен соң-олеандрдың əсерін дəлелдеді. 1885-1890 жж. Ағылшын ғалымы Томас Фрезер стрфантинды бөліп шығарды. XIX-ғасырдың соңында жүрек гликозидтердің зерттеудің ірі орталығы С. П. Боткинның клиникасы болды, мұнда тəжірибелік зертханалық жұмыстарды И. П. Павлов басқарды. С. П. Боткинның жəне И. П. Павловтың шəкірттері қан айналымға жалынгүлдің жағымды əсерін анықтады (Н. А. Бубнов), аязгүл (Н. Я. Чистович), кендіргүл (Д. А. Соколов) . 1896 жылы Томск университетінің фармакология кафедрасының негізін қалаушы П. В. Буржинский химик Э. А. Леман тапқан периплоцин гликозидының оймақгүл гликозидтері секілді жүрекке əсер ететін ашты жəне жүрек гликозидтерімен уланудың өтпелі жəне улы фазалары туралы жазды. Өсімдікте біріншілік (генциндік) жүрек гликозидтері болады.

www. themegallery. com

Slide 12

Фармакодинамикасы

Жүрек гликозидтері жүрек жетімсіздігінде оң инотропты (грекше is-ілік септігі, inos-тапшық, бұлшықет, tropos-бағыт) əсер көрсетеді, сонымен бірге сау жүректің жиырылуын күшейтеді. Денсаулығы қалыпты адамдарда жүрек гликозидтері миокардтың жиырылу қызметін күшейтумен қатар брадикардияға жəне шеттік артериялардың спазмына алып келеді, сондықтан қанның минуттық мөлшері төмендейді, ал жүрек қызметінің күшеюі жоғарғы тамыр қарсылығын жеңуге бағытталады жəне мүшелердегі қан ағысының жақсаруымен қатар жүрмейді. Жүрек жетімсіздігіне жүрек гликозидтері күшейген симпатикалық тонусты төмендете отырып, катехоламиндердің жіне ангиотензин ІІ-нің шамадан тыс түзілуін азайтады, жүректің жиырылу жиілігін қалпына келтіреді, артериялардың кеңеюіне жəне олардың қарсылығының азаюына мүмкіндік береді.

www. themegallery. com

Slide 13

www. themegallery. com

Slide 14

Жүрек гликозидтері кардиомиоциттерде бос кальций иондарын көбейтеді. Бұл негізінен бірнеше механизмдердің əсеріне негізделген, олардың ішінде Na+, K+ - АТФ-аза ферментінің блокадасының үлкен маңызы бар. Na+, K+ - АТФ-аза - бұл сарколемма ферменті, ол реполяризацияны (тыныштық потенциалын қалпына келтіру) жүзеге асырады. Na+, K+ - АТФ-аза деполяризация кезінде енген натрийдың 3 ионын алып тастайды, цитоплазмаға 2 кальций иондарын қайтарады. Иондардың тасымалдануы белсенді түрде ішкі жасушалық АТФ энергиясын қолдана отырып электрохимиялық градиентке қарсы жүреді. Терапевтік дозаларда жүрек гликозидтері шамамен алғанда 35% Na+, K+ - АТФ-аза -ның фосфорланған түрін блоктайды жəне сарколемманың сыртқы бетіндегі ферменттің сульфгидрилды топтарымен жəне лактон сақинасымен əсерлеседі.

www. themegallery. com

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Жүрек гликозидтері агликондары
Жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
Жүрек гликозидтерімен улану
Жүрек гликозидтері туралы түсінік
Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Жүрек гликозиттерінен улану
Балалардағы уланулар
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
Сіреспе
ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz