Республика Президенті болып тумысынан
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық
Университеті
Ветеринария факультеті
Вм-204
Орындаған: Әлтай Ж
Тексерген: Нұрбаева Л.Б
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
Қазақстан
Республикасының
Президенті
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының
баурайындағы Үшқоңыр жайлауында
Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың
шаңырағында көптен күткен ұл өмірге
келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп
ат қойды.
40-бап
1. Қазақстан Республикасының
Президенті — мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда
Қазақстанның атынан өкілдік ететін
ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті — халық
пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының,
адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті мемлекеттік
биліктің барлық тармағының келісіп
жұмыс істеуін және өкімет
органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Президентін
конституциялық заңға сәйкес жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құқығы
негізінде Республиканың кәмелетке
толған азаматтары жасырын дауыс беру
арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
Республика Президенті болып тумысынан
Республика азаматы болып табылатын
қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді
еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он
бес жыл бойы тұратын Республика
азаматы сайлана алады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге,
Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын қатаң
сақтауға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына кепілдік беруге,
Қазақстан Республикасы Президентінің
өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал
атқаруға салтанатты түрде ант етемін», —
деп халыққа ант берген сәттен бастап
қызметіне кіріседі.
Лауазымдық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Бас қолбасшысы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
төрағасы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
төрағасы
Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы
«Нұр Отан» партиясының төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын
басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық
кеңесінің төрағасы
.
Мемлекет басшысының
қызметінің көлемі кең
және көп қырлы, тек
саясат және мемлекеттік
басқару салаларымен ғана
шектеліп қалмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан армиясының
Жоғарғы Бас Қолбасшысы,
Қазақстан халқы
Ассамблеясының және
«Нұр-Отан» партиясының
Төрағасы болып табылады.
Бұл оның республиканың
осы маңызды қоғамдық
институттарын
қалыптастырудағы және
нығайтудағы орасан
тарихи рөлінің заңды
көрінісіне айналды.
Халықаралық беделі
20-шы ғасырдың екінші жартысында
және 21-ші ғасырдың басында көптеген
жаңа мемлекеттер өз тәуелсіздігін
жариялады. Алайда егемендікті
жариялау кеңінен халықаралық
мойындауға ұласа алмады. Формальды
түрдегі тәуелсіз елдердің кейбірі
бұрынғыша халықаралық өмірдің «шет
жағасында» қала берді, кедейшілік пен
артта қалушылық шеңберін үзіп шыға
алмады.
Қазақстанға және оның айнымас
Көшбасшысына одан басқа, әлдеқайда
қызықты тағдыр жазылыпты. Шешімді
қоғамдық-саяси және экономикалық
реформалардың және сыртқы
саясаттағы бастамалардың нәтижесінде
Тәуелсіздіктің жиырма жылында
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан
Республикасы әлемдік саясаттың нақты
акторы дәрежесіне енді.
Мемлекет басшысы 1992 жылы еліміздің ядролық қарудан бас
тартуына жауап ретінде Қазақстанға әлемдік ядролық
державалар тарапынан қауіпсіздік кепілдігін берген Лиссабон
хаттамасына қол қойды. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау
жөніндегі келісімшартқа батыл, шешімді түрде қосылды.
Осылайша, тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан
республикамыз өзін өзге елдермен кең ауқымдағы
ынтымақтастық үшін ашық, бейбітсүйгіш мемлекет ретінде
көрсетті. Көбіне осы шешімдердің арқасында еліміз ауқымды
шетелдік инвестициялар тартуға қол жеткізіп, әлемдік
державалардың кең қолдауына ие болды.
Кітап авторы
1. «Казахстанский путь»
2. «Стальной профиль Казахстана»
3. «Без правых и левых»
4. «Стратегия ресурсосбережения и переход к
рынку»
5. «Кремлёвский тупик»
6. «Стратегия становления и развития
Казахстана как суверенного государства»
7. «Рынок и социально-экономическое развитие»
8. «На пороге XXI века»
9. «Н. А. Назарбаев. Евразийский союз: идеи,
практика, перспективы. 1994—1997»
10. «В потоке истории»
11. «Эпицентр мира»
Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен
консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына
Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент
Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке
тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен
Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет
құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және
қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды;
сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке
тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің
антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет
отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент
Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-
Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана
әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара
тоқтата тұрады;
Қазақстан Республикасы
Президентінің төсбелгісі мемлекеттің
жоғары лауазымды тұлғасының ресми
айырым белгісі болып саналады. Оны
ресми пайдалану тәртібі Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995
жылғы 29 желтоқсандағы №2736
«Қазақстан Республикасы
Президентінің байрағы және оның
айырым белгілерінің ресми
пайдаланылу тәртібі туралы»
Жарлығына сәйкес айқындалған.
Қазақстан Республикасы
Президентінің төсбелгісі Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 1995 жылғы 1
желтоқсандағы қаулысымен
белгіленген.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz