Негізді дайындау


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ветеринария факультеті

Суппозиторилерді дайындау технологиясы

Орындаған: Әлтай Ж

ВМ-304

Тексерген:Батанова Ж

Slide 2

«Ветеринария» Факультеті

Slide 3

Суппозиторий . Біздің эрамызға дейін 1550 жылдың Эберстің папирусында келтірілген Египеттегі қолданылған 800 дәрілік түрлердің жіктемесінде суппозиторийлер іш жүргізетін әрі геморройды емдеуде қолданылған.

Гиппократ (460-377 б. э. д. ) өз еңбектерінде әлсіздерге және кішкентай балалардың тік ішегіне сүйықтықтың көп мөлшерін енгізуге мүмкіндік болмаған соң, свечалар (шамдар) қолдануды ұсынған. Ол құрамында анис, мирра, қазы майы және бал бар, демікпеге қарсы эсер ететін свечаларды сипаттайды. Мессопатамидің саз балшық плитасында сына жазумен жазылған свечаларды дайындау және қолдану ережелері табылған. Бұл шайыр, дәрілік шөптер мен майлар қоспасынан жасалған свечалар болатын оларды қолданар алдында кипарис майымен майлап, іш, жыныс мүшелері және т. б. ауруларда қолданған.

17 ғасырдың медицина әдебиетінде пайда болған суппозиторий сөзінің өзі «суппонэрэ» - аудармасында «астына қою», «орнын басу» деген мағына білдіретін латын сөзінен пайда болған. Бұл сөзбен клизманың орнын басатын іш-жүргізуші шамдарды атаған болар. Клизма ең ежелгі, дәріні ректальді енгізуші форма болып табылатыны айқын.

Slide 4

Суппозиторийлер бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын немесе еритін, дене қуысына енгізуге арналған дозаланған дәрі түрі.

Дене қуысының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты суппозиторийлерге тиісті сыртқы көрініс пен көлем беріледі. Ректальды, вагиналды және таяқшалы суппозиторийлерді ажыратады.

Осы жіктелудегі суппозиторийлердің өздерінің атынан тұрғандай ректальді суппозиторийлер тік ішекке; вагинальді- қынапқа; таяқшаларды - несеп жолына және басқа да тар қуыстарға енгізуге арналған.

Slide 5

Суппозиторийлерді дайындауда форма түзгіш заттар ретінде негіздер қолданылады. Әр түрлі елдерде суппозиторий негіздерінің бірнеше жіктелуі ұсынылған. Біздің елде негіздердің келесі жіктелуі ұсынылады:

а) липофильді

б) гидрофильді

в) синтетикалық

Өндірістік жағдайда липофильді негіздерден төмендегі негіздер қолданылады.

Какао майы (ГФ-Х ст. 474 б. )

Заводтық майлы негіз N 1 және N 2 (ФС - 42-836-72)

Құрамына кіретін ингредиенттерінің мөлшеріне байланысты көрсетілген негіз екі үлгіге қолданылады. Майлы негіздің құрамы:

Какао майы - 30 %

«Фритюрлі» кулинариялық май - 50-60%

Парафин - 10-20%

Эмульгатор - Т-2 5%

Slide 6

Негіз құрамы:

Гидрогенденген мақта майы қаттылығы 55г/см кем емес (шоколад өнімдері, конфеттер және тағамдық концентраттау үшін арналған кондитер майы) -95%

Эмульгатор Т-2-5% (ТУ 10-04-40-24-89)

Негіз ашық сары түсті, әлсіз өзіне тән иісі бар, 180С температурада біркелкі, қатты масса. Балқу температурасы 35-370С; қату температурасы -28, 50С.

Slide 7

Суппозиторийлер негізіне бірқатар талаптар қойлады: балқу температурасы төмен (370С жоғары емес) болуы тиіс; суппозиторийлердің сырт түрінің өзгеруін болдырмайтын, бөлме температурасында тиісті консистенциясын сақтау үшін, қаттылығы жеткілікті болуы тиіс; балқу және қату температураларының аралығындағы интервал дәрілік заттардың өте жылдам сидиментациясын болдырмау үшін, неғұрлым аз болуы керек; физиологиялық индифферентті; тітіркендіру әсерінің болмауы; дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек; сақтау кезінде тұрақты болуы тиіс.

Slide 8

Суппозиторийлер өндірісі

Суппозиторийлерді көбінесе илеу, престеу, құю әдістерімен дайындайды.

Өндіріс жағдайында суппозиторийлерді құю әдісімен алады.

Суппозиторийлерді жасаудың технологиялық схемасы клесі сатылардан тұрады:

негізді дайындау

дәрілік заттарды негізге енгізу

қалыптау

стандарттау

суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау

Slide 9

Негізді дайындау. Бу көйлегі мен якорлы араластырғышы бар сыйымдылығы 1000л тот баспайтын құрыш реакторға негіздің компоненнтерін салады. Алдын-ала “көлекке” бу жіберіп, температураны 60-700С дейін көтереді. Балқытылған негізді друкфильтірден өткізіп, сығылған ауа көмегімен басқа реакторға жібереді, ол жерде суппозиториялық массаны дайындау жүреді

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
СУППОЗИТОРИЙЛЕР НЕГІЗДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
ЖАҒАР МАЙ
Дәрілік заттарды және негізді дайындау
Гистологиялық препараттарды дайындау әдістері
ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Суппозиториилерге арналған негіздер
Жеке қасықты дайындау
Жақпа майлар. Дәрілік жабындар
Жақ сүйектері үлгілерін қарау
Пластмассалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz