Ұлтабар алды қарындар ауруларында тағайындалатын диеталық азықтар


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ұлтабар алды қарындар ауруларында тағайындалатын диеталық азықтар

Орындаған: Арысбекова Ж.

Тексерген : Жылгелдиева А.

Slide 2

Қарындардың аурулары ірі қаралар арасында жиірек, ал ұсақ малдар арасында сиректеу кездеседі. Қарындар ауруларын жиірек тудыратын себептерге уақытылы азықтандырмау, сапасыз азықтар, азықтардың темір-терсектермен ластану, шырынды азықтан құрғақ азыққа және керісінше тез ауыстыру, ылғи бірыңғай азықтармен, жеммен, сыра қалдықтарымен және қойыртпағымен не қатқыл, ірі, нәрсіз азықтармен азықтандырудан болады.

Slide 3

Ұлтабар қарын ауруларының жіктелуі

Органикалық аурулар

Динамизыкалық бұзылулар

Мес қарынның кебуі

Қарындардың жынға толып кетуі

Мес қарынның жарақаттан қабынуы

Тақия қарынның жарақаттан қабынуы

Қарындардың уланулардан қабынуы

Қарындар аралығындағы саңылаулардың безоармен бекітілуі

Slide 4

Негізгі және туындаған дистониялар

Белокты азықтарды көп бергеннен пайда болған гипотониялар

Қарындардың жіті және созылмалы гипотониясы

Көп мезгіл бірыңғай және сапасыз азықтармен азықтандырудан пайда болған гипотониялары

Жүрек, өкпе, бауыр, жыныс мүшелері ауруларының салдарынан және туатын мезгілде пайда болған туындаған гипотониялар

Қарындардың жіті және созылмалы атониясы

Уйренбеген азыққа тез көшіруден пайда болған атониялар

Азықтандыру және суғару тәртібін ылғи бұзудан пайда болған атониялар

Жуйке жүйесі қызметінің бұзылуынан пайда бол, ан атониялар

Жұқпалы емсе, індетті және өқрт ауруларының салдарыннан пайда боған атониялар

Slide 5

Ұлтабар қарындардың жіті гипотониясы және атониясы - мес, тақия және қатпаршақ қарындардың жиырылуларының бұзылуларымен сипатталынатын дерт.

Себептері : Қарындардың өз бетімен дамитын гипотониясы және атониясы, ірі қарада жиірек, ешкілерде сирегірек, шырынды азықтан қатқыл, құрғақ азықтарға тез ауыстырғаннан пайда болуы мүмкін, әсіресе құрғақ күйәнде жегізген егін және диірмен қалдықдары, жарылмаған жемді дән күйінде өп берген өте кауіпті.

Тағайындалатын диетасы : Азықты бір түрінен екінші түріне біртіндеп көшірген дұрыс. Сапалы азықтарды күнделікті беріп тұру және 4-6 км аралыққа жүйелі тұрде серуендету. Жиілетіп жоғары сапалы пішен не пішендеме, көк шөп, сүрлем, мада туралған қант қызылшасына, не сәбізге немесе картопка ас тұзын сеуіп, ұннан ботқа, 50-100г нан немесе сыра ашытқысын береді.

Slide 6

Ұлтабар қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы - қарындардың жиырылу- созылу қызметтерінің бұзылуынан ұзаққа созып тұрақты өтуімен сипатталынатын, негізгі, көбінесе туындаған түрде дамиды.

Себептері : Сапасыз азықтармен, көп уақыт құрғақ, кесіп ұнтақталған сабанмен, кешеуілдетіп шабылған не сілтіленіп кеткен пішенмен, бұтақтардан дайындалған азықпен, топанмен, мекенмен, сонымен қатар сапасы нашар пішендемемен азықтандыру себепкер болады. Малды көп мезгіл серуендетпеу .

Тағайындалатын диетасы: Азықты жиілетіп, аздан береміз. Құрама жем не жаңадан шабылған көк шөп, сапалы сүрлем, сәбіз, қант қызылшасын, пішендеме, сыра не нан ашытқыларын, ашытылған азық береді. Тәулігіне 2 реттен 20-30 минуттік қажытпай серуендету ұйымдастыру.

Slide 7

Мес қарыннның азыққа шектен тыс толуы - мес қарынның азық-жынға тығыздалынып шектен тыс толп кетуінен не мес қарынның бұлшық еттерінің шала салдануы деп атайды.

Себептері : Малдың дән күйіндегі астықты - арпаны, қара бидайды, жүгерінің дәндерін, ұнды, сонымен қатар тамыр жемістерін, қойыртпақтарды, патока, қыспақ және басқа да техникалық өндіріс қалдықтарын көп жеп қоюы, сабанмен, кеш дайындалған пішенмен, топанмен, мекенмен, өлең шөппен, дайындалмаған құрғақ қамыспен көп уақыт азықтануы, аталмыш ауруды тудыруға себепкер болады. Мес қарынның толуы малдар, әсіресе мардымсыз азықтардан кейін шөбі мол жайылымға еркін жайылғанда жиі байқалады.

Тағайындалаын диетасы : Малға жеңіл қорытылатын азықтарды алдымен аздап, кейінірек шаруашылықта қолданылатын мөлшерде мөлшерге дейін жеткізіп береміз. Жеңіл қорытылатын азықтарға ұннан жасалған быламық, сапалы сүрлем не пішен, қызылша жатады. Азықтарды белгіленген мөлшерден артық бермеу, ірі талшықты азықты малға беруден бұрын арнайы дайындау, яғни майдалайды, булайды, әкпен өңдейді не ашытады және басқа жолдармен дәмін келтіреді.

Slide 8

Мес қарынның жіті кебуі - мес қарында газдың тез арада және көп мөлшерде жиналуынның салдарыннан оның шектен тыс кернелуімен сипатталынатын дерт. Ірі қара мал және қойлар арасында жиі, ал ешкі мен түйелерде сирегірек кездеселді.

Себептері : Қарынның негізгі кебуінен тез ашитын азықтарды көп мөлшерде жегеннен болады. Шырынды көк аазықтар: жаңадан шабылған көк шөп, жөңышқа, бедене және басқада бұршақ тұқымдас өсімдіктер, уызданған кезіндегң жүгерінің собығы, көктеген күздік дәнді өсімдіктер, қырық қабат және қызылшаның жапрақтары жегеннен болады.


Ұқсас жұмыстар
Ауыз қуысы ауруларында тағайындалатын диеталык азықтар
Төлдердің рахит ауруларында тағайындалатын диеталық аурулар
Бүйрек аурулары
Субөнімдерді өндіру
Мес қарынның және соқыр ішектің кебуі кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ ЗАТ АЛМАСУ
Субөнімдердің жіктелуі
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕС ҚАРЫННЫҢ ЖІТІ КЕБУІ
Ащы ішекке
Несеп қышқылды аммоний
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz