Қайта өрлеу дәуір философиясы



Қайта өрлеу дәуір философиясы

XIV ғасырдан - XVII ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері:
Адам жөнінде жаңаша пікір пайда болды: антропоцентризм (гуманизм, индивидуализм)
Натурфилософия- табиғат туралы философия (пантеизм, деизм, механикалық материализм)
Гелиоцентристік теория
Әлеуметтік философия: утопиялық социализм теориясы
Реформаторлық философия: протестантизм (М. Лютер)
Жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуының алғышарттары: ғылымдардың дамуы, техниканың дамуы, экономиканың дамуы

Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды
Біріншісі - (Н. Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т. б. ) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе,
екіншісі - (Н. Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса,
үшіншісі - (Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

«Қайта Өрлеу» атауы - адам тәні мен жанынын сұлулығы жоғары бағаланған, дін үстемдігі болмаған антикалық рухани қазынаны қайта өрлету мақсатынан туды.
Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы мен мәдениеті пайда болуының алгышарттары:
Қайта Өрлеу философиясыныц негізгі бағыттары:
1. еңбек құралдары мен өндірістік қатынастардьң жетілдірілуі;
2. феодализмнің дағдарысы;
3. кәсіпкерлік пен сауданың дамуы;
4. қалалардың күшейіп, Шіркеуге тәуелсіз, сауда - кәсіпкерлік, әскери, мәдени саяси орталықтарға айналуы;
5. зайырлы биліктің кушеюі,
6. Европа мемлекеттерінің іріленуі, орталықтануы:
7. алғашқы парламенттердің пайда болуы;
8. ұлы географиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан) ;
9. бүкіл Европада білім деңгейінің жоғарылауы;
10. шіркеу мен схоластиканың (шіркеу философиясын) дағдарысы, өмірден артта қалуы;
11. ғылыми-техникалық жаңалықтар (отты қарудың, порохтың жасалуы, станоктардың, домна пештердің, микроскоптың, т. б. ) .
1. гуманистік
2. неоплатондық
3. натурфилософиялық
4. реформациялық
5. саяси
6. утопиялық

Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты−жөні Николай Кребс болды
Ол Оңтүстік Германияда, Куза қыстағында дүниеге келген, католик шіркеуінің кардиналы болған. Ол әлемнің шексіз екендігін, Жер әлемнің орталығы еместігін және ол әрқашан қозғалыста екендігін айтады. Оның ойынша Жер шар тәрізді және ол дөңгелене қозғалады.
Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т. б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» - деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.

«Рахат және шын игілік туралы» трактатының авторы.
Лоренцо Валла :
1. Шіркеу авторитеттерін әжуалады;
2. схоластиканың жасандылығын, жалғандығын, ойдан шығарылғандығын
әшкереледі;
3. дүние орталығына адамды қойды;
4. адам ақылы мен мүмкіндіктеріне сенім білдірді;
5. аскетизмді терістеді;
6. дүниені өзгертудегі батылдықка, белсенді әрекет пен күреске шақырды;
7. ерлер мен әйелдер теңдігін жақтады;
8. жоғарғы игілік - адамның материалдық кажеттіліктері мен моральдық сұраныстарының, қанағаттануынан туатын күй деп санады.
Лоренцо Валла
(1507-1557) -

Шығармалары : «Әндер кітабы», «Дүниені жеккөру туралы» (лат. тілінде), т. б. Көзқарасы бойынша Дантеге жақын. Сонымен қатар Петрарка әдебиетке, философияға, мәдениетке бейсхоластикалық идеялар ендірді. Ол былай тұжырымдады:
1. адам өмірі ғажайып, айрыкша;
2. адамға өмір бір-ақ рет беріледі;
3. адам Кұдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;
4. адам тұлғасы тәндік жағынан да, рухани жағынан да азат болуға тиіс;
5. адамға таңдау еркіндігі және соған сәйкес өз ойьн білдіру құқысы берілген;
6. адам өзіне, өз күшіне сүйеніп бақытқа жете алады және бақытқа жетуге қажетті мүмкіндіктің бәрі оның өз бойында бар;
7. о дүние деген жоқ, ал ажалсыздыққа адамдар жадында қалу арқылы жетуге болады;
8. адам өзін Құдай жолына құрбан етпей, өмірді сүйіп, раһаттануы керек;
9. адамның сыртқы пішімі мен ішкі дүниесі ғажап сұлу
Франческо Петрарка
(1304-1374)

Неоплатонизм
Платон ілімін жүйелеп, оның ішкі қайшылықтарын жойып, ары қарай дамытуды көздеген философиядағы идеалистік бағыт. XV ғасырда, Қайта Өрлеу дәуірінде неоплатонизм ерекше көркейді. Қайта Өрлеу дәуіріндегі неоплатонизмнің көрнекті өкілдері Николай Кузанский мен Пико делла Мирандола болды.
Неоплатонизм өкілдері:
1. әбден қалыптасып, жүйеленген схоластикалық философияға жаңа, Платон іліміне негізделген философиялык жүйені қарсы қойды;
2. Құдай рөлі азайтыльп, дүниеге дейінгі бастапкы идеялардың мәні үлкейтіліп көрсетілетін дүниенің жана картинасы ұсынылды;
3. адам болмысының, құдіреттілігін мойындады және адамды дербес микрокосмос ретінде карастырды;
4. барлық философиялық бағыттарды қамтып, бәрін біріктіретін жаңа, әлемдік, біртұтас философиялық жүйе жасауға шақырды.

Джованни пикоделла Мирандола
(1463-1494)
Өзіне таныс барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп, “900 тезис’’ деп аталатын эклектикалық шығарма жазды.
Оның еңбегінің басты идеялары:
1. Адамды қоршаған дүниеден бөліп, жоғарылатып, (элементарлық, аспандық және періштелік әлемдерден кейінгі) космостың төртінші дүниесі деп қарастырды;
2. Адамның бостандығын, таңдау еркіндігін мойындады;
3. Барлық философиялық ілімдерді біріктіріп, өзара келісім жолымен “алтын ортаны’’ табуды ұсынды.

Галилео Галилей
(1564-І642жж. )
Галилео Галилей - италиян физигі, математигі, астрономы; ол ғылымда тәжірибелік әдістің негізін қалаушы. Ол Коперник пен Бруноның ілімдерін әрі қарай жалғастырған. «Ғылымның жаңа екі саласына байланысты математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар», «Табиғат туралы кітап», т. б. Еңбектер жазған. Галилейдің ғылымға ашқан екі жаңалығы
1) қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылыңы
2) денелердің құлау заңдылықтары- оның философиялық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті.
Оның пікірінше, философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар, т. б. тәріздес.
Ол 1610 жылы аспанды бақылай отырып Аристотельдің қателіктерін бірден көрді. Айдың беті Жерге ұқсастыңын таниды, онда тауларды көреді. Галилей Юпитердің төрт серігін, Венераның фазасын, Күннің дақтарын ашты.

Николай Коперник- дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.
Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды.
Николай Коперниктің гелиоцентрлік концепциясынан Жердің шар тәріздес екендігі және 24 сағат ішінде өз өсінде айналым жасайтыны дәлелденді.
Николай Коперник (1473-1543)

Ол философиялық танымның мақсаты құдайды емес, табиғатты танып-білу деп есептеді, мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты. Таным теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып, ол сыртқы дүниені, табиғатты бейнелейді деп есептеді. Бірақ ол сезім мен ақыл-ойды бір-біріне қарама-қарсы қойды: сезімдік қабылдау - танымның сенімсіз негізі, тек ақыл-ой ғана нағыз білімнің көзі деп есептеді.
1592 жылдың мамырында инквизиция философты тұтқындайды. 1600 жылдың ақпанына дейін сегіз жылдай азап шеккен Бруноны Римнің Гүлдер алаңында өртеп өлтіреді. Өлер алдында былай деп өсиет қалдырды: «Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола алмайды»
Джордано Бруно
(1548-1600)

1889 жылы оны өртеп жіберген римдегі алаңға ескерткіш тұрғызылған. Онда мынадай жазу бар: «Ол алдын ала болжаған жүз жылдықтан».

Саяси - әлеуметтік бағыттар
Қайта Өрлеу дәуірі үшін адамға қызығушылықпен қатар мемлекет, қоғамдық кұрылыс, Шіркеу мен мемлекеттік институттардың және дінге сенушілердің қатынас мәселесі өткір тұрды. Және осы саладағы көзқарастар Қайта Өрлеу заманының саяси-әлеуметтік философиясында көрініс тапты.

Реформация философиясы 2 ағымға жіктеледі:
1. Бюргерлік - евангелиелік. Бұл бағыттың көшбасшылары (лидерлері) :
М. Лютер
У. Цвингли,
Ж. Кальвин болды.
2. Халықтық Реформация - Т. Мюнцер,
анабаптистер,
дигерлер, т. б. қозғалыстарында көрініс тапты.
Реформация философиясы - католицизмді реформалауды, Шіркеуді демократияландыруды, Құдай, Шіркеу және діндарлар арасында әділетті қатынастар орнатуды көздеді.

Реформация орта ғасырлар кезінде туған. Бұл кезең V-XV ғасырлар арасындағы 1 мың жылдықты қамтиды. Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қасы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырда діни - қоғамдық қозғалыс Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.
Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz