Дөңгелекауыздылардың нерв системасы




Презентация қосу
ҚР Ғылым және Білім Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті
Жаратылыстану және география факультеты

Тақырыбы: Дөңгелекауыздылар класына сипаттама

Орындаған: Жомарт А.
Текерген: Қауынбаева Э.

Алматы 2019 ж.
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі Бөлім
2.1 Дөңгелекауыздылардың нерв системасы
2.2 Дөңгелекауыздылардың зәр шығару
органдары және жыныс бездері
2.3 Миксиналар
2.4 Миногалар
2.5 Біртанаулылар
2.6 Дене құрылысы
Пайдаланылған Әдебиеттер
І Кіріспе
Дөңгелекауыздылар немесе Қапшық желбезектілер (лат. Сyclostomata) – ертеден тіршілік
етіп келе жатқан Жақсүйексіз балықтар тобының жалғыз класы.
Дөңгелекауыздылардың Миксиналар және миногалар деп аталатын 2 отряды, 40-тан
астам түрі қоңыржай белдеулердің тұщы суында, кейбіреулері теңізде тіршілік етеді. Олар
силур кезеңінен белгілі. Пішіні жыланбалыққа ұқсас, денесінің ұзындығы 1 м-ге дейін.
Жалаңаш терісінде қорғаныш қызмет атқаратын шырышты бездері көп. Соруға
бейімделген дөңгелек немесе сопақ түтікше тәрізді ауыз қуысы сақиналы шеміршекпен
қапталған. Дөңгелекауыздылар деп аталуы осыдан. Тілінде мүйізденген тістері болады.
Дене бойымен созылған хорда ішкі қаңқаның қызметін атқарады. 5 – 16 жұптан тұратын
желбезек тесіктері сыртқа жеке-жеке ашылады. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бүйір
сызығы арқылы су ағынын, кедергілерді сезеді. Тыныс алу саңылауы біреу, миксиндердің
басының екі жағында 1 – 15, миногаларда 7 желбезек саңылаулары бар. Арқа қанаты
әдетте екеу, құйрық қанаты – біреу. Дөңгелекауыздылар дара жынысты, жыныс бездері
сыңар және оның арнайы өзектері болмайды. Сырттай ұрықтанады, ұрығының дамуы
суда өтеді. Кей түрлерінің дернәсілі (миногада) 4 – 5 жылдай түрленіп дамиды.
Дөңгелекауыздылардың көпшілік түрі балықтардың экзопаразиті болғандықтан, балық
шаруашылығына зиян келтіреді. Ал миногалардың кәсіптік маңызы зор.
ІІ Негізгі Бөлім
2.1 Дөңгелекауыздылардың нерв системасы
Дөңгелекауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық
(dіепсерһаlоп),ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан
(mуеlепсерһаlоп) тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың
миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған
омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар
болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері
мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.
Мидан 10 жұп нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі болып (арқа және құрсақ)
кеткенімен, бұлар басқа омыртқалылардың нервтері сияқты бір-бірімен косылмайды,
сондыктан ондай нерв аралас нерв болмайды. Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту
органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. Миногаларының қасаң
қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар
жетілген. Иіс органы дараболғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшықша-сының түп
жағынан іші қуыс өсінді шығып, мидын, астынан хорданың бастамасына дейін созылады.
Бұл өсіндінің атқаратын қызметі толық анықталмаған. Шамалы ғана ойыстанған бүйір
сызығының түбінде кезеген нервтің ұштары жатады.
2.2 Дөңгелекауыздылардың зәр шығару органдары және жыныс бездері
Дөңгелекауыздылардың зәр шығару органдары — мезонефрикалық
(теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөліміне
мезонефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару
түтігінің қызметін вольфов каналдарыатқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс
қуысына барып ұштасады.
Дөңгелекауыздылардың жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері
болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып,
денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс
қуысына құйылып, зәртүтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер
қос жынысты болады (гермафродит).
2.3 Миксиналар
Миксиналар(лат. Myxinidae) - омыртқалылардың
дөңгелекауыздылар класының монотипті отрядының
тұқымдасы.
Миксиналар негізінен паразитті тіршілік етуге
бейімделген. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың
қоңыржай және субтропиктік аймақтарда аса терең
емес су айдындарында (тереңдігі 1000 м.) кездеседі. 4
туысқа жатататын 15-тей түрі бар өз 1 метрге дейін
(көбіне майда).
Жұп көкірек, құрсақ және арқа қанаттары болмайды. Танау тесігі – біреу. Бүйірінде
жұтқыншаққа ашылатын 1 – 15 жұп желбезек саңылаулары бар. Ерні жоқ, бірақ
аузы бірнеше етті мұртшалармен көмкерілген, мүйізді тісшелері болады. Мөлдір
тері астында орналасқан көздері нашар дамыған. Ішкі қаңқаның қызметін хорда
атқарады, бас қаңқасы өте қарапайым. Басқа омыртқалылардан ерекшелігі –
бұларда негізгі жүректен басқа қосымша 3 жүрегі бар (басында, бауырында,
құйрығында).
Терісінің астында денесінің ұзына бойына орналасқан шырыш
бөлетін бездері болады. Сырттай ұрықтанады өз. 20 – 25 мм,
мүйізді қатты қабығы бар жұмыртқалар салады. Олардың
әрқайсысының екі ұшында шоқтанып келген ілгекті жіпшелері
болады, сол арқылы бір-бірімен жалғасып, су түбіне бекиді.
Түрленбей дамиды. Бірнеше рет ұрпақ береді. Миксиналар – түнгі
жануарлар. Күндіз су тұнбаларында, тек басының шамалы бөлігін
шығарып, көміліп жатады да, түнде белсенді тіршілік етеді,
көбінесе балық, ұсақ омыртқасыздарды аулайды. Кейде акулаға да
шабуыл жасайды. Сондай-ақ, олар бірнеше ай қорексіз өмір сүре
алады. Миксиналардың кәсіптік маңызы жоқ, кәсіптік балық
аулауға едәуір зиян келтіреді.
Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индня
мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі
миксиндер көбінесе тереңдігі 20— 50 метрге жететін
су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде
500—1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады.
Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері
арқылы ішіне кіріп, олардың терісі меи скелеттерінен
басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе
ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын
тигізеді.
Миксиндер қос жынысты организмдер.
Жұмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді.
Жұмыртқаларыйың сыртын мүйіз тәрізді капсула
қаптап жатады да сонымен қатар ұшы ілмекті
жіпшелері болады. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал
миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.
Миногалар (Тілтістер)
Миногатәрізділер (лат. Petromyzontiformes)
-Жақсүйексіздердің дөңгелекауыздылар класының
отряды. Пішіні миксиналарға ұқсас. Солтүстік және
оңтүстік жарты шардың қоңыржай аймақтарындағы
теңіздер мен тұщы суларда кездеседі. Бұлардың 7 туысқа
жататын 30-дан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 2
туысқа бірігетін 3 түрі бар. Каспий миногасы, Тынық
мұхит миногасы және Сібір миногасы.
Миногаларлардың ұзындығы 15 – 100 см-дей. Жұп жүзбе қанаттары
болмайды. Арқа қанаты – біреу (кейде 2). Аузы түтік тәрізді, оның жиегі тері
шашақпен көмкерілген. Тілінде мүйізденген “тісшелері” болады. Басының
екі бүйірінде желбезек қапшығына ашылатын 7 жұп саңылауы бар. Жалғыз
танау тесігі басының үстінде орналасқан. Көздері жақсы жетілген, танау
тесігінің артқы жағында – жетілмеген 3-көзі болады.
Басқа омыртқалылардан ерекшелігі – бауыры
ішекпен тек дернәсіл кезінде жалғасады.
Түрленуден кейін бұл байланыс үзіледі де, ішкі
секреция қызметін ғана атқарады. 'Миногалар
түрлену арқылы дамиды. Жалғыз жыныс безі
болады. Уылдырығын (0,8 – 200 мыңға дейін)
өзеннің ағысы қатты жерлеріне ін қазып соған
салады. Уылдырығын шашқаннан кейін
ересектері тіршілігін жояды. Миногалардың
дернәсілдері құмқазғыш деп аталады. Олар өзенде
3 – 4 жылдай болады, әрі ересектеріне мүлдем
ұқсамайды, сондықтан оларды 19 ғасырдың
ортасына дейін жеке туыс деп қарастырып келді.
Миногалар 5 – 6 жылдай тіршілік етеді.
Ересек Миногалар – балықтардың паразиті, араларында жыртқыш
түрлері де бар. Бұлар балық шауашығына үлкен зиян келтіреді.
Миногалардың еті дәмді және майлы болады, сондықтан кәсіптік
нысан ретінде ауланады. Май құйғыш (воронка) тәрізді ауызының
айналасы терімен көмкерілген. Көздері жақсы жетілген. Қан айналым
жұйесі жабық. Жүрегі екі камерлі. әлемнің қоңыржай климаттық
бөлігіндегі теңіздер мен тұщы су қоймаларында 20 түрі кездеседі. Тұщы
су және өрістегіш түрлер. Уылдырықтарын шұңқырға салады да,
өледі. Өсімталдыгы 0,8 мыңнан 200 мыңға дейінгі уылдырық.
Личинкалары өзенде, құм қабатында 3-4 жыл өмір сүреді. Жалпы
тіршілік ұзақтығы 5-6 жыл. Көпшілік тілтіс түрлері эктопаразиттер.
Әрі балыктарға жабылып, олардың қалың сорып, етін жеп
кореістенеді. Тілтістер еті жеуге жарамды. ТМД-да 8 түрі бар, оның
ішінде теңіз тілтісі және өзен тілтісі, Балтық тенізінің бассейнінде,
Каспий теңізінін бассейніндегі тілтістер, Каспий теңізі бассейнінде
Миногалардың ауыз
воронкалары: 1–теңіз; 2–
каспий; 3–үштісті; 4–өзен;
5–тынықмұхиттық; 6–сібір
миногалары; а–жоғарғы жақ
пластинкасы; б–төменгі жақ
пластинкасы; в–бүйірлік
орта ерін тістері; г–төменгі
ерін тістері
2.5 Біртанаулылар
Біртанаулылар - дөңгелекауыздылар класының отряды. Дене
тұрқы 50-60 см. арқа жүзу қанаты болмайды. Желбезек
саңылауларының саны 1-15. Көзі тері астында орналасқан. Қан
тасымалдау жүйесі тұйықталмаған. Субтропиктік және қоңыржай
белдеулердің теңіздерінде мекендейді. Отряд құрамына 20-ға
тарта түр бар. Барлық біртанаулылар - жыртқыштар немесе
паразиттер. Бұрғы тәрізді тілінің көмегімен балықтың денесіне
еніп, бұлшықеттері мен ішкі мүшелерін жейді. 20-30 уылдырық
салып, оларды су астындағы заттарға бекітеді уылдырығын жазда
шашады. Дернәсілдері түрленбей тура дамыды. Кәсіптік маңызы
жоқ. Денесінен көптеп шырышты зат бөліп шығарады. Кейбір
аудандарда балық шаруашылығына зиянын тигізеді.
2.6 ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен:
бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық
қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан,
оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған
басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ
ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді
клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады.
Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал
миксиндерде басынын, алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр —
жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да
сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады. Денесінің арқа және
құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып
жатқан миомер-лерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар
арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы мен тіл сақиналы
еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген.
Пайдаланылған Әдебиеттер

1. https://kk.wikipedia
2. https://howlingpixel.com/i-kk
3. https://referattar.kazaksha.info
4. https://lektsii.org

Ұқсас жұмыстар
Бас көкіректің аяқ - қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары
Сиыр цепенінің өмірлік циклі
ОМЫРТҚАЛЫ ЖӘНЕ ОМЫРТҚАСЫЗДА РДЫҢ БАС МИЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА
Шеміршекті балықтар
Қолданбалы жүйелік программалар
Торлы құрылымның физиологиясы
Оптикалық құралдар
Жазықтықтағы аналитикалық геометрияның элементтері
Омыртқалылар
Аксиомалар системасының интерпретациясы
Пәндер