Тіл білімінің салалары


Slide 1

Тілдің анықтамасы және оның тарихи даму заңдылықтары, тілдің табиғаты

Slide 2

Тіл білімі және оның салалары

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны

Тілдің пайда болуы, дамуы

Тілдің қоғамдық сипаты

Тілдің табиғаты

Slide 3 Slide 4

Tіл білімі немесе лингвистика-тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл - қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге, мысалы, фонетика саласы сипаттама фонетика, са-лыстырмалы-тарихи фонетика, экспериментальды фонетика және т. б. болып бөлінеді.

Slide 5

Тіл білімінің салалары

Лексика - тілдегі сөздердің мағыналарын, сөздің құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылуын зерттейтін сала.

Стилистика - тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін сала,

Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Ол сөулеудің қалыптасу ережелерін зерттейді.

Морфология - сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін сала.

Сөзжасам - жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін сала.

Грамматика - сөз таптарды, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

Фонетика - тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.

Slide 6

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.

Тіл байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

Slide 7

Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары. Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.

Slide 8

э

Тіл білімі - қоғамдық ғылымдарымен байланысады

тарих

этнография

психология

археология

әдебиеттану

педагогика

логика

философия

Slide 9

Тіл білімі - жаратылыстану ғылымдарымен байланысады

физика

математика

кибернетика

география

физиология

Slide 10

Тілдің пайда болуы, дамуы

Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі - жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір -бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға - алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады.

Тіл білімі ғылым ретінде пайда болудан көп замандар бұрын тілдің және ойлаудың шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын аударған болатын. Ғасырлар бойында бұл мәселе туралы философтар мен социологтар, психологтар мен лингвистер түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан түрлі байымдаулар жасап келді.

Тіл қоғамдық құбылыс . Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына тікелей байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихы мен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.

Slide 11 Slide 12

Тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде, адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі - қатынас құралы болуынан келіп туады.

Тілдің қоғамдық сипаты

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Жалпылама тіл білімі
Тіл теориясы
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
Тіл біліміне кіріспе
Тіл білімі және оның салалары
Тіл философиясының теориясы
Грамматикалық мағына
Тіл білімі және оның объектісі
Ғалымдардың фонетикаға қатысты зерттеулері
Грек тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz