Енгізу құрылғысы




Презентация қосу
ЭЕМ
ОРЫНДАҒАН :АЛХАРОВ БЕКЗАТ
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та , олар бір - біріне ұқсас
принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1.Орталық процессор;
2.Енгізу құрылғысы ;
3.Есте сақтау құрылғысы ;
4.Шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін
орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп
аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты
бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс
нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін
қолданылады.
1 — Монитор, 2 —
Аналық тақша, 3 —
Орталық процессор, 4 —
Жедел жад, 5 —
Кеңейтілім картасы, 6 —
Қоректендіру блогы, 7
— Оптикалық привод, 8
— Қатқыл диск, 9 —
тышқан, 10 —
Пернетақта.
Жүйелік блок - Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге
арналған монитор немесе дисплей
Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе
пернелік
Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің
басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында
микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену
блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.
Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды
қосуға болады: мәтіндік және графикалық информацияларды басып
шығаруға арналған принтер.Графикалық курсормен басқарылатын
құрылғы- “тышқан” графикалық қолтетігі
•джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын
тетік
•графиксызғыш немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға
шығаруға арналған құрылғы;
•сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға
арналған оптикалық құрылғы;
•CD-ROM – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын
бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен
пайдаланылады;
•модем – телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация
алмасуға арналған құрылғы;
•стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;
п роц е с сор
Микро
Микропроцессор бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық
темелар – БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент
болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп
программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы
микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару
жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге
жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.
IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа да
фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.
Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде
(модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс
жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц - МГц бірлігімен берілген
тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр
л жа ды
Оперативті
есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады
жеде (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM)
ЭЕМ -нің компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор
жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті
кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан
(магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс
мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек
кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң
олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта
информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет
ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток
өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам
өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы
үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол
өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта
жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың
көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі
программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе
компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін
қажет.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-
жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың
жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Процессордан бөлек компьютер құрамында:
• ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және
олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);
• Енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш,
тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс
құрылғылары түрінде болады.
Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылары мен байланыс жасайтын
арнайы порттан және шеткері құрылғыларымен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.)
байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы
порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып
белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам
істейді, бірақ байланасу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен
жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы
байланысатын порт тізбекті түрге жатады).
д апт е рле р
т ік а
График
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел
жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер
монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне
байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса
графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды
көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың
өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық
схемалар орналасқан.
Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй
өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру
керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады
(барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал
графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік
блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және
SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары.
Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір
жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе
одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытты 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның
әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті
немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады.
Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм=2,54см) бойынша жасалады,
үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм – диагоналі бойынша 54см-ге
дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16млн-нан бірнеше
ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді.
Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын)
анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 түспен, EGA – 64 түспен, VGA – 256
түске дейін, ал SVGA – млн-нан аса түстермен жұмыс істе алады. Бірақ символдық
рнжимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданылады.
Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік
информациямен жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды символдық монитор жеткілікті.
Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстарымен айналасу қажет болса, онда түрлі
түсті графикалық монитор қажет болады. Бірақ көптеген программалармен жұмыс істеу
кезінде түрлі түсті графикалық мониторды қолданған өте ыңғайлы екенін еске сақтаған
жөн.
отт е рле р
е р ме н п л
и нт е рл
Пр
Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан
қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола
береді.
Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін
пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі
әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады.
Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және
басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес
күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар
(стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін)
түрлері бар.
Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер
жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен
әлдеқайда үлкен болып,мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек
компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен
анықталады.Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып,
қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты
мәтін беттерге бөлінеді.
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады,
соған байланысты олардың көптеген модельдері бар. Қазіргі кезде принтерлердің
матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге дейін ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер
болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде
бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып
отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, олардың сапасы орташа болады:
сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға
қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық
принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400
символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан
ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді
(қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі
жағдай болуы ықтимал:
а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан
принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі
әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен
(PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса,
онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет.
ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді
принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктну керек. Принтерді
немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы
шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап
тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі
дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы
қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.
Лазерлік принтерлер – ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады, бұларды
әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі.
Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер коандалары арқылы
лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге
дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар саасы жоғары болады. Сонымен,
лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары-
орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере
алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға
шығарады.
График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж)
түріндегі бейнелерін басып ылу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де
сызу сапасына қарай бірнеше топтрға жіктеледі.
ы л ғыл а ры
енгі зу құр
фо рма ция
ьютер ге ин
Комп
Пернетақта.ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі
құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы
мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар
енгізіп орындауға болады.
Тышқан тәрізді қол тетік” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді
басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам
жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3
батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті
орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене
тетік.
Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің
кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық
негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе
алатын құрылғы.
Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып,
оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол
суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе
алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің базалық элементтері
Ақпаратты енгізу құрылғылары
Paint графиктік редакторының құралдары
Дербес ЭЕМ-нің элементік базасы
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары туралы ақпарат
Шеткері құрылғылары
Дербес электронды есептеу машинасының архитектурасы
ЭЕМ сәулеті
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫСЛАРЫ
Бағдарламалаудың көпдеңгейлі кестесі
Пәндер