Парциалды қысым



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Презентация
Тақырыбы: Газ қысымы. Парциалды қысым. Манометрлер. Атмосфералық қысым.
Орындаған: Көшен А.
Тобы: 101 “А” ФӨТ
Қабылдаған: Махамбетова М.

Газ қысымы
Газдың қысымы-газдардың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы, олар өздері тұрған ыдыстың көлемін түгел алып тұратыны туралы өткен такырыптардан білесіңдер. Мысалы, газ болат баллонның, автомобиль шинасының немесе волейбол добы камерасының және сол сияқты тағы да басқа ыдыстардың ішіне түгел жайылады. Сонда газ осы өзі орналасқан кез келген ыдыстың кабырғасына кысым түсіреді. Газ молекулалары үлкен жылдамдықпен ретсіз қозғалып жүретіні белгілі. Сонда олар бір-бірімен әрі өзі тұрған ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады . Газдың молекулалары өте көп, сондықтан олардың соқтығысу саны да көп.

Тәжірибе
Газ шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіреді.

Газдың массасы мен көлемін кішірейтсе,
оның қысым артады,
ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.

1801 ж. Дальтон заңы газ қоспасының қысымын және жеке компоненттердің жалпы қысымға беретін нақты «үлесін» анықтады.
Өмірде біз таза газды емес, газ қоспасын кездестіреміз. Мысалы, ауа азоттан, оттектен, көмірқышқыл газынан және басқа да көптеген газ қоспасынан тұрады.
Дальтон осындай газ қоспасының қысымын анықтауды мақсат етті.
Бұл үшін парциал (үлестік) қысым деген жаңа ұғымды енгізді.
Парциалдық қысым
1766-1844 жж
ағылшын физигі
және химигі
Джон ДАЛЬТОН (Dalton),

Парциал қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі алатын кездегі қысымды атайды.
Дальтон газ қоспасының қысымы осы газ қоспаcына кіретін барлық газдардың парциал (үлестік) қысымдарының қосындысына тең болатынын тағайындады, яғни
p = p1 + p2 + ……. + pn.
P = PN2 + PO2 + PAr
P = 0, 78 атм + 0, 21атм+ 0, 01атм = 1атм

Газ қоспасында әрбір газдың парциал қысымы берілген қоспа құрамындағы молекула санына пропорционал болады. Осыған байланысты газ қоспасының парциал қысымы олардың концентрациясының өлшемі болып табылады.

Газ тәрізді заттар қатынасында жүретін қайтымды реакцияларда концентрация мен қысым арасында байланыс болады. Газ қоспасының жалпы қысымы әрбір жеке газдың парциал қысымының жиынтық қосындысы болып табылады.
Парциал қысым ұғымы арқылы газ қоспасының құрамына еніп отырған газдың қысымы, оның осы берілген температурада алатын көлемі газ қоспасының алатын көлеміне тең екендігі анықталды.

Газ қоспалары мен парциал қысым
Көптеген газ тәрізді заттар таза түрінде емес, қоспа түрінде болады.
Мысалы, құрғақ ауа құрамында азот, оттек, аргон, көміртек диоксиді, және т. б. қоспалар кездеседі. Идеал газда молекулалар бір - бірімен қарым- қатынасқа түспегендіктен, идеал газ қоспасындағы компоненттер басқаларына тәуелді болады.

Газ қоспалары мен парциал қысым
Мысалы, ауадағы азот молекуласы белгілі бір қысымда - 78%, жалпы қысымда - басқа газ қоспаларының болуына тәуелді болады. Соған ұқсас ауадағы оттегі молекуласы белгілі бір қысымда - 21% жалпы қысымда басқа газ қоспаларының болуына тәуелді болады. Газ қоспасындағы кез келген жеке компоненттің қысымын сол қысымның парциалдық қысымы деп аталып және ол әр газ компонентінен тәуелсіз әрекет етеді де, осы арқылы идеал газ заңдары анықталады.

Манометрлер
Манометр- сирек, тығыз емес - сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор. Манометрлердің көптеген түрлері бар, мысалы, дифманометр, сфигманометр, бурдон манометрі, қарапайым ашық сұйық манометр, т. б. Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т. б. ) градуирленген. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің) құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік (поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, сильфондық) болады. Сондай-ақ, көрсетуі тікелей саналатын немесе тіркелетін, жұмысы әр түрлі заттардың физикалық қасиеттерінің қысым әсерінен өзгеруін өлшеуге негізделген манометрлер де қолданылады. Әр түрлі технологиялық процестерді бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде пневматикалық немесе электрлік шығу сигналдары үйлестірілген шкаласыз манометрлер пайдаланылады.


Сфигманометр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz