Өртке қарсы шаралар




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
фармацевтика академиясы

Презентация
Тақырыбы: Өртке қарсы шаралар

Орындаған: Көшен А.
Тобы: 101 “А” ФӨТ
Қабылдаған: Жақсылықкеліні Ұ.
Өрт деген не?
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке
зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін,
қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және
басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.)
бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған
жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру
жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей
қатысатын азамат.
Өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде
және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға
қатысу нысаны.
Өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару
органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы
(республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының
күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны
сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы
құрылымдардың жиынтығы.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкiлеттi
органның өз құзыретi шегiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан
Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi
қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын
қамтамасыз етуге бағытталған қызметi.
Қоныстану аумағы - елдi мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық
ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және
өнеркәсiптiк объектiлердi орналастыруға арналған бөлiгi.
Өртке қарсы шаралар режимi - өрт қауiпсiздiгi талаптарының
бұзылуына жол берiлмеуiн және өрттiң сөндiрiлуiн қамтамасыз ететiн
азаматтардың мiнез-құлық ережелерi, өндiрiстiк және шаруашылық
қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-
жайларды (аумақтарды), өндiрiстiк және арнаулы жабдықтарды күтiп
ұстау шарттары.
Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген
әлеуметтiк және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар.
Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес белгiленген өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе
тиiсiнше орындамау.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету
адамдардың өмiрi
мен денсаулығын,
меншiктi, ұлттық
байлық пен
қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк
қызметтiң
ажырамас бөлiгi
болып табылады.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi
принциптерi:
- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын,
меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;
- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-
ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына
оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа
қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек
көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi
әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен
мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге
келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.
Жарылыс және өрт қауіпі бойынша барлық өнеркәсіп
орындары 6 категорияға: А, Б, В, Г, Д, Е. Әсіресе А
категориясына жататын мұнай өңдейтін және химиялық
кәсіпорындар, мұнай өнімдерінің қоймасы, газ шаруашылығы
және т.б. жатады; көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант опасы
даярлайтын және тасымалдайтын цехтар, сондай-ақ Б
категориясына жататын өзгеде нысандар мен ағаш кесуі,
ағаш өңдеу, ұста, ағаш ыдыс өндірісі және В категориясына
жататын өзге нысандар қауіпті.
Бүкіл құрылыс материалдары 3 топқа бөлінеді:

Жанбайтын – бұл өрттің немесе жоғары температураның
ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістембейтін
материалдар.

Қиын жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның
ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын немесе үгілетін және
от көзі болған жағдайда жануын жалғастыратын, ол жоқ
жағдайда жануын немесе иістенетуін тоқтататын мат-р.

Жанатын – бұл оттың немесе жоғары температураның
ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін
жойылғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін
материалдар.
Өрттен сақтандыруға былайша қол жеткізіледі:
өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу, енгізу және бақылау;
жасалған объектілердің өрт қауіпсіздігін ескере отырып
құрастыру мен жобалауды енгізу;
өртке қарсы құралдарды жетілдіру және әзірлікке ұстау;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын,
ұйымдарды, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды,
техникалық өрт тексерістерінен тұрақты өткізу;
халық арасында техникалық – өрт білімін насихаттау.
Өрт сөндiру-техникалық өнiмi - өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге
арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлiк
өнiмi, соның iшiнде өрт сөндiру техникасы мен жабдығы, өрт сөндiру
құралдары, от сөндiретiн және оттан қорғайтын заттар, арнаулы
байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына
арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттiң алдын
алу мен сөндiрудiң өзге де құралдары.
Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі
Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:
қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);
табельдік (өртсөндіргіш, балта, шелек).
Өртсөндіргіштер – өрттің пайда болуы сатысында оны
сөндіруге арналған техникалық құрылғы.
Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының
көлеміне, өртсөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу
қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.
Өртсөндіргіш құралдары түрі бойынша: сұйық, көбіне
көмірқышқылды, аэрозольды (хладонды), ұнтақты құрамы.
Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады.
Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы
көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе
бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Тиімді өрт сөндіруші
заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың
булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын
төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші
жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді.
Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да
пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті
сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады.
Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және
көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық
құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне
шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт
қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт
сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт
қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол
кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік
пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен
қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт
өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң
көбiк атқылау мерзiмi 60 см.
Ескерту!!!
Әрбір тосын жағдайда шақыратын 01 – өрт қызметі
телефон нөмірін білуге тиіс.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу:
Өртке қарсы жүйе
Орман өрттері
Мал азығын дайынду технологиясы
Өрт сөндіргіштер
Өрт сөндіру техникасы
Көбікпен өрт сөндіру
Құрылымды қорғаныс
Өрт сөндіру қауіпсіздігі
Өртке қарсы қабырғалар
Пәндер